Баспасөз аңдатпасы

    Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері

    «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

    Әр қазақстандықтың зейнетақы жинақтары – тиімді басқаруға болатын қаржылық ресурс. «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшылары өз жинақтарының кірістілігіне дербес ықпал ете алады. Ол үшін зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы активтерін кіріс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валютаға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.

    БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Жыл басынан бері Қор 600 мың адамды қамтыған 30 мыңға жуық ақпараттық кездесу өткізді, сондай-ақ 220 мыңнан астам өтінішті қарады.

    2026 жылғы 11 қыркүйекте сағат 11-00 «БЖЗҚ» АҚ барша ниет білдірушілерді «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы» тақырыбында өтетін кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады. Іс-шара офлайн форматта өтеді.

    Өткізілетін мекенжайы: Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы көшесі, Желтоқсан көшесі, 59 "Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "№3 Байзақ колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимараты.

    Кездесу барысында Сіз:

    • ҚР Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты салымшылар үшін қандай мүмкіндіктер пайда болғанын;
    • ИПБ қандай қызметтер ұсынатынын;
    • ИПБ-ны қалай таңдауға және зейнетақы жинақтарын оған қалай беруге болатынын;
    • зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына берген кездегі оларды қорғау тетіктерін;
    • бірыңғай ақпараттық интернет-платформа – enpf.kz сайтын пайдалану тәсілдері мен оның артықшылықтары туралы білесіз.

    Сонымен қатар БЖЗҚ мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер бойынша жеке кеңестерін ұсынады.

    Барша ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысып, зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктері туралы өзекті әрі сенімді ақпарат алуға шақырамыз.

    «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!

    Жүктеу
    8164feef5b9d8151a8b7d6b5018700d8_original.14526.docx
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    «Qazaqgaz» Разведка и добыча" ЖШС

    Орналастыру күні Хабарландыру 11.09.2026ж. Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat) Жамбыл облысы, Тараз қаласында орнал...

    Хабарландыру

    «DAMELY CORP» ЖШС

    Орналастыру күні Хабарландыру 11.09.2026ж. Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat) «Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қа...

    Хабарландыру

    «GES MYRZATAI» ЖШС

    Орналастыру күні Хабарландыру 11.09.2026ж. Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat) «GES MYRZATAI» ЖШС-нің Жамбыл облысы...

    Хабарландыру

    ""Медео"" ЖШС №260819001008

    Орналастыру күні Хабарландыру тіркеу:№260819001008Жоба бойынша: Жамбыл облысы Шу ауданындағы Ворошилов кен орнының құм өндіру операциясының салдарын жою жоспарыҚоғамдық тыңдаулардың негізі: кодекстің 87-бабының 2) тарма...

    Хабарландыру

    ""Разия-Д"" ЖШС №260821001009

    Орналастыру күні Хабарландыру тіркеу№:№260821001009""Қоршаған ортаны қорғау "бөлімі Жамбыл облысы Шу ауданындағы" Қайнар " құрылыс тасы кен орнында өндіруге байланысты қызметтің салдарын жою жоспарынаҚоғамдық тыңдаулард...

    Хабарландыру

    ""ГПК Казфосфат"" ЖШС №26271731001

    Орналастыру күні Хабарландыру «ГПК Казфосфат» ЖШС-і төмендегі жобалар бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды:«Шолақтау» өндірістік алаңына Рұқсат етілген шығарындылар нормативтері...

    Хабарландыру

    ""ГПК Казфосфат"" ЖШС №26361731001

    Орналастыру күні Хабарландыру «ГПК Казфосфат» ЖШС-і төмендегі жобалар бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды:«Ақсай» өндірістік алаңына Рұқсат етілген шығарындылар нормативтері, Р...

    Хабарландыру

    ""Qazaq Soda (Казах Сода)"" ЖШС №26282131002

    Орналастыру күні Хабарландыру «Qazaq Soda (Казах Сода)» ЖШС 2026 жылы 7 қазанда сағат 11:00-де Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам а.о., Саудакент а., Қырыкбай Асанов көшесі 7 мекенжайында, «Жамбыл облысы Сарысу ауда...