Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Құрылсын:
1) Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері және өңірлік маңызы бар актілер бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау жөніндегі сараптамалық кенес;
2) Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу жөніндегі арнайы комиссия;
3) Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы Өңірлік үйлестіру кеңесі (өңірлік инвестициялық штабы).: