Конкурс (өрт сөндіруші-құтқарушы)

    Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті

    ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті индекс 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 81 «А», электрондық мекенжайы: [email protected]; тел/факс 54-38-58 азаматтық қорғау органдарындағы төмендегідей бос орындарға конкурс жариялайды:

    Өрт сөндіруші-құтқарушы – 2 бірлік:

    Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдары мен арнайы атағына байланысты 175261 бастап 215548 теңгеге дейін.

    Функционалдық міндеттері:

    Өрт сөндіруші-құтқарушы келесідей міндеттер жүктеледі:

    Бөлімнің шығу аудандарын, өткелдерді, бөлімнің шығу ауданында орналасқан сукөздерінің орналасқан жерін; жәбірленушілерге бірінші дәрігерлік көмек көрсету; өрт – техникалық жарақтарды жұмыс жасалуын қарау және оларға ұқыпты қарауға; еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға; бекітілген өрт – техникалық жарақтарды тексеріп, қорытындысын жұмыс аяғанда қарауыл бастығына баяндау; өрт автокөліктерінің және басқа да өрт, авариялық – құтқару техникаларының тактикалық-техникалық мінездемесін білу; өрт-техникалық жарақтар дағдыларын жетілдіру; өрт сөндіру кезінде жұмыстар жауынгерлік есептегі негізгі міндеттемелер берілген табелге сәйкес жүргізу; Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын, нұсқамаларды, Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысын және техникалық қауіпсіздігі ережесінің талаптарын білу және адал орындау; мемлекеттік мүлікті сақтау, өрт – техникалық жарақтар мен жабдықтар үнемі жауынгерлік дайындықта және таза болуын қадағалау; өрт (апатта, табиғи апаттарда), бекеттерде, қарауылда, ішкі кезекшіліктегі қызметті атқару кезінде белсенділік таныта отырып, берілген тапсырмаларды нақты орындау; қызметтік, әскери, еңбек және орындау тәртібі заңдылықтарын мүлтіксіз орындау, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережесін сақтау.

    Конкурсқа қатысушыларға негізгі талаптар:

    Жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, орта білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

    Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарын, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары) білуі қажет.

    Жүктеу
    040020b1f94b79b3c90f98be6f910c72_original.33741.docx
    DOCX · 33 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    Әңгімелесуден өткен үміткерлер тізімі:

    Басқа

    Іріктеуден өткен үміткерлер тізімі:

    Бюджет

    Техниканы лизингке сатып алу туралы хабарландыру

    Конкурстар

    Конкурс (жүргізуші)

    ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті индекс 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 81 «А», электрондық мекенжайы: [email protected]; тел/факс 54-38-58 азаматтық қорғау органдарындағ...

    Конкурстар

    Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге ұсынылған кандидаттардың тізімі (жүргізуші) тамыз

    Мырзамаддин Ұлан Жасұланұлы Жуматдинов Жамбыл Кеңесұлы Зинекенов Шадман Нұртайұлы

    Конкурстар

    Іріктеуге жіберілген кандидаттар тізімі (физикалық дайындық, жүргізуші) тамыз

    № ФИО 1. Мырзамаддин Ұлан Жасұланұлы 2. Жуматдинов Жамбыл Кеңесұлы 3. Зинекенов Шадман Нұртайұлы Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру 2026 жылғы 06 тамыз күні 09 сағат 00 минутта Ақтөбе қ. Триатлон саяб...

    Конкурстар

    Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі (жүргізуші) 7 тамыз

    № ФИО 1. Мырзамаддин Ұлан Жасұланұлы 2. Жуматдинов Жамбыл Кеңесұлы 3. Зинекенов Шадман Нұртайұлы Әңгімелесу 2026 жылғы 10 сәуір 15 сағат 00 минутта Ақтөбе облысының ТЖД-нің ғимаратында Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 81...

    Конкурстар

    Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге ұсынылған кандидаттардың тізімі (өрт сөндіруші-құтқарушы) тамыз

    1. Айдынғали Рай Амандықұлы 2. Канатулы Алимжан 3. Нурланұлы Темірлан 4. Қаирланов Назарбек Берікұлы 5. Талғатов Саламат Талғатұлы 6. Өтешұлы Нұрболат 7. Аманғалиев Нұрқуат Еділұлы 8. Қабылов Дамир Дастанұлы