Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасында мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының талаптарын түсіндіру бойынша жиналыс өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.