«БЕКІТЕМІН»
Жамбыл ауданы мәслихат аппаратының басшысы,
Этика жөніндегі уәкілетті тұлға
_______________ Г. Жаңбыршина
«____»_________________
2026 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты»КММЭтика жөніндегі уәкілетті тұлғасыныңЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
№ |
Іс-шаралар |
Орындау мерзімі |
Аяқталу нысаны |
1.Консультативтік көмек көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу | |||
1.1 |
Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсету |
Тұрақты түрде |
СҚО мәслихатының аппаратына тоқсан сайын есеп беру |
1.2 |
Мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды Этика жөніндегі уәкілетті тұлғаның функцияларына жатқызылған мәселелер бойынша жеке қабылдау |
Әр сәрсенбі сайын, сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін |
Қабылдау өткізу |
1.3 |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі мәселелері бойынша Жамбыл ауданы мәслихаты аппаратының қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізу |
Тұрақты түрде |
Тоқсан сайын, өткізу қажеттілігі туындауына қарай |
1.4 |
Аудан мәслихаты аппаратының қызметкерлері үшін мүдделер қақтығысына жол бермеу және оны реттеу мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізу |
Тұрақты түрде |
Хаттама |
1.5 |
Этика жөніндегі уәкілетті тұлғаның азаматтарды қабылдауы және сенім телефоны туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында және аппараттың интернет-ресурсында жыл сайын орналастыру |
Тоқсан сайын |
Аппараттың интернет-ресурсында орналастыру |
2. Қызметтік әдеп нормаларының, сондай-ақ нормативтік актілерде белгіленген шектеулер мен тыйымдардың сақталуына мониторинг жүргізу және бақылау | |||
2.1 |
Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне анонимді сауалнама жүргізу |
Тоқсан сайын |
Моральдық-психологиялық ахуалды талдау |
2.2 |
Мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіретін фактілерді (оқиғаларды) анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды зерделеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жеке аккаунттарындағы теріс сипаттағы жарияланымдарды анықтау мақсатында танымал әлеуметтік желілерге (Facebook, Instagram, Telegram және т.б.) мониторинг жүргізу |
Тұрақты түрде |
Ақпарат |
2.3 |
Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті, оларға теңестірілген тұлғалардың заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына мониторинг жүргізу |
Тұрақты түрде |
Хаттама |
2.4 |
СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімдерін аппарат семинарларында қарау |
Келіп түсуіне қарай |
Хаттама |
2.5 |
Аудан мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау |
Өтініштердің келіп түсуіне қарай |
Жауап беру |