«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ (бұдан әрі-Басқарма) (БСН 990440003449, Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 53, анықтама телефоны 8 (7212) 50-71-19, Басқарманың қарамағындағы келесі мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларының бос лауазымдарына орналасу конкурсын жариялайды:
р/с № |
Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының атауы |
Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны |
1. |
«Қарағанды қалалық бұқаралық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ |
Қарағанды қ., Достық көшесі, 112Б, 8 (7212)-93-25-48 |
2. |
«Облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі» КМҚК |
Қарағанды қ., Комиссаров көшесі, 45А, тел 8 (7212)- 41-04-91 |
Ұйымның негізгі қызметі: Білім алушылардың дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, қосымша білім берудің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру, олардың денсаулығы мен дене дамуын нығайтуға бағытталған балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмысын жүзеге асыру. Ұйым қызметінің мақсаты: Балалар мен жасөспірімдерді спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту, балалардың белгілі бір спорт түріне қабілеттерін анықтау, физикалық, моральдық-ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу .
Бірінші басшының лауазымдық міндеттері:
- дене шынықтыру-спорт ұйымының өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын шешімдердің орындалуын, дене шынықтыру-спорт ұйымының теңгеріміндегі (балансындағы) мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелерін қамтамасыз етеді;
-дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды іске асыру тетігін айқындайды;
-оқу-жаттығу және тәрбие процестерінің спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді;
- педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;
- дене шынықтыру-спорт ұйымының жұмыс жоспарын, спортшыларды спорттық жетілдірудің түрлі кезеңдерінде даярлау жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді;
- барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және олардың қызметін жетілдіруге бағытталған тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды;
- спортшылардың дайындық деңгейі мен спорттық шеберлігін арттыру мақсатында жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, нұсқаушылардың, әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, дене шынықтыру және спорт саласындағы озық шетелдік тәжірибені зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
-дене шынықтыру – спорт ұйымы қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді лауазымды адамдарға-орынбасарларға, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тапсырады;
- қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
- спортшылар құрамын қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбие процестері кезінде спортшылар мен дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды;
- тиісті салалардың уәкілетті органдарына дене шынықтыру-спорт ұйымының әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметі туралы есепті ұсынады;
-дене шынықтыру-спорт ұйымының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, жеткізіп берушілер, тапсырыс берушілер және кредиторлар, оның ішінде банктер алдындағы міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарын (келісімшарттарын)орындауын қамтамасыз етеді;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;
-спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
«Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелген) бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігі
Білімі - кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;
Жұмыс өтілі:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық заңды тұлғалары үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін, басшылық лауазымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар және «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар бойынша кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
2) қалалық, аудандық коммуналдық заңды тұлғалар үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде бір жыл немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласында оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары, «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар бойынша,кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде екі жыл жұмыс өтілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысын, педагогика, психология және физиология негіздерін; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және Жарғыға сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін білуі тиіс.
Конкурс Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №171 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №264 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық нысанда ресімделген (интернет желісінде www.e-Qazyna.kz электрондық мекенжай бойынша орналастырылған, мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс), мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндемені (еркін нысанда) қоса бере отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш, білімі туралы диплом.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға кандидат адам өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін тіркейді.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: Басқарманың интернет - ресурсында және Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында осы конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.
Конкурскезеңдері:
- Кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;
- Конкурстық комиссияның кандидаттармен әңгімелесу өткізуі.
Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген адамдардың тізімі және әңгімелесу өткізу кестесі Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесу өткізу кестесі Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған күннен бастап. 5 (бес) жұмыс күні ішінде, Басқармада өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 01 қыркүйегі күні сағат 09:00 бастап, 2026 жылдың 10 қыркүйегі күні сағат 09:00 дейін жүзеге асырылады.