“Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және оған бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша анықтама

    ·

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Қарағанды қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Ж.Б. Ысқақовтың 2026 жылғы 4 тамыздағы № 67-н бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

    Объектінің толық атауы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

    1.Қарағанды қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім).

    2026 жылғы қаңтар – тамыз аралығында жұмыс тобы Бөлімнің, сондай-ақ оның 5 бағынысты ұйымының («Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ, «Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ, «Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ, «Қарағанды қаласының «Белсенді ұзақ өмір» орталығы» КММ, «Қарағанды қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

    Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

    •Бөлім мен бағынысты ұйымдардың ұйымдастырушылық-қарастырушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
    •Бөлім мен бағынысты ұйымдардың қызметін реттейтін және оған қатысты нормативтік құқықтық актілерде, соның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін дискрециялық нормалар мен өкілеттіктердің болуы тұрғысынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
    •

    I. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ҚАРАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

    2026 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша Бөлімнің штаттық саны – 29 бірлікті, нақты саны – 27 адамды құрайды, жыл басынан бері өз еркімен 5 адам жұмыстан босатылған, бос жұмыс орны – 1. Төмендетуші немесе теріс уәждермен жұмыстан босатылған қызметкерлер жоқ. Бөлімнің барлық мемлекеттік қызметшілері атқаратын лауазымдарының біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш рет қабылданған қызметкерлер ұлттық қауіпсіздік органдарында арнайы тексеруден өтеді.

    Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерін оқыту, біліктілігін арттыру және қайта даярлау мерзімдері мен тәртібі сақталған. Жыл басынан бері қайта даярлау курстарынан 1 мемлекеттік қызметші өтті. Осы жылдың басынан бері тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

    •«Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ:штаттық саны – 41,25 бірлік, нақты саны – 30 адам, бос орындар – 5, өз еркімен босатылғандар – 8 адам, теріс мотивтермен босатылғандар жоқ.
    •«Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ:штаттық саны – 192 бірлік, нақты саны – 192 адам, бос орындар – 0, өз еркімен босатылғандар – 20 адам, теріс мотивтермен босатылғандар жоқ.
    •«Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ:штаттық саны – 165 бірлік, нақты саны – 160 адам, бос орындар – 5, өз еркімен босатылғандар – 15 адам, теріс мотивтермен босатылғандар жоқ.
    •«Қарағанды қаласының «Белсенді ұзақ өмір» орталығы» КММ:штаттық саны – 63 бірлік, нақты саны – 60 адам, бос орындар – 3, өз еркімен босатылғандар – 11 адам, теріс мотивтермен босатылғандар жоқ.
    •«Қарағанды қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ:штаттық саны – 34,5 бірлік, нақты саны – 32 адам, бос орындар – 2,5, өз еркімен босатылғандар – 2 адам, теріс мотивтермен босатылғандар жоқ.

    Бөлім мен бағынысты мекемелердің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары ерекше бақылауға қойылған. Бөліммен жалпы оқытуды жүргізу кестесі бекітілген. Бөлім қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

    Бөлімде және бағынысты ұйымдарда мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында белгіленген тәртіппен электрондық форматта жүзеге асырылады. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу веб-портал арқылы электрондық түрде жүргізіледі.

    II. ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

    Бөлім мемлекеттік қызметтердің 18 түрін көрсетеді.

    Бөлім көрсететін мемлекеттік қызмет түрлері:

    1.Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
    2.Мүгедектігі бар адамдарды техникалық-қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу.
    3.Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге құжаттарды рәсімдеу.
    4.Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу.
    5.Естімейтін мүгедектігі бар адамдарға ишара тілі маманының қызметтерімен (жылына алпыс сағат) қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу.
    6.Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу.
    7.Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу.
    8.Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу.
    9.Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу.
    10.Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру.
    11.Ақталған адамға куәлік беру.
    12.Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу.
    13.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.
    14.Тұрғын үй көмегін тағайындау.
    15.Тұрғын үй сертификаттарын беру(2026 жылғы мамырдан бастап «Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметі «Қарағанды қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-ге берілді).
    16.Еңбек иммигрантына рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу.
    17.Әрекетке қабілетсіз или әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу.
    18.Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлкіне билік ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша рұқсат беру.

    Апта сайын бейсенбі күндері басшының азаматтарды қабылдауы жүргізіледі. 2026 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша 16 088 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы – 3 273 адамға, egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы – 12 815 адамға көрсетілген. Жыл басынан бері қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына арыз-шағымдар түскен жоқ.

    2026 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша «Е-Otinish» ААЖ арқылы Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың 405 өтініші тіркелді (өтініштер – 358, шағымдар – 14, ұсыныстар – 1, басқалары (хабарлама, сұрау салу, үн қосу) – 32). Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу жағдайлары жоқ.

    Бөлім мүмкіндігі шектеулі адамдармен, халықтың жүріп-тұруы шектеулі тобымен (қарттар, арбадағы балалары бар аналар және т.б.) жұмыс істейтінін ескере отырып, тұрғындарды қабылдау ғимараттың бірінші қабатында жүргізіледі, онда осы санат үшін құжаттарды тапсыру мен консультация алуға тиісті жағдайлар жасалған. Бұдан бөлек, ғимаратқа кіреберіс пандуспен жабдықталған, ішкі санитарлық аймақ талап етілетін стандарттарға сай жарақтандырылған.

    Бөлімде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылы Бөлім әлеуметтік желілердегі парақшаларында мақалалар жариялау және БАҚ-та шығып сөйлеу түрінде 4132 түсіндіру шарасын өткізді.

    ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының бұзылу фактілері туралы хабарлау үшін Бөлімде 95-55-80 сенім телефоны жұмыс істейді, сондай-ақ осы телефон арқылы түскен хабарламаларды есепке алу журналы мен пошта жәшігі бар. Бүгінгі күні ҚР заңнамасын бұзу фактілері туралы хабарламалар мен өтініштер тіркелмеген. Сенім телефонының нөмірі ай сайын «Новый вестник» газетінде жарияланып тұрады.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында төмендегілер анықталды:

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының 2-тарауының 14-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Жоғарыда айтылғандардың негізінде, тыңдау туралы хабарламаны мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 жұмыс күні бұрын жіберу және тыңдауды хабарланған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізу мүмкін болмай отыр. Себебі «Е-Халық» ақпараттық жүйесінде қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды, оның 2 күні құжаттарды қабылдауға және толықтығын тексеруге бөлінеді.

    «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту мәселесі бойынша әрбір жағдай бойынша тыңдау өткізу құжаттарды қабылдау кезеңінде жұмыс көлемін бірнеше есе арттырады, өйткені құжаттарды рәсімдеу тоқсан сайын жүргізіледі.Тоқсанның бірінші айында күнделікті 20-дан 100-ге дейін өтініш қабылданған кезде тыңдауларды өткізу мен хабарламалар мен хаттаманы рәсімдеу уақыттың басым бөлігін алады.

    Усыныстар:

    Дерекқорда тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы алдын ала шешім туралы SMS-хабарлама арқылы қызмет алушыларды автоматты түрде хабардар етуді қарастыру қажет деп есептейміз. Өтініш иесінің алдын ала шешімге қарсылығын Бөлім ол жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

    1. Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету кезіндегі мәселелер

    Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын құрайтын кедейлік шегінен төмен отбасыларға көрсетіледі.

    2026 жылдан бастап, қаңтар-тамыз аралығында АӘК тағайындауға отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, бірақ кедейлік шегінен жоғары екенін растау үшін Білім беру бөлімдері арқылы Жалпыға бірдей міндетті оқу шеңберінде көмек алу мақсатында отбасылар жүгінуде. Осының барлығы қоғамдық бастамада тегін жұмыс істейтін учаскелік комиссияға түсетін жүктемені арттырады.

    Жоғарыда айтылғандардың негізінде өтініштер саны тоқсанына орташа есеппен 350-ден айына 750-ге дейін бірнеше есе артады. Бұл ретте түскен 750 өтініштің 53%-дан астамы табыстың артуына немесе құжаттар пакетінің толық болмауына байланысты отказ берілетін өтініштер. Осының барлығы «Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсеткіштерін жасанды түрде көбейтуге әкеледі.

    2. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік көмек көрсету кезіндегі мәселе

    Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың бөлек санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына енгізілген өзгерістерге байланысты мұқтаждар санатына жатқызу негіздері 3 (үштен) 5 (беске) дейін көбейтілді. Бұл шара өтініш білдіргендер санының айтарлықтай өсуіне әкелді. Бұл ретте аталған мемлекеттік қызметті көрсету үшін арнайы комиссияның отырысын тұрақты түрде өткізу, қарауға құжаттар дайындау, комиссия мүшелерін тұрақты негізде жинау, тағайындалған көмекті төлеуді жүзеге асыру қажет. Жоғарыда айтылғандар мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің ұзаруына әкелуі мүмкін, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

    Осылайша, аталған мәселелерді жою мақсатында Бөлім жоғары тұрған органдарға (Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті) жоғарыда аталған мәселелерді шешуге жәрдемдесу туралы хаттар жолдады.

    Ұсыныстар:

    •Мұқтаж азаматтардың бөлек санаттарына біржолғы материалдық көмек тағайындау туралы шешім қабылдау кезінде арнайы комиссияның отырысын алып тастау қажет.
    •АӘК бойынша Білім беру бөлімдері арқылы материалдық көмек алу үшін отбасының табысын есептеу мақсатында құжаттарды қабылдауды алып тастау.

    3. Оңалтудың техникалық құралдарына мемлекеттік сатып алуды жүргізу

    2020 жылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді. Мүгедектігі бар адамдар ОАЖБД (Оңалтудың жеке бағдарламасы) негізінде Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарларды сатып алуға тапсырыс береді және өнім берушіні таңдайды.

    Дегенмен, ҚР Әлеуметтік кодексінің 169-бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлармен және қызметтермен мынадай жағдайларда қамтамасыз етіледі:

    1.комиссияның қорытындысы негізінде әлеуметтік қызметтер порталында тауарлар мен қызметтерді өнім берушілер болмағанда;
    2.протездік-ортопедиялық көмекпен, есту аппараттарымен қамтамасыз ете отырып, естіп-протездеу көмегімен, кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын ауыстыру және баптау бойынша қызметпен, мүгедектігі бар адамдардың жеке тапсырыстары бойынша дайындалатын арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету.

    Мысалы, Порталда протездің (мүгедектер арбасының) кепілдендірілген сомасы 500000 теңгені құрайды, ал мүгедектігі бар адам мемлекеттік сатып алу арқылы құны 50000000 теңге және одан да жоғары протез сатып алғысы келеді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеледі.

    Мүгедектігі бар адамдар мен өнім берушілер арасындағы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарларды және (немесе) қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында жасалатын шартпен реттеледі. Әлеуметтік қызметтер порталында тауарларды және (немесе) қызметтерді өнім берушілер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар болып табылады.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларына сәйкес, өнім беруші Бөлімге: орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ұсынады, қызметті алу туралы актіде мүгедектігі бар адамның растаушы қолы болады.

    Дегенмен, мүгедектігі бар адамдар ОТҚ (оңалтудың техникалық құралдары) алғанын растамайтын фактілер бар. Жұмыспен қамту бөлімінде бақылау функциясы жоқ және әрбір мүгедектігі бар адамды бақылауға мүмкіндігі жоқ.

    Ұсыныс:Заңнамаға өзгерістер енгізіп, мүгедектігі бар адамдар үшін ОТҚ-ға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде кепілдендірілген соманы айқындау.

    «Қарағанды қаласыныңжұмыспен

    қамту және әлеуметтік бағдарламалар

    бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас

    жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    жүргізу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісіБағжанова А.У.

    Жұмыс тобының мүшелері:

    Әлеуметтік төлемдерді тағайындау

    секторының меңгерушісіХаритонович Л.Ф.

    Еңбек нарығын талдау және

    мониторингтеу секторының меңгерушісіТұрамбеков Д.С.

    Азаматтарды әлеуметтік оңалту

    секторының меңгерушісіШаймарданова Г.О.

    Азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік

    көмек көрсету секторының меңгерушісіСиубаева А.Ж.

    Бухгалтерлік есеп және

    есептілік секторының меңгерушісіЖантлеуова М.С.

    Жүктеу
    Справка по итогам внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности ГУ «Отдел занятости и социальных программ города Караганды» и подведомственных организаций
    Справка по итогам внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности ГУ «Отдел занятости и социальных программ города Караганды» и подведомственных организаций
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу
    Сведения по внутренним анализам коррупционных рисков за 8 месяцев 2026 года (по состоянию на 12.08.2026г.)
    Сведения по внутренним анализам коррупционных рисков за 8 месяцев 2026 года (по состоянию на 12.08.2026г.)
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Жоба

    Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 03 шілдедегі № 165 «Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ШЕШІМ ЖОБАСЫ Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы03 шілдедегі № 165 «Қарағанды қаласындатұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері менқағидаларын бекіту туралы»шешіміне өзгерісенгізу туралы Қарағанды қалалық мәслихаты...

    Жарияланды: