2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Cарқан ауданында бүгінгі күнге мүгедектігі бар адамдар саны- 1296.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар саны- 97;
Екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар саны- 530;
Үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар саны- 472;
Мүгедектігі бар балалар саны- 197, оның ішінде:
7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны- 59;
16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны- 138.
Мүгедектігі бар адамдардың оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес:
* Протездік-ортопедиялық бұйымдармен – 50 адам;
* Міндетті гигиеналық бұйымдармен – 86 адам;
* Тифло-сурдотехникалық құралдармен – 15 адам;
* Кресло-арбамен – 15 адам;
* Санаторий-курорттық емделумен – 145 адам;
* Ымдау тілі маманы қызметімен – 9 адам;
* Жеке көмекші қызметімен – 18 адам қамтамасыз етілді.
Инватакси қызметі бойынша:
68 мүгедектігі бар адамға 3540 рет қызмет көрсетілді.
Әлеуметтік көмек бойынша:
2026 жылға:
* Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК):
* Жергілікті бюджеттен 165 млн 715 мың теңге қарастырылған.
* 2026 жылдың қаңтар-шілде айына 182 отбасына (968 адам) 101 млн 286 мың 329 теңге төленді.
Тамыз айына – 4 отбасының – 21 азаматына 362 мың 944 теңге тағайындалды.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша:
* Ауған соғысына қатысқан 35 адамға – 7 млн 557 мың 750 теңге;
* Чернобыль апатына қатысқан 9 адамға - 1 млн 946 мың теңге;
* Таулы Қарабах қақтығысына қатысқан 6 адамға - 1 млн 297 мың теңге;
* Тәжік-Ауған учаскесінде міндеттерін орындаған 14 азаматқа - 3 млн 027 мың теңге;
* 120 тыл ардагерлеріне – 13 млн 494 мың теңге;
* Туберкулез ауруына шалдыққан 26 адамға – 2 млн 240 мың 350 теңге;
*Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін балалары бар отбасылардың 77 балаларына – 3 млн 473 мың 196 теңге;
* Бас бостандығынан босатылған және пробация есебіндегі 5 адамға – 324 мың 375 теңге төленді.
Инфрақұрылым бойынша:
2026 жылға:
*5 нысан (Денсаулық сақтау - Тасқұдық ДА, Қарауылтөбе ДА, Қарғалы ФАП, Сарқан ауданының Черкасск тарихи музейі Черкасск ауданы, Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі Лепсі ауылында) бейімдеу жұмыстарымен қамтамасыз етілді, 3 мекемеде (Лепсі музейі, Ағарту бастауыш мектебі, Тасқұдық орта мектебі, АҚ «Казахтелеком») жұмыс жүргізіліп жатыр.
* 15 жеке нысанға қайталанып 210 рет хабарлама берілді;
* 31 нысанға пандус орнатылған;
* inva.gov.kz сайтындағы 16 нысанға бейімдеу жұмыстарына қаражат қарастырылмады.
Мүгедектігі бар балаларға көмек:
Үйде оқытылатын мүгедек балаларға:
*39 балаға – 2 тоқсанына 2 млн 237 мың 480 теңгеге материалдық көмек төленді.
Қорғаншылық бойынша:
*6 әрекетке қабілетсіз азаматқа қорғаншы тағайындалды;
*4 азаматқа қорғаншылық тоқтатылды;
*4 азаматқа банк шотын ашуға рұқсат берілді.
* 148 еңбек иммигранттарына рұқсат берілді.
Әлеуметтік қызмет алушылар:
Үйде әлеуметтік қызмет көрсетілуде:
*39 мүгедек балаға, оның ішінде:
* психоневрологиялық ауытқуы бар – 16;
* тірек-қимыл аппараты бұзылған – 11;
* 18 жастан асқан мүгедектер – 12.
Жалғызбасты қарттар мен мүгедектер:
*119 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілуде.