Жалпыға бірдей декларациялауға байланысты мәселелер бойынша сұрақ-жауап

    ·

    Жалпыға бірдей декларация бойынша сұрақтар мен жауаптар

    1.Сұрақ:Жалпы декларацияларды тапсырудың соңғы мерзімі қандай?

    Жауап: Қағаз және электронды түрде – декларация тапсыру міндеттемесі туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.

    2.Сұрақ: Декларацияға банк депозиттерін қосу керек пе?

    Жауап: Иә, қосу керек, бірақ тек Қазақстаннан тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі банк шоттарындағы барлық банк салымдары үшін ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1000 еселенген сомасынан асатын салымдарды қосуым керек.

    3. Сұрақ: Менің Қазақстанның бірнеше қалаларында жылжымайтын мүлкім бар. Барлық пәтерлерімді активтер мен міндеттемелер декларациясына (250.00 нысан) қосуым керек пе?

    Жауап: Жоқ, активтер мен міндеттемелер декларациясына тек Қазақстаннан тыс жерде тіркелген жылжымайтын мүлік көрсетілу керек.

    4.Сұрақ: Мен бұрын мемлекеттік қызметкер болдым, 250.00 және 270.00 нысандары бойынша салық декларацияларын тапсырдым. Өткен жылы зейнетке шықтым. Осы жылы 270.00 нысан бойынша салық декларациясын тапсыруым керек пе?

    Жауап: Егер өткен жылы мемлекеттік қызметте кем дегенде бір күн жұмыс істеген болса, осы жылы 270.00 нысан бойынша салық декларациясын тапсырады. Кейінгі жылдары 270.00 нысан бойынша салық декларациясын тек өз бетінше салық салынуға жататын кірістер алған жағдайда , оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден кіріс алған болса, не Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген жылжымалы не жылжымайтын мүлік, активтер немесе банк шоттары болған жағдайда, немесе жалпы құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік пен активтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алған жағдайда , сондай-ақ дебиторлық не кредиторлық берешегі болған жағдайда ғана тапсырады.

    5.Сұрақ: Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде банк шоттары бола ала ма?

    Жауап: Иә, бола алады, бірақ тек ерекше жағдайларда ғана: егер мемлекеттік қызметші шетелдік мекемелерде жұмыс істеуге жіберілсе, шетелде іссапарда болса немесе оқыса, шетелде тағылымдамадан өтсе, шетелде емделіп жатса немесе кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі не қамқоршысы ретінде шетелде болса.

    Жүктеу
    Вопросы-ответы
    по всеобщему декларированию
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы (№50)

    №50/19 шешім 2025 жылғы 4 маусым. Баэт ауылы (Ыстықкөл облысы) Жекелеген санаттағы тауарлардың кедендік декларациялануын талдау жүргізу, кешенді баяндаманың құрылымы және өзара іс-қимыл моделі жөніндегі ұсыныстар туралы....

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы( №48)

    Шешім №48/6 2024 жылғы 28 қараша. Астана қ. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес бақша ұсақтағышын сыныптау туралы. Шешім №48/7 2024 жылғы 28 қараша. Астан...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы (№47/18)

    №47/18.1 Шешім 2024 жылғы 27 қыркүйек Нижний Новгород қаласы Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес бірмәнді сыныптау мақсатында «сплит-жүйелер» тауарларын с...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы (№54/4)

    № 54/4.1 шешім 2026 жылғы 11 маусым Бурабай мекені (Қазақстан Республикасы) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес шыны талшықты торды сыныптау туралы. № 54/4...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тауарларды сыныптау жөніндегі шешімдер жинағы

    Тауарларды сыныптау жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдері.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы

    № 53/20 шешім 2026 жылғы 26 наурыз Бішкек қаласы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тағамдық қоспалар (омега-3 балық майы) өндірісіне арналған шикізатты с...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы

    № 53/19 шешім 2026 жылғы 26 наурыз Бішкек қаласы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сымдар мен кабельдерге арналған жалғағыштар мен түйіспелі элементтерді...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы

    № 53/18 шешім 2026 жылғы 26 наурыз Бішкек қаласы Какао және «шоколад» салмасы бар глазурьленген сүзбе сырғымаларын Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыны...

    Жарияланды: