Маржанбұлақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың даму бағдарламасы 2026-2028 жылдар

    ·

    Жергілікті қоғамдастық жиналысы

    «16» қаңтар 2026 ж. № 2

    хаттамасымен бекітілген

    ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Маржанбұлақ ауылдық округі

    _____________________________________________________________

    (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, селолық округ атауы)

    Ақтөбе облысы Алға ауданы

    _______________________________________________________________

    (Облыс және аудан атауы)

    2026-2028 жылдар

    Жасаған:

    «Ақтөбе облысы Алға ауданы

    Маржанбұлақ ауылдық

    округі әкімінің аппараты» ММ

    ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

    Бағдарламаның атауы

    2026-2028 жылдарға арналған Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінің даму бағдарламасы

    Негізгі сипаттамалары

    - Маржанбұлақ ауылдық округі 1903 жылы құрылды;

    - Халық саны – 3984 адам;

    - Ауылдық округ құрамына кіретін ауылдардың саны және атауы: 2(бірлік) Маржанбұлақ ауылы, Қайыңдысай ауылы.

    - Аумағы: 64380 га.

    - Жергілікті қоғамдастық жиналыс мүшелерінің құрылған күні және өкілеттік мерзімі: 2022 ж., 3жыл

    - Жергілікті қоғамдастық жиналыс мүшелерінің саны: 31

    АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

    2.1. Маржанбұлақ ауылдық округін дамыту

    Маржанбұлақ ауылдық округіне жақын жердегі елді-мекендер мен ауыл тұрғындарына қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін, 2026-2028 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (әрі қарай - бағдарлама) қарастырылған. Бағдарлама экономикалық қызметтерді, коммуналдық қызметтерді, жұмыссыздықтың төмендеуін, жаңа жұмыс орындарын құру, ауылды көркейту, санитарлық тазалықты сақтау және т.б. мәселелерін қозғайды.

    2026 ж. 1 қаңтарынан бастап халқы 3984 адамды құрайды. Оның ішінде Маржанбұлақ а. – 3707 (адам), Қайындысай а. – 277 (адам), үй саны (аула) – 1191 (Маржанбұлақ- 1110, Қайындысай – 81).

    Ауыл шаруашылығы

    Мал саны:

    Маржанбұлақ ауылдық округі

    Ірі қара мал

    жылқы

    Қой, ешкі

    шошқа

    құс

    түйе

    Үй қояны

    Маржанбұлақ а.

    3988

    1859

    6178

    0

    3383

    15

    0

    Қайындысай а.

    203

    114

    953

    0

    999

    0

    0

    Барлығы

    4191

    1973

    7131

    0

    4382

    15

    0

    Шаруашылық жүргізуші субъектілер саны, барлығы 197 (бірлік), оның ішінде: ЖШС – 10, ШҚ-43 ; АӨК-2; ЖК- 142; Маржанбұлақ а. ЖШС – 6, ШҚ – 27, АӨК-0; ЖК- 135; Қайындысай а. ЖШС –4, ШҚ –5, ЖК-4, АӨК-1; Қарағандысай қыстағында ШҚ – 11, АӨК-1. ЖК – 3. Шаруа қожалықтарының негізгі қызмет түрі – мал шаруашылығы.

    Тіркелген ауыл шаруашылық техникасы 167 (бірлік): Маржанбұлақ ауылдық округінде трактор 82, басқа техника – 85.

    Қызмет көрсету нысандары, барлығы 24 (бірлік) оның ішінде (сауда нысандары - 17, қызмет көрсету нысандары – 5); Маржанбұлақ а. - 22 (сауда нысандары – 15, қызмет көрсету нысандары – 5 (бір); Қайындысай а. барлығы- 2, оның ішінде (сауда нысандары 2).

    Жер ресурстары

    Жалпы аумағы - 64380 (га), оның ішінде Маржанбұлақ а. – 29521 (га), Қайындысай а. – 21059 (га), Қарағандысай қыстағы - 13800 (га).

    Ауыл шаруашылы бағыттағы жерлер, барлығы 52286 (га), оның ішінде Маржанбұлақ а. – 24711 (га), Қайындысай а. – 16740 (га), Қарғандысай қыстағы – 10835 (га).

    Денсаулық сақтау нысандары

    Медициналық мекемелер 2(бірлік), оның ішінде: ДА -1 Маржанбұлақ а-да (салынған жылы 2025 жылы қазан айында пайдалануға берілді); МП – 1 (бірлік) (Қайындысай а. салынған жылы 2017, типтік). Телефон жүргізілген нысандар – 0, жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген – 1. Медициналық қызметкерлер саны: 11 (адам), оның ішінде 3 (дәрігер), орта медициналық қызметкерлер саны 8 (адам).

    Білім нысандары – 5 бірлік, орта мектеп – 2, негізгі мектеп – 1, бала бақша – 2.

    Маржанбұлақ а. ОМ – салынған жылы 1987, типтік, жобалық қуаты 392 адам, мектеп жанында 94 бала тәрбиеленетін шағын орталық бар. Соңғы рет күрделі жөндеуден өтті 2012 жылы. №2 Маржанбұлақ орта мектебі – салынған жылы 2023 (қаржыландыру көлемі 918,4), типтік, жобалық қуаты 300 адам. Қайындысай а. НМ– салынған жылы 2012 жобалық қуаты 100 адам, типтік, мектеп жанында 14 бала тәрбиеленетін шағын орталық бар. Балабақша – «Балапан» Маржанбұлақ балабақшасы, салынған жылы –2006 ж., типтік, 80 бала тәрбиеленуде. «Айым» балабақшасы (жеке), салынған жылы – 2021ж., типтік, 120 бала тәрбиеленуде. Компьютерленген нысандар - 5, Интернет желісімен қамтамасыз етілген – 5.

    Сумен қамтамасыз ету

    Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген АЕМ саны– 2 (Маржанбұлақ, Қайындысай а.), орталық сумен қамтылмаған – 1 (Қарағандысай а.) барлығы санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Жерасты артезиан сулары – ауыз судың негізгі көзі.

    Ауылдық жолдар

    Ауылдық округ орталығын аудан орталығымен байланыстыратын автокөлік жолының ұзындығы - 75 км, қатты жабынды – 75 км.

    Байланыс

    Пошта бөлімшесі 1 (бірлік), АЕМ саны телефон байланысымен қамтылған - 1, тел.ном.саны Маржанбұлақ а. – 11, оның ішінде заңды тұлғалар ном. 3, Қайындысай а. – 0. Ұялы байланыс желілерінің барлық түрі қолданылады.

    Электрмен қамтамасыз ету

    Орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген АЕМ саны – 3, қамтылмаған – 0. КТП, ТП саны - 25.

    Газдандыру

    Табиғи газбен қамтылған – 2 АЕМ.

    Мәдениет

    Клуб саны 1 (бірлік), кітапхана 1 (бірлік)

    Спорт

    Стадион 0, футбол алаңы – 1 бірлік, спорт залы – 4 бірлік (Маржанбұлақ ОМ (2), №2 Маржанбұлақ ОМ және Қайыңдысай НМ)

    Қоғамдық қауіпсіздік

    Учаскелік полиция бөлімшесі -1, оның ішінде интернет желісімен қамтамасыз етілген -1, полиция инспекторларының саны - 2 адам.

    Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту

    2014 жылы ауылдық округте жергілікті қауымдастық құрылды. Төрағасы, мүшелері, оның ішінде комиссия мүшелері сайланды. 2025 жылы 10 түрлі салық түрінен 28 млн 589 мың теңге және салықтық емес түсімдерден 318 мың теңге көлемінде қаражат түсті.

    2.2.Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

    Проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы:

    • абаттандыру және көгалдандыру;
    • мұқтаж азаматтардың үйлеріне әлеуметтік көмек көрсету;
    • елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және т. б.;
    • ауылішілік автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізу.

    ІІІ. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

    Іс-шаралар атауы

    Аяқтаунысаны

    Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

    Қаржыландыру көзі

    Іске асыру мерзімі

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    І. БІЛІМ БЕРУ

    1.1

    ІІ.ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

    2.1

    ІІІ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

    3.1

    ІV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

    Іс-шаралар атауы

    Аяқтау нысаны

    Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

    Қаржыландыру көзі

    Іске асыру мерзімі

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    4.1

    Көшелерді жарықтандыру

    2026 ж. желтоқсан

    60 799

    ЖБ

    2026 ж. жыл бойы

    4.2

    Көшелерді жарықтандыру

    2027 ж. желтоқсан

    65 056

    ЖБ

    2027 ж. жыл бойы

    4.3

    Көшелерді жарықтандыру

    2028 ж. желтоқсан

    69 609

    ЖБ

    2028 ж. жыл бойы

    1. МӘДЕНИЕТ. СПОРТ. ТУРИЗМ

    5.1

    VІ. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

    Іс-шаралар атауы

    Аяқтау нысаны

    Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

    Қаржыландыру көзі

    Іске асыру мерзімі

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    6.1

    Ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

    2026ж. желтоқсан

    103 285

    ЖБ

    2026 ж. жыл бойы

    6.2

    Ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

    2027 ж. желтоқсан

    91 500

    ЖБ

    2027 ж. жыл бойы

    6.3

    Ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

    2028 ж. желтоқсан

    98 027

    ЖБ

    2028 ж. жыл бойы

    6.4

    Алға ауданы, Қайыңдысай ауылының ауылішілік жолдарына құм-қиыршық тас пен щебень төсеу жұмыстары

    2026 жыл тамыз

    18 423

    АБ

    2026 жыл тамыз

    VІІ. БАСҚАЛАР

    Іс-шаралар атауы

    Аяқтау нысаны

    Қаржыландыру көлемі (теңге мың)

    Қаржыландыру көзі

    Іске асыру мерзімі

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7.1

    Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында балалар ойын алаңы мен Street workout алаңын орнату

    2026 жыл шілде

    17 890

    АБ

    2026 жыл

    Ескерту: «Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ жоғарыда аталған іс-шаралардың іске асырылуына жауапты.

    Маржанбұлақ ауылдық округі әкімі М.А.Еламан

    Жүктеу
    2966f986951d345d0cbb02c2d2e87fb2_original.31657.docx
    DOCX · 31 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    НҚА

    Алға аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №369 шешіміне өзгерістер енгізу туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    Алға аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №369 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы Маржанбұлақ ауылдық округі әкі...

    Жарияланды: