Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері агенттігі
2025 жылғы
СЫБАЙЛАСЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА
Астана қаласы
2026 жыл
МАЗМҰНЫ
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған
тұжырымдамасын іске асыру. 4 - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саяси-құқықтық шаралар 7
- Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыру. 11 - Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер
мен жағдайларды жою.. 16
4.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг.16
4.2. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасы..22
4.3. Цифрландыру сыбайлас жемқорлықтың
алдын алудың тиімді құралы ретінде.25
- Азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылға қатысуы.. 32 - Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-шаралар. 36 - Сыбайлас жемқорлық деңгейі және оны қабылдау. 39
- Халықаралық ынтымақтастық. 44
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы
халықаралық рейтингтер мен үрдістер. 47
Кіріспе
Осы баяндама Мемлекет басшысын және қоғамды 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы ақпараттандыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабын орындау үшін дайындалды.
Құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде озық халықаралық стандарттарды енгізу арқылы қабылданған
және жоспарланатын шаралар туралы ақпарат қамтылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 927 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылды, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.
Қылмыстық-құқықтық және профилактикалық міндеттерді институционалдық бөлу сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сапалы жаңа деңгейде жалғастыруды қамтамасыз етеді.
Осылайша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерімен мемлекеттік қызметті дамыту, қызметтік этиканы сақтау және мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау процестерінің логикалық үндестірілуін қамтамасыз ететін бірыңғай басқарушылық архитектура қалыптастырылды.
Осы институционалдық өзгерістер Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын дамытудың жаңа кезеңін айқындады және Мемлекет басшысы белгілеген «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттары мен Әділетті Қазақстан идеяларының сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың практикалық тетіктеріне сапалы интеграциялануын қамтамасыз етуге арналған.
Мемлекеттің халық алдындағы есептілігін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында осы құжаттың жобасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында қаралып, мақұлданды.
Негізгі бөлік
1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат алдын алу және қылмыстық-құқықтық құралдардың ақылға қонымды теңгерімі бар шаралар жүйесі арқылы іске асырылады.
2025 жылы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын
(бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру жалғастырылды.
Осы стратегиялық құжатты орындау алдын алу тетіктерін дамытумен, мемлекеттік басқарудың транспаренттілігін қамтамасыз етумен, процестерді цифрландырумен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын нығайтумен байланысты негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылды.
Бүгінгі таңда Тұжырымдаманың 61 іс шарасының ішінен 50 (81,9%), 2025 жылы – 15 (оның 8-і жыл сайынғы сипатта) орындалды.
Жалпы жүргізілген жұмыс сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін институционалды бекітуді қамтамасыз етті. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және мониторингілеу құралдары жаңартылды, алдын алу шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің рөлі күшейтілді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қатысуы кеңейтілді.
2025 жылы Тұжырымдаманың елеулі нәтижелерінің бірі мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру болды.
Мәселен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі Заңымен (2025 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді)
бір көзден сатып алу негіздері қысқартылды.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемнен босатылған адамдарға адвокаттар көрсететін қызметтерді сатып алу, мерзімді баспа басылымдарын қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде сатып алу, сондай-ақ сауда-саттықтарда өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу сияқты негіздер алып тасталды.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша Үкімет айқындаған адамнан бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға қатысты норма қайта қаралды.
Енді мұндай сатып алуларға бюджет заңнамасына сәйкес аса маңызды объектілер мен жалпыхалықтық мәні бар жобаларды іске асыру кезінде ғана жол беріледі.
Бұдан басқа, зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарлар мен қызметтерді, сондай-ақ көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар мен тренингтер материалдарын сатып алу кезінде бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға тек қана монополияға қарсы органның тиісті қорытындысы болған кезде жол беріледі (Тұжырымдаманы іске асыру жоспарының 20-тармағы).
Тұжырымдаманың келесі нәтижесі – орталық, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық картограммаларын қалыптастыруы.
Бұл құрал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және ықтимал сыбайлас жемқорлық көріністері туралы мәліметтерді жүйелеуге, сондай-ақ атаулы алдын алу шараларын әзірлеуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлық картограммалары қызметтің неғұрлым осал салаларын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесін кешенді түрде көрсетуге, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары
мен өтініштерін талдауды, ішкі рәсімдердің нәтижелерін және сыбайлас жемқорлық алғышарттарының бар екендігін куәландыратын өзге де ақпаратты ескеруге мүмкіндік береді.
Мұндай тетікті енгізу мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың профилактикалық бағытын күшейтуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және ескертуге бірыңғай тәсілді қалыптастыруға ықпал етеді.
Ашықтықтың қосымша элементі сыбайлас жемқорлық картограммаларын тиісті ұйымдардың ресми интернет-ресурстарына орналастыру болып табылады (Тұжырымдаманы іске асыру жоспарының
35-тармағы).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дәйекті бейімдеу қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге құқық қорғау қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету бөлігінде де дамыды. Атап айтқанда, цифрлық активтерді, криптобиржаларды және өзге де цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалатын сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
Құжат тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасын жетілдіруге бағытталған (тінту, алу, оқиға орнын тексеру және тыйым салу қоса алғанда), сондай-ақ компьютерлік-техникалық зерттеулерді тағайындау тәртібін айқындайды, қылмыстық схемаларды анықтау және құжаттау мақсатында криптовалюталық транзакцияларды талдау әдістерін қамтиды.
Оны дайындау кезінде қылмыстық істерді тергеу тәжірибесі сияқты халықаралық тәжірибе де ескерілді (Тұжырымдаманы іске асыру жоспарының
60-тармағы).
Сонымен қатар Тұжырымдама шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету және оларды оңтайландыру процестеріне жасанды интеллектіні енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді.
Нәтижесінде іс-шаралар тізбесі бекітілді, оларды іске асыру
291 қызметтің бизнес-процестерінде құжаттарды тіркеуді болдырмауға, толық автоматтандырылған 42 қызметті автоматты форматқа толығымен көшіруге, 14 қызмет бойынша автоматты қол қою функционалын
іске асыруға, 35 қызметті проактивті форматқа көшіруге, сондай-ақ
294 қызметке жасанды интеллект құралдарын енгізуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі кешенді талдау нәтижелері бойынша «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға мемлекеттік қызметтерді композиттік (бір өтініш бойынша бірнеше қызмет), проактивті (қызметті берушінің бастамасы бойынша) және эксаумақтық (қызметті алушының тіркеу орнына қарамастан) қызметтердің ара-жігін ажырататын нормалар енгізілді.
Бұл қызмет алушылардың құқықтары өтініштерсіз іске асырылатын,
ал өмірлік жағдайлар олардың орналасқан жеріне қарамастан және кешенді түрде шешілетін сервистік модельдің құқықтық негізін жасайды.
Бір мезгілде Мемлекет басшысы 2026 жылғы 19 мамырда қол қойған «Мемлекеттік қызметі туралы» заңының жаңа редакциясында (Мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленген) (бұдан әрі – «Мемлекеттік қызметі туралы» заңының жаңа редакциясы) мемлекеттік қызметшілердің азаматтар мен бизнестің қажеттіліктеріне бағдарланған проактивті тәсіл негізінде қызметті ұйымдастыру жөніндегі міндеттері бекітілді.
Сондай-ақ мемлекеттік емес платформалар, оның ішінде екінші деңгейдегі банктер, «Баспана Маркет» жылжымайтын мүлік порталы, «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы, Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің веб-порталы, сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ электрондық деректер базасы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық форматын кеңейту бойынша жұмыс жалғастырылды (Тұжырымдаманы іске асыру жоспарының 26-тармағы).
Бұдан басқа, жаңа кіші жүйелер мен модульдерді әзірлеуді, сондай-ақ жаңа технологиялық платформаға ауыстыруды қамтитын «Электрондық үкіметтің архитектуралық порталы» ақпараттық жүйесіне модификация жүргізілді (Тұжырымдаманы іске асыру жоспарының 28-тармағы).
Тұтастай алғанда, көрсетілген шараларды іске асыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға, құқықтық және цифрлық тетіктерді жетілдіруге, сондай-ақ осы саладағы кәсіби және институционалдық әлеуетті нығайтуға бағытталған мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дәйекті ілгерілету туралы куәландырады.
Тұжырымдаманы кешенді іске асыру шеңберінде қол жеткізілген нәтижелер жұмыстың жүйелі сипатын көрсетеді және мемлекеттік саясаттың өзекті сын-қатерлері мен басымдықтарын ескере отырып, жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу үшін институционалдық негіз қалыптастырады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саяси-құқықтық шаралар
Ратификацияланған міндеттемелерді имплементациялау және Қазақстанда озық шетелдік тәжірибені енгізу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық негіздерін жетілдіру бойынша мақсатты жұмыс жалғасуда.
Мәселен, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 12 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі – Заң) заңына қол қойды, ол қолданыстағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа инструменттерді енгізуге бағытталған, сондай-ақ БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын және халықаралық ұйымдардың (ЭЫДҰ, ГРЕКО) ұсынымдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
Атап айтқанда, пара беру уәдесі/ұсынысы үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді, бұл ЭЫДҰ-ға кіру үшін міндетті шарт болып табылады.
Жаңа норманың мәні мынада: егер шенеунік оған пара беру туралы ұсынысты байыпты қабылдамаса да, пара ұсыну фактісі енді қылмыстық қудалауға жататын болады.
Бұл параның іс жүзінде берілуін күтпестен, ұсыныс сатысында сыбайлас жемқорлықты болдырмауға көмектеседі және параға беруге тырысқандардың жауаптылығын арттырады.
Пара туралы уағдаластықты аяқталған қылмыс деп тану айқын профилактикалық әсерге ие болады, бұл мемлекет пен қоғамға зиян келтіргенге дейін парақорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігі күшейтіледі (сыйақы мөлшеріне байланысты бірнеше есе айыппұл енгізілді).
Егер заңды тұлғаның өкілі компанияның атынан және оның мүддесі үшін шенеунікке пара берсе, онда ол жеке тұлға ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бұл ретте заңды тұлға әкімшілік айыппұл төлеу арқылы әкімшілік жауаптылықта болады (заңсыз сыйақының 30-дан 60 есеге дейінгі сомасы).
БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 26-бабы сыбайлас жемқорлық үшін заңды тұлғаларға қатысты қылмыстық санкциялармен мөлшерлес осындай әкімшілік санкциялар белгілеуді талап етеді.
Бұдан бұрын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің қолданыстағы 678-бабы бойынша айыппұл 750 айлық есептік көрсеткішті
(3,2 млн теңге), қайталанғаны үшін 1500 АЕК (6,5 млн теңге) құраған. Қазір заңсыз сыйақы үшін, мысалы, 500 мың теңге мөлшерінде айыппұл сомасы
20 млн теңгені құрайды (2026 жылғы АЕК мөлшерін ескере отырып, материалдық сыйақының қырық еселенген сомасы мөлшерінде – 4325 теңге).
Сондай-ақ «тұрмыстық» деп аталатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге бағытталған түзетулер көзделген.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылыққа (оның ішінде «Пара алу» деген ҚК-нің 366-бабы бойынша)
тек мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар (мемлекеттік қызметшілер, судьялар, депутаттар) және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген адамдар (мемлекеттік ұйымдар мен квазисектор субъектілеріндегі басқарушылар) тартылады.
Күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері (мұғалімдер, дәрігерлер, ЖОО оқытушылары, банк қызметкерлері, жеке сот орындаушылары, коммуналдық қызмет қызметкерлері және басқалар) «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болады.
Мұндай адамдар өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, материалдық сыйақы алуға және өздерінің лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін алымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік табады.
Заңсыз сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қолданыстағы 247-бабы бойынша туындайды.
Бұл ретте заңсыз сыйақыны қорқытып алу елеулі қоғамдық қауіп төндіреді, сондықтан осы іс-әрекет үшін жауапкершілікті күшейту және оны ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатқызу көзделген. Бұл осындай қылмыстарды анықтаудың тиімділігін арттыру үшін арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге ірі мөлшерде немесе қорқыту арқылы заңсыз сыйақы алғаны үшін санкциялар күшейтіледі (2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру).
Сондай-ақ Қылмыстық кодекс заңсыз сыйақы бергені үшін жауаптылықты көздейтін 247-1-баппен толықтырылады. Бұл тек алушыларды ғана емес, заңсыз сыйақы берушілерді де әшкерелеуге мүмкіндік береді (парақорлыққа ұқсас).
Мұндай тәсіл БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының «Жеке сектордағы пара беру» деген 21-бабына толық сәйкес келеді (әрбір қатысушы мемлекет қылмыстық жазалау әрекеті ретінде жеке секторды ұйымдастыру жұмысына басшылық ететін немесе кез келген сапада онда жұмыс істейтін адам қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік жасаумен қандай да бір заңсыз басымдылық беру мүмкіндігін қарастырады).
Сонымен қатар «айналмалы есік» және «салқындату кезеңі»
деп аталатын қағида жетілдірілуде.
Заң қабылданғанға дейін коммерциялық ұйымға (квазимемлекеттік сектор субъектісін қоспағанда) мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, егер адам мемлекеттік қызметті тоқтатар алдындағы соңғы бір жылда мемлекеттік функцияларды орындау кезеңінде өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметі аталған адаммен оның құзыретіне сәйкес тікелей байланысты болса адамды жұмысқа орналастыруға жол берілмеген (Еңбек кодексінің 26-бабының 2-тармағы).
Қазір бұл шектеудің қолданысын бұрынғы мемлекеттік қызметшілерге қатысты ғана емес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптары қолданылатын адамдардың барлық санаттарына таратылды.
Бұл ретте шектеу тек басқару функцияларымен байланысты коммерциялық ұйымдағы лауазымдарға ғана әрекет ететін болады.
Жекелеген өзгерістер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған.
Енді Директорлар кеңесінің (акционерлік қоғамда) және Бақылау кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестікте және республикалық мемлекеттік кәсіпорында) айрықша құзыретіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің штат санын айқындау, оның басшысын тағайындау, оның өкілеттіктері мерзімін, лауазымдық жалақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау жатқызылатын болады.
Сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің Директорлар кеңесінің отырысын шақыруға бастамашылық жасау өкілеттігімен толықтырылды (мұндай өкілеттік директорлар кеңесінің кез келген мүшесінде; ішкі аудит қызметінде; қоғам аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымда; ірі акционерде бар болған).
Мүдделер қақтығысын реттеу институты жетілдірілуде. Тиісті ден қою шараларымен мүдделер қақтығысының тиісті ықтимал, нақты және жүзеге асырылған градациясы көзделген.
Еңбек кодексі «Мемлекеттік мекемелерде және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде кадрлық процестерді жүргізу ерекшеліктері» деген 12-1-тараумен толықтырылды, «цифрлық кадр жүйесі» ұғымы, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық кадр жүйесін жүргізу, оның ішінде оған мүдделер қақтығысын анықтау үшін қажетті деректерді енгізу жөніндегі міндеттері енгізілді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жалпы үйлестіру, кадрлық процестерді жүргізу тәртібін айқындау, цифрлық кадр жүйесін қалыптастыру және толықтыру мониторингі жөніндегі өкілеттігі бекітілді.
«Жеке мүдде» ұғымы, яғни мемлекеттік қызметшінің өзіне, өзінің жақын туыстарына, жекжаттарына немесе онымен байланысты басқа да тұлғаларға мүліктік және мүліктік емес сипаттағы кез келген игіліктерді, пайданы немесе артықшылықтарды иемденуге, алуға немесе көруге мүдделілігі енгізілді («байланысты тұлғалардың» тізбесі көзделген). Мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделерін декларациялау міндеті белгіленді,
оны орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік көзделген.
Мүдделер қақтығысы кезінде мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл алгоритмі (жауапты тұлғаларды хабардар ету тәртібі, нақты мерзімдер, мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі басқа да қажетті шаралар) егжей-тегжейлі регламенттелген.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерге және әдеп жөніндегі уәкілдерге (олар болмаған кезде – кадр қызметтері) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру жүктелді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген адамдардың мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды сақтауын қамтамасыз ету үшін олардың жауапкершілігі бекітілді.
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың тізбесі кеңейтілді (тізбе мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды іріктеуге қатысатын алқалы органдардың мүшелерімен толықтырылды).
Осылайша ғылым саласындағы ұйымдарды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы шешім қабылдайтын ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қандай да бір жобалар мен бағдарламаларды іріктеу, гранттарды және субсидияларды бөлу жөніндегі өкілеттіктері бар басқа салалардағы алқалы органдардың мүшелері заңсыз сыйақылар алған жағдайда мемлекеттік қызметшілермен тең дәрежеде қылмыстық жауаптылықта болады (ҚК-нің «Пара алу» деген 366-бабы бойынша).
«Мемлекеттік қызметі туралы» заңының жаңа редакциясының негізгі міндеттерінің бірі мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделіне көшу, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ HR-процестерді цифрландыру болып табылады.
Мысалы, мемлекеттік қызметке іріктеудің цифрлық форматы енгізілді және ол «Е-қызмет» интеграцияланған цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, кандидаттарды мемлекеттік емес сектор өкілдері есебінен тартуды одан әрі кеңейту көзделіп отыр.
Сонымен бірге құқық бұзушылық профилактикасы қызметтерін құру көзделген (саны 120 штат бірліктен кем емес мемлекеттік органдарда) (персоналды басқару қызметінің қызметтік тергеу жүргізу жөніндегі функцияларын қайта бөлу жолымен), бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыруға және ұйымдастырушылық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жақын туыстарының бірлескен қызметіне байланысты оларға қатысты шектеулер белгіленуімен, мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруда жәрдемдесетін адамдардың құқықтық мәртебесі айқындалды (шетелдік жұмыскерлер, еңбек шарты негізінде мемлекеттік органдарда қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, мемлекеттік ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын тұлғалар, келісімшарттық қызметшілер).
Аталған шараларды іске асыру мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін одан әрі нығайтуға көмектеседі деп күтілуде.
Жалпы 2025 жылы қабылданған құқықтық шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың институционалдық негіздерін дәйекті нығайту туралы куәландырады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тиімді алдын алудың қосымша құқықтық кепілдіктерін қалыптастырады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жетілдіру мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған тиімді халықаралық құқықтық институттарды зерделеу орынды болып табылады, мысалы, ықпал етуді сатуды криминализациялау.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ықпал етуді сатуға қарсы іс-қимыл мәселелері бірқатар әмбебап және өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық құжаттарда көрініс тауып, сондай-ақ жекелеген мемлекеттердің ұлттық заңнамасында өз дамуын тапқан.
Атап айтқанда, Еуропа Кеңесінің 1999 жылғы Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясы 12-бабында және Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы 18-бабында мемлекеттерге өздерінің ұлттық заңнамасының негізгі қағидаттарын ескере отырып, ықпал етуді сатуды қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тануға бағытталған заңнамалық және өзге де шараларды қабылдау мәселесін қарастыру мүмкіндігі көзделген.
Осыған байланысты халықаралық ұсынымдар мен шетелдік тәжірибені ескере отырып, құқық қолдану практикасын, ықтимал тәуекелдерді және құқықтық реттеудің ықтимал модельдерін кешенді талдау негізінде осы саладағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселесін қарастыруға болады.
ГРЕКО және ЭЫДҰ мониторингтік тетіктері сияқты халықаралық ұйымдар өз бағалауларында ықпал етуді сатуды тиімді құқықтық реттеудің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесінің маңызды элементтерінің бірі екеніне назар аударады. Сонымен қатар, осы институтты нормативтік тұрғыдан бекітудің нақты тәсілдерін әрбір мемлекет өзінің ұлттық құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып дербес айқындайды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралы ақпарат берушілерді қорғау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау мәселелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Осыған байланысты олардың еңбек құқықтарын қорғау кепілдіктері заңнамалық түрде бекітілген.
Қосымша «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның жаңа редакциясында мемлекеттік орган басшысының мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы арыздары бойынша шаралар қабылдау міндеті көзделген. Осы норманы іске асыру үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға итермелеу жағдайларын қоса алғанда, осындай өтініштерге ден қою тәртібі әзірленді.
Осылайша, ақпарат берушілерді құқықтық және институционалдық қорғаудың кешенді тетігі қалыптасады.
Тұтастай алғанда, елдің құқықтық жүйесіне халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды шешуші және үдемелі имплементациялауды жалғастыру қажет.
- Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Қазақстанның ішкі саясаты қағидаттарының бірі «Адал азамат» қағидаты (Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 1081 Жарлығы) болып табылады, ол заңды сыйлайтын, білімді, отаншыл, жауапкершілікті сезінетін, қоғамда адал еңбегімен лайықты табысқа жетіп, қоғамда сый-құрметке қол жеткізетін азаматтың бейнесін білдіреді.
Іс жүзінде бұл қағидат білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесі, кең ағартушылық жұмыс, мәдени-гуманитарлық жобалар, заңнамалық бастамалар, салауатты өмір салтын ілгерілету арқылы іске асырылады.
Мұндай тәсілдер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді және әлемде мойындалған шараларының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері жүзеге асыратын қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды сақтау және нығайту жөніндегі қызметіне үйлесімді сай келеді.
БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясында адалдық пен сатылмаушылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан бас тартатын мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдесу қажеттігінің атап өтілгені кездейсоқ емес.
Бұл бағыт білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы іске асырылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және мемлекеттік билік органдарына деген сенім деңгейін нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысы елеулі әсер етеді.
Мәселен, өңірлерде 529 мың адамды қамти отырып, 3,6 мың ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Нысаналы топтар бөлінісінде (жастар, мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қызметшілер, квазимемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері,
бизнес-қоғамдастық) Ақпараттық жұмыстың жалпы республикалық жоспарын орындау жалғасуда (Үкіметтің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысы).
Оны іске асыру барысында қоғамдық пікір көшбасшыларының (Қазақстан халқы Ассамблеясының, діни бірлестіктердің, кәсіподақтардың өкілдері) қатысуымен 335 іс-шара өткізілді, барлық деңгейдегі әкімдердің
369 мақаласы өңірлік БАҚ-та жарияланды, 56 телевизиялық шығарылым көрсетілді («STOP коррупция» және «STOP жемқорлық»).
Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде республикалық телеарналарда сериалдар, көркем және деректі фильмдер («Дерт», «Бүгінгі күннің батырлары») көрсетеді, театр алаңдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға арналған қойылымдар («Емтихан», «Ұждан», «Құрық», «Волки и овцы», «Доходное место», «Соқыр үміт», «Мәңгілік бала бейне», «Қасқырлар мен қойлар», «Бақытсыз Жамал») қойылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиороликтер (1424 call-орталығының қызметі, сыйлықтар алуға тыйым салу, мүдделер қақтығысын шешу және т.б. туралы) жүйелі негізде радиостанцияларда («Lux FM», «102 FM», «106.8 FM», «Ақтөбе радиосы», «Тандем, «Атырау Radiosy», «Жаңа FM», «радио «МИКС», «Заман», «Рассвет», Жетісу ТРК және басқалар) және қоғамдық орындарда (барлық өңірлерде) кеңінен таратылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 70 мыңнан астам жадынама әзірленіп, азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері арасында таратылды.
Сонымен қатар кітапханаларда (ауылдық округтерге дейін) сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмелері ұйымдастырылды. Келушілердің назарына Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы кітаптар, брошюралар, жинақтар, журналдар және басқа да материалдар ұсынылды.
Ақпараттық жұмыс жоспарын іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерінде жүйелі өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық субъектілерінің күш-жігерін шоғырландырудың пәрменді құралы ретінде оның маңыздылығын растайды.
Бұл ретте негізгі нысаналы топтармен, ең алдымен жастармен атаулы жұмысқа ерекше назар аударылады.
Осы мақсатта «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы өткізілді, оның шеңберінде 397 мың мектеп оқушысының, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен 2 035 іс-шара ұйымдастырылды.
Облыс әкімдіктерінің білім басқармаларымен бірлесіп, академиялық адалдық және оның маңыздылығы мәселелері бойынша ашық сабақтар мен тренингтер өткізуді, жастар көшбасшылары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шеберлік сыныптарын ұйымдастыруды және өзге де ағартушылық
іс-шараларды көздейтін Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспар іске асырылды.
Сонымен бірге азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қоғамдық қатысудың тиімділігін арттыруға жөніндегі жүйелі жұмыс жалғастырылуда.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы шеңберінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және халықтың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізілді (тренингтер, флешмобтар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, пікірсайыс турнирлері және т.б.). Волонтерлердің қатысуымен ұйымдастырылған іс-шараларға жалпы саны 18,8 мың адам қатысты (оның ішінде мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері бар).
Бұдан басқа мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтар 189 шығу ұйымдастырды, 14,5 мыңнан астам азамат қамтылды және
1 827 проблемалық мәселе шешілді, бұл тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қоюға және жергілікті жерлерде профилактикалық жұмысты күшейтуге ықпал етті.
Осы тұрғыда Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2026 жылды Тұрақты даму мүддесіндегі халықаралық еріктілер жылы деп жариялауы айрықша маңызға ие.
Бұл шешім мемлекеттің еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған саясатының халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетіп, азаматтық қоғамның әлеуметтік маңызы бар міндеттерді, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен адалдық мәдениетін қалыптастыру ісіне кеңінен қатысуының маңыздылығын айқындайды.
Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ішкі жүйесі нығайтылуда.
Әдеп жөніндегі уәкілдер (мемлекеттік органдарда) және комплаенс-офицерлер (квазимемлекеттік сектор субъектілерінде) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша оқыту және түсіндіру
іс-шараларын (тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер), оның ішінде қазіргі қызметкерлермен және қызметке кіретін кандидаттармен жеке кездесулерді жүйелі түрде өткізеді.
Мысалы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялар тобында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы практикалық ситуациялық міндеттерді шешу бойынша Басқарма мүшелерін, бөлімше басшыларын қоса алғанда, Қор қызметкерлерін оқыту және тестілеу өткізілді. Оқытудың мақсаты қызметкерлердің іскерлік этиканың негізгі қағидаттары, ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары және Қордың ішкі комплаенс-саясаты туралы хабардарлығын арттыру болды. Тест тапсырмалары қызметкерлерге кәсіби қызметте кездесуі мүмкін нақты жағдайларды модельдеу негізінде әзірленді, бұл тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар комплаенс-талаптарды қолданудың практикалық дағдыларын бағалауға мүмкіндік берді.
Қор қызметкерлерінің анонимді сауалнамасының нәтижелері хабардар болудың жоғары деңгейін көрсетті: респонденттердің 90% астамы негізгі сұрақтарға, оның ішінде Мінез-құлық кодексін сақтау, бұзушылықтар туралы хабарлау тәртібі, мүдделер қақтығысын реттеу, стандарттарды сақтамағаны үшін жауапкершілік және санкциялық комплаенс-бақылау сияқты бағыттар бойынша сәтті жауап берді.
Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту жүйелі негізде жүзеге асырылады. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша қайта даярлау курстары және біліктілігін арттыру семинарларларынан 8,5 мың адам өтті.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерін жаппай ағарту мақсатында «Documentolog» ақпараттық жүйесінде оқыту модулі қолданылуда, аталған жүйе арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытумен 33 мыңнан астам мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік және жеке сектор өкілдері қамтылған.
Сондай-ақ БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен Германияның халықаралық ынтымақтастық қорының қолдауымен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін бір апталық курс және екі вебинар ұйымдастырылды, бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және анықтауға қазіргі заманғы тәсілдерді практикалық қолдануды кеңейтуге мүмкіндік берді.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні (2025 жылғы
9 желтоқсан) елдегі жоғары оқу орындарының, орта білім беру ұйымдарының, сараптамалық қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса алғанда, 300-ден астам қатысушыны біріктірген «Адал білім – адал ұрпақ» республикалық академиялық адалдық форумы өтті.
Форум қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және Академиялық адалдық лигасы арасында Академиялық адалдықты нығайту жөніндегі бірлескен жұмыс туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумды орындау үшін адалдық мәдениетін дамыту, халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу, сондай-ақ этика, құқықтық сауаттылық және кәсіби жауапкершілік жөніндегі бағдарламаларды кеңейту жөніндегі іс-шаралар кешенін көздейтін 2026-2027 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.
Құқықтық тәртіп органдарын түсіндіру жұмыстарына белсенді тарту және техникалық ресурстарды пайдалану сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын нығайтуға оң әсер етеді.
Мәселен, 2025 жылы прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында 150-ден астам түсіндіру сипатында іс-шара (дөңгелек үстелдер, дәрістер, интернет-конференциялар және т.б.) өткізді.
Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы күштік ведомстволардың қызметкерлері үшін 7 ғылыми-практикалық іс-шара (тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер) ұйымдастырды. Академияның бастапқы кәсіптік даярлық курстарының 354 тыңдаушысы әдепті сақтау, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқытудан өтті. Академия мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірқатар іргелі және практикалық ғылыми зерттеулер жүргізді.
Ішкі істер органдары 2025 жылы жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды «Полиция Заң мен тәртіпті күзетуде» ұранымен Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы шеңберінде жүзеге асырды.
Осы мақсатта азаматтардың өтініштерін сапалы және жедел қарау үшін мобильді топтар, сондай-ақ полиция тарапынан кідіріссіз реакцияны талап ететін төтенше оқиғаларға, оның ішінде қызметкерлерге қатысты сыни жарияланымдарға ден қою үшін жедел топтар құрылды.
Жыл ішінде ішкі істер органдарының әкімшілік ғимараттарында, сондай-ақ жалпы қолжетімді орындарда өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері сенім телефондарының нөмірлері мен WhatsApp QR-кодтарын қоса алғанда, оның ішінде LED-экрандарда және әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы 20 мыңға жуық көрнекі материал орналастырылды.
Нәтижесінде есептік кезеңде «сенім телефонына» 4,8 мың қоңырау, WhatsApp QR-коды арқылы 862 хабарлама келіп түсті, олар бойынша
242 қызметтік тергеу, 6 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тағайындалды.
60 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды.
Сонымен қатар сананы трансформациялаудағы келесі қадам «тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың» кешенді және атаулы профилактикасы арқылы, оның ішінде қызметшілердің түрлі санаттарының тән тәуекелдері мен функцияларын ескере отырып, атаулы оқу бағдарламаларына көшу арқылы «тұрмыстық ризашылыққа» қоғамдық төзімділікті әлсірету болуы мүмкін.
«Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын іске асыру (Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 1081 Жарлығында бекітілген) парасаттылыққа, заңдылыққа және қоғамға қызмет етуге негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған. Осы қағидаттар шеңберінде баса назар рәсімдерді формальды орындаудан әділ, ашық және азаматтарға бағдарланған нәтижелерді қамтамасыз етуге аударылады. Қызметтік этика стандарттарын дәйекті енгізу, мемлекеттік басқарудың сервистік моделін дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру есептілікті арттыруға және адам факторының әсерін төмендетуге ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және жауапкершіліктің бұлтартпастығын нығайту бойынша бір мезгілде іске асырылатын шаралар мемлекеттік қызметшінің әкімшілік кедергілерді жеткізуші ретінде қабылдануынан мемлекеттің кәсіби және ашық өкілінің бейнесіне көшуін қамтамасыз етеді.
Осылайша, бюрократия мен сыбайлас жемқорлыққа байланысты орныққан стереотиптерден біртіндеп бас тартуды көздейтін қоғамдық қабылдаудың өзгеруіне бағытталған орнықты үрдіс қалыптасуда, бұл азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің имиджі мен мемлекеттік қызметші мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.
Тұтастай алғанда, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тұрақты жұмыс істейтін, оны одан әрі трансформациялауға негіз болатын тетіктер қалыптастырылған.
4. Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою
4.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау және жою арқылы оны болдырмау жөніндегі тиімді шараларды әзірлеу мен іске асыруда маңызды рөл атқарады.
2025 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 48 сыртқы талдау жүргізілді, олардың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар
мен ұйымдарға 600-ден астам ұсыным енгізіліп, оның 50% орындалды.
Уәкілетті орган енгізілген ұсынымдардың орындалуына мониторингті ұдайы негізде жүзеге асырады, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жолға қойылған. Мұндай тәсіл әзірленген шараларды дәйекті сүйемелдеуді қамтамасыз етуге, оларды іске асырудың проблемалық мәселелерін уақтылы анықтауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін іс жүзінде жоюға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мәселен, спортты қаржыландыру саласында Туризм және спорт министрлігі бюджеттік саясатты жүйелендіруге және анықталған сыбайлас жемқорлық алғышарттарын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асырды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 183-VIII Заңымен дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізілді. Олар қаржыландыруды ретке келтіруге және спорттың басым түрлерін айқындауға, спорт федерацияларын аккредиттеу жүйесін жетілдіруге, бюджет қаражаты және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен шетелдік спортшыларды қаржыландыруға тыйым салуды белгілеуге, сондай-ақ спорттың ойын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын ұстауға бюджеттік қаражат лимиттерін белгілеуге бағытталған.
Бір мезгілде спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары енгізілді және допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін шаралар қабылдау бөлігінде уәкілетті органның құзыреті кеңейтілді, бұл жиынтығында мемлекеттік қаржыландырудың атаулылығын арттыруға және тиісті салада бақылауды күшейтуге ықпал етеді.
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында футбол клубтарын коммерцияландыру жөніндегі жұмысты жеделдетуді тапсырды. Мемлекеттік меншіктегі 19 клубтың 12-сі жекешелендірілді («Қайсар» ФК – «TAU GROUP LTD», «Қызыл-Жар» ФК – «ЦАТЭК» АҚ, «Жеңіс» ФК – Kaspi Group, «Шахтер» ФК - Freedom Finance, «Ордабасы» ФК – «Integra Construction KZ», «Тараз» ФК – «SD Famyli», «Ақтөбе» ФК – «Qazaq Stroy Properties», «Елім-ай» ФК – «KAZ Minerals», «Тобыл» ФК – «Eurasian Resources Group», «Оқжетпес» ФК – «Оқжетпес ФК» қоры, «Тұран» ФК – «Ordabasy Group», «Атырау» ФК – «Caspian Football Group» ЖШС). Қалған кәсіби футбол клубтары бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде және жеке капиталды тарту модельдері пысықталуда.
Бұл жұмыстың мақсаты кәсіби футболдың мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділігін төмендету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту болып табылады.
Сонымен бірге саланы басқару процестерін цифрландыру қамтамасыз етіледі. «е-Sport» ақпараттық жүйесінде спорт субъектілерін есепке алу, күнтізбелік жоспарлау және инфрақұрылым тізілімінің модульдері енгізілген. Пилоттық режимде жүйеге спорттық федерациялар мен ұйымдар қосылған, деректер базасы толтырылуда. Көрсетілген шаралар ресурстарды ашық бөлу және спортты қаржыландыру процестерінде есептілікті арттыру үшін негіз қалыптастырады.
Автомобиль жолдарын салу саласында 362 өзекті емес жобалау-сметалық құжаттама анықталды, оны әзірлеуге 23 млрд теңге ұтымсыз жұмсалды. Сондай-ақ құны 27 млрд теңге 324 объект міндетті мемлекеттік сараптамадан өткен жоқ. 408 млрд теңгеге жуық сомаға келісімшарттар алу үшін жұмыс тәжірибесі туралы 70 фирманың шынайы емес мәліметтерді пайдалану фактілері тіркелді.
Мұндай бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ұлттық жол активтері сапасы орталығының ескертулерін жою міндеттілігі бекітілді, сондай-ақ жойылмаған ақаулар болған кезде объектілерді пайдалануға беруге тыйым енгізілді.
Бұған қоса жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу мәселелері заңнамалық деңгейде реттелді, ал автомобиль жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік функцияларды орындайтын адамдарға теңестірілді, бұл олардың жауапкершілігін күшейтеді.
Цифрлық шешімдерді дамытуға орталықтандырылған есепке алуды, деректердің ашықтығын және өнімнің сапалық сипаттамаларымен айла-шарғы жасауды болдырмауды қамтамасыз ететін жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы енгізілді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында адами факторды барынша азайтуға және рәсімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, қарау мерзімдерін қысқартуды және рәсімдерді оңайлатуды көздейтін жекелеген нозологиялар бойынша мүгедектікті белгілеудің проактивті сырттай тетігі енгізілді.
Мұнымен қатар жұмыспен қамтуға мемлекеттік қолдау көрсету тетіктері жетілдірілуде. Субсидияланатын жұмыс орындарын жұмыс берушілер мен өңірлер арасында бөлудің ашық критерийлері белгіленді, автоматтандырылған бақылау инструменттері енгізілді және тиісті бағдарламаларға қатысушылардың жауапкершілігі күшейтілді.
Қатысушылардың келуін күнделікті мониторингілеу үшін жұмыс берушілер мен мансап орталықтарының жауапкершілігі көзделген, Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс берушілердің белгіленген талаптарға сәйкестігін автоматтандырылған тексеру енгізілді.
Сонымен қатар инватакси қызметін бәсекелестік ортаға беру мақсатында сапарларды цифрлық есепке алуды жақсарту және уақыт пен жалған қызметтердің тіркелуін болдырмау үшін Әлеуметтік кодекске және «Автомобиль көлігі туралы» Заңға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы инватакси қызметтерін көрсету бөлігінде түзетулер енгізілді. Бұл мүгедектігі бар адамдарға өздерінің ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, арнайы көлік қызметтеріне тапсырыс беруге мүмкіндік береді, сондай-ақ қызмет көрсету мерзімдері мен күту уақытын қысқартады.
Білім беруді қаржыландыру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп
14 іс-шара көзделген, оның 9-ы орындалды.
Мәселен, 2 966 орта мектептің 2 962-сінде сабаққа қатысуды бақылауды автоматтандыру жөніндегі аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылған, бұл 99,9% құрайды (қалған 4 білім беру мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, аяқтау мерзімі – 2026 жылғы шілде).
Ұлттық білім беру дерекқорын бюджетті жоспарлаудың 12 ақпараттық жүйесімен интеграциялау жүзеге асырылды. Бұл жергілікті атқарушы органдар деңгейінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және бекіту процесін автоматтандыруға, сондай-ақ қызметкерлер мен оқушылар контингенті бойынша мәліметтерді автоматты түрде алуға мүмкіндік берді.
Еліміздің 14 өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстары, Алматы және Шымкент қалалары) орталықтандырылған бухгалтерия енгізілді, бұл бухгалтерлік есептің ашықтығын арттырады және іс жүзінде деректерді манипуляциялау тәуекелдерін жояды.
Ғылымды қаржыландыру саласында Ғылым және жоғары білім министрлігі Жол картасында көзделген 105 тармақтан 80 іс-шараны іске асырды.
Атап айтқанда, конкурстық құжаттаманы қалыптастыру кезеңінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруда сметаның қаржылық-экономикалық негіздемесі енгізілді, аккредиттеу туралы куәлік болмаған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда шарт жасасуға техникалық тыйым белгіленді, сондай-ақ бір және сол мақсаттарға арналған халықаралық бағдарламалар шеңберінде (сатып алынған жабдықтың құнын өтеуге және грант бойынша жабдықты сатып алуға субсидиялар) қосарланған бюджеттік қаржыландыру және қоса қаржыландыру алу мүмкіндігі алып тасталды.
Сонымен қатар «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» ақпараттық жүйесінде жобаларға қатысушы тұлғалар туралы мәліметтер шифрланған, бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды белгілі
бір мерзімге одан әрі бюджеттік қаржыландыруға қолжетімділік шектелген, бір және сол өтінімді қайта сараптамадан өткізуге тыйым белгіленген, өтінімдерді қарайтын сарапшыларды қолмен іріктеу алып тасталған,
сондай-ақ ақпараттық жүйедегі барлық өзгерістер туралы мәліметтердің сақталуы қамтамасыз етілген.
Сонымен бірге 2026 жылғы 12 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобалар мен бағдарламаларды іріктеуге, сондай-ақ жобаларды қаржыландыру не мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдауға қатысатын алқалы органдардың мүшелерін мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға жатқызуды көздейтін заңнамаға толықтырулар карастырылған.
Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар мен шектеулерді оның ішінде ғылым саласындағы гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы шешім қабылдайтын ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелеріне қолдануға мүмкіндік береді.
Осылайша, қабылданып жатқан шаралар кешенді және жүйелі сипатқа ие, процестерді цифрландыруға, басқарудың ашықтығын арттыруға және қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Мұның бәрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты ортаны қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау үшін алғышарттарды төмендетуге ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг шеңберінде 2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау, жақын туыстары мен жұбайларының бірлескен қызметі, мүдделер қақтығысы фактілері бойынша құқық қолдану практикасын кешенді зерделеу жүргізілді, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру және жер қойнауын пайдаланушылардың өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыруы саласындағы тәуекелдерге талдау жасалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мониторингінің нәтижелері бойынша 122 бұзушылық фактісі анықталды. Бұзушылықтардың ең көп саны Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркелген.
Оларды жасағаны үшін 13 адам әкімшілік жауаптылыққа, 58 адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 14 басшы қарамағындағылардың әрекеттері не әрекетсіздігі үшін жауапқа тартылды.
43 адам атқаратын мемлекеттік лауазымдарынан босатылды.
Ең жиі таралған бұзушылықтардың ішінде құмар ойындарға қатысу және бәс тігу (37 факт), мемлекеттік қызметті кәсіпкерлік қызметпен ұштастыру (15 факт), декларацияларды ұсыну жөніндегі талаптарды сақтамау (12 факт), туыстарын жұмысқа орналастыру (10 факт), мүдделер қақтығысын уақтылы реттеу жөнінде шаралар қабылдамау (10 факт) және мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі талаптарды сақтамау (8 факт) оқиғалары анықталды.
Қабылданған ден қою шаралары тек кінәлі адамдарды жауапқа тартуға қана емес, сонымен қатар құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағдарланған.
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мониторинг балабақша тәрбиеленушілерінің бару санымен айла-шарғы жасау фактілерін анықтады.
Балалардың болмау себептері шындыққа сәйкес келмейтін жалған медициналық анықтамалар мен ата-аналардың өтініштерін есепке алу табеліне енгізу оқиғалары анықталды. Бұдан басқа, мектепке дейінгі ұйымдардың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларды қоса алғанда, қажетті рұқсат құжаттарынсыз қызметін жүзеге асыру фактілері бар.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында ішкі бақылауды күшейту, жүйелі профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету, мемлекеттік деректер базасына кіріктіре отырып, тәуекелдерді басқаруды автоматтандыру, ваучерлік қаржыландыру шеңберінде биометриялық сәйкестендіруді енгізу, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарды тексеру жөніндегі арнайы комиссиялардың қызметін регламенттеу ұсынылды.
Жер қойнауын пайдаланушылардың өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыру ы саласында да елеулі тәуекелдер анықталған.
Заңнамамен белгіленген міндеттемелердің болуына қарамастан, оларды орындаудың әртүрлі тетіктерін қолдану (бюджеттік сыныптама коды бойынша қаражат аудару, меморандумдар жасасу, инвестициялық жобаларды іске асыру) олардың орындалуын есепке алу және бақылау тиімділігін төмендетті.
Міндеттемелердің едәуір бөлігі меморандумдар мен инвестициялық жобалар арқылы орындалады, бұл ашықтықты төмендетеді және қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қиындатады.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына түсетін түсімдерді орталықтандырылған есепке алудың болмауы әртүрлі ведомстволардың есептілігінде елеулі сәйкессіздіктерге әкеп соқтырды (2022-2023 жылдары: Қаржы министрлігінің деректері бойынша – 47,9 млрд теңге, Бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі бойынша – 6,5 трлн теңге, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Энергетика министрлігі бойынша – 30,5 млрд теңге).
Сонымен қатар қатты пайдалы қазбалар және кең таралған пайдалы қазбалар үшін бірыңғай аударымдар сомасын анықтау стандарт орнатылмаған. Өңірдің дамуына аударымдар сомасын белгілеу жүйелі емес сипатта. Аударымдардың бірыңғай мөлшері (инвестициялардың 1%) белгіленген уран және көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланудан айырмашылығы, жер қойнауын пайдаланудың басқа түрлері үшін бірыңғай нормативтер көзделмеген.
Аударымдар сомаларын айқындау қағидалары мен айқын өлшемшарттарына қатысты мәселелердің реттелмеуі өңірлерде әртүрлі тәсілдердің қолданылуына алып келеді және оларды белгілеу кезінде айла-шарғы жасауға жағдай тудырады.
Жекелеген облыстарда кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттарда өңірдің дамуын қаржыландыру жөніндегі талаптар жоқ (мысалы, Түркістан облысындағы келісімшарттардың шамамен 50%).
Бірқатар жағдайларда міндеттемелердің сомалары әртүрлі өлшем бірліктерінде белгіленеді (теңге, АЕК, шығындардың проценті), бұл оларды салыстыруды және бақылау қиындатады (мысалы, Ақмола облысында
121 келісімшарттың ішінен 66 жағдайда сома теңгемен, 52 жағдайда – АЕК-те,
3 жағдайда шығындардың процентімен көрсетілген).
Энергетика министрлігінің кейбір келісімшарттарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдар сомасы тіркелмейді,
ол жергілікті атқарушы органдармен және жер қойнауын пайдаланушылармен келісім бойынша айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік және қаржылық міндеттемелерді (келісімшарттар мен лицензиялардың барлық түрлері бойынша) орындауын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдардың бірыңғай нормативін енгізу мәселесін қарау ұсынылды.
Осы шараларды іске асыру қаржы ағындарының ашықтығын арттыруға, деректердің салыстырмалылығын қамтамасыз етуге және жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орындауын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Талдамалық жұмыстың тағы бір бағыты мемлекеттік сатып алудың мониторингі болып табылады. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің құнын жалпы сомасы 29 млрд теңгеге асыра бағалау фактілерін анықтады, бұл бюджет қаражатын тиімсіз және ашық жұмсамаудың елеулі тәуекелдерінің бар екендігін көрсетеді.
Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша тапсырыс берушілер көрсетілген соманы қайта қарады, жоспарлы бағалар төмендетілді немесе сатып алынатын тауарлардың көлемі ұлғайтылды.
Заңнамада ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған Жетісу облысының мысалын көрсетуге болады.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 23-тармағының талаптарын бұза отырып (Қаржыминінің 09.10.2024 ж. № 687 бұйрығы), Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінде жоқ жеткізушілермен шарттар жасасу фактілері болды (Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.03.2018 ж. № 53/НҚ бұйрығы).
Алдын алу әсерін күшейту мақсатында мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушыларды әкімшілік жауаптылыққа тарту жөніндегі жұмыс жүргізілді (мониторинг барысында анықталған бұзушылық белгілері барлық фактілер әкімшілік жауаптылықты қарау үшін ішкі мемлекеттік аудит органдарына берілді).
125 бұзушылық анықталды, кінәлі тұлғалардан жалпы сомасы
24,6 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар өндірілді.
Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері тұрақты негізде бекітілген кестелерге сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді және оларды жою бойынша алдын ала шаралар қабылдайды.
Мәселен, мысалы, Көлік министрлігінде 23 құрылымдық бөлімшеде талдау жүргізіліп, 119 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған,
оның 82-сі жойылды, 37 іс-шара бойынша жұмыс өзге есептік кезеңге жоспарланған болатын.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінде ішкі талдау 70 сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтауға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні 25-і (35%) жойылды, қалған іс-шараларды орындау жалғасуда.
Өңірлік деңгейде, Шығыс Қазақстан облысында әкімдіктің және оған ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
82 құрылымдық бөлімшесінің қызметіне талдау жасалды. 438 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, оның төрттен бірі (100-ден астам) нормативтік құқықтық актілерде тіркелген. Негізгі үлесті құқықтық олқылықтар (40-тан астам), коллизиялар (30) және артық әкімшілік талаптар (10) құрайды. Оларды жою мақсатында орталық мемлекеттік органдарға заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстармен бастамашылық хаттар жолданды.
Осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы және ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг ұдайы кері байланыс және басқарушылық шешімдерді түзету тетігін қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттарын анықтауды және жоюды қамтамасыз етеді. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың қазіргі кезеңінде мемлекеттік құрылымдардың бизнес-процестерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алып тастағаннан кейін рәсімдерді міндетті түрде сынақтан өткізе отырып және әсерін өлшей отырып, «sludge-аудит» қағидатын енгізу ерекше мәнге ие болады.
4.2. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесінде нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасына ерекше рөл берілген.
2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді үйлестіруді «Г. Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (бұдан әрі – Үйлестіруші) жүзеге асырды.
Есептік кезеңде нормативтік құқықтық актілердің 3 239 жобасы бойынша сарапшылар 5 138 ескерту берді, оның 4 103 немесе 79,9% әзірлеуші мемлекеттік органдар ескерді.
Бұл көрсеткіштер норма шығармашылық процесі сатысында сыбайлас жемқорлық нормаларын енгізудің алдын алу және әзірленіп жатқан нормативтік құқықтық актілер жобаларының сапасын арттыру инструменті ретінде сараптаманың сақталып отырған практикалық маңыздылығын куәландырады.
Сонымен бірге талдау норма шығармашылықтың негізгі проблемасы анықталған ескертулердің санында емес, бір және сол ақаулардың қайталануында екенін көрсетеді.
Олардың ішінде нормалардың шамадан тыс жүктелуі. Көбінесе нормалар артық элементтерді қамтиды, бұл оларды қолдануды қиындатады және түсініксіздікті тудырады.
Сондай-ақ рәсімдік пысықтаудың жеткіліксіздігіне жол беріледі. Көптеген жобаларда әрекеттер тізбегі, рәсімдердің айқын логикасы және іске асыру тетігі жоқ.
Өкілеттік балансының ауысуы орын алады. Жобалық нормалар бірқатар жағдайларда мемлекеттік органның ұстанымын күшейтеді, арыз берушінің құқықтарын қорғауды әлсіретеді, біржақты шешімдерге жол береді.
Сонымен қатар нормалар олардың талаптары формальды сақталатындай, бірақ қоғамдық қатынастар іс жүзінде реттелмейтіндей (реттеудің формальды сипаты) қалыптастырылуы мүмкін.
Бұл ретте жобаларды әзірлеу сапасының төмендеуіне әзірлеушілерге жүктемені арттыруға және қателіктердің ықтималдығына әкеп соғатын мемлекеттік органдардың нормашығармашылық белсенділігінің шоғырлануы ықпал етеді.
Көрсетілген факторлар бірнеше министрліктерде айқын көрінеді.
Мәселен, Қаржы министрлігінде қаржылық реттеу нормаларының шамадан тыс жүктемесі құқық қолданудың күрделенуіне, балама түсіндірулердің пайда болуына және нормаларды іріктеп қолдану тәуекелдерінің өсуіне әкеледі.
Мұнда әсіресе бюджеттік рәсімдер, салықтық әкімшілік және қаржылық ресурстарды бөлу ерекше осал болып табылады. Басты проблема – нормалардың күрделілігі және тетіктерді жеткіліксіз детализациялау.
Денсаулық сақтау министрлігінің жобалары бойынша ескертулер нормалардың негіздемелік сипатына, нақты регламенттің болмауына және лауазымды тұлғалардың айтарлықтай қарау мүмкіндігіне қатысты. Бұл қызметтерге тең емес қол жетімділікке, әртүрлі қолдану практикасына және мүдделер қақтығысының туындауына тәуекелдер туғызады.
Реттелетін саланың жоғары әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, тұжырымдамалардың дәлдігі мен бірегейлігіне қойылатын талаптарды арттыру қажет. Егжей-тегжейлі процедуралар болмаған жағдайда, ұқсас жағдайларда пациенттерге бірдей емес тәсіл тәуекелі артады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінде шешімдердің жауапты тұлғалардың қалауына тәуелділігі, әсіресе ресурстарды бөлу және мемлекеттік қолдау шараларына рұқсат беру мәселелерінде типтік проблема байқалады.
Нормалардың мұндай конструкциясы таңдап қолдануға, рәсімдердің ашық болмауына және жүйеге деген сенімнің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Субсидия алушыларды бағалау мен іріктеудің айқын тетіктерінің болмауы ерекше назар аударуды талап етеді, бұл реттеудің болжамдылығын төмендетеді.
Ішкі істер министрлігінің жобалары бойынша ескертулердің салыстырмалы түрде төмен көрсеткішіне қарамастан, проблемаларды толық анықтамау және сараптамаға формальды көзқарас тәуекелін ескеру қажет.
Полиция қызметіне қатысты нормалар көбінесе тұжырымдардың жоғары дәрежедегі дәлдігін және нормалардың қолданыстағы заңнамамен сәйкестігін талап ететін құқықтық қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Алайда жекелеген жобаларда рәсімдердің жеткілікті түрде нақтыланбауы байқалуы мүмкін, бұл құқықтық нормалар арасындағы қайшылықтардың туындауына және құқық қолдану практикасында қиындықтардың пайда болуына алғышарттар жасайды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Көлік министрлігі жеке назар аударуға лайық, оларда техникалық күрделі нормаларды жеткіліксіз пысықтаумен байланысты тәуекелдер сақталады.
Реттеу көбінесе маманжандырылған сипатта болады, бұл тұжырымдардың жоғары дәлдігін және нормаларды құрудың айқын логикасын талап етеді. Сонымен қатар бірқатар жобаларда оларды іске асыру тетіктерін жеткілікті түрде ашпай, күрделі конструкцияларды пайдалану байқалады.
Осындай проблемалар Мәдениет және ақпарат министрлігінде, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің жекелеген жобаларында байқалады, мұнда нормалар көбінесе бағалау санаттарын қамтиды және оларды қолданудың нақты өлщемшарттарымен бірге жүрмейді. Бұл бір және сол ережелерді іске асырудың әртүрлі практикасына әкелуі мүмкін. Бірқатар жағдайларда шешімдер қабылдау рәсімдерінің жеткіліксіз детализациясы тіркеледі, бұл реттеудің ашықтығы мен болжамдылығы деңгейін төмендетеді.
Әлеуметтік бағдарланған салаларда қатысушылардың кең шеңбері үшін нормалардың анықтығы мен қол жетімділігі ерекше маңызды екенін қосымша ескерген жөн, бұл олардың мазмұны мен құрылымын мұқият пысықтауды қажет етеді.
Жиынтығында көрсетілген мән-жайлар олардың айқындылығын, дәйектілігін және практикалық қолданылуын арттыруға бағытталған нормаларды анағұрлым терең пысықтау қажеттілігі туралы куәландырады.
Тиімділікті арттыру үшін НҚА әзірлеудің бірыңғай стандарттарын енгізу, алдын ала талдауды күшейту және кемшіліктерді ресми түзетуге емес, оларды мағыналы түрде жоюға бағдарлау талап етіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың одан әрі институционалдық дамуы заңнамалық тұрғыдан бекітілді.
Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығармашылық және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы Заңымен мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметін ғылыми сүйемелдеуді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуді үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті ұйымның мәртебесі «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Институт) бекітілді.
Бұл шара нормашығармашылық қызметті ғылыми сүйемелдеу сапасын одан әрі арттыруға бағытталған.
Бұдан басқа, аталған Заңды іске асыру шеңберінде Институт нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бөлуді, дайындауды және сараптама қорытындыларын жіберуді, сондай-ақ сараптама жүргізуге байланысты өзге де рәсімдерді сүйемелдеуді қоса алғанда, Үйлестіруші мен сарапшының цифрлық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін «Ғылыми сараптамалар» ақпараттық жүйесін әзірледі.
Бұл платформаны енгізу сараптамалық қызметтің ашықтығын, жеделдігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Жалпы қабылданған шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама институтын одан әрі жетілдіруді, оның ұйымдық негізі мен институционалдық негізін нығайтуды қамтамасыз етті.
4.3. Цифрландыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы ретінде
Цифрландыру мемлекеттік органдардың тиімділігін, ашықтығы мен есептілігін арттырудың негізгі құралы болып қала береді. Электрондық алгоритмдерді енгізу азаматтар мен бизнестің мемлекеттік қызметтерге және ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтуге ықпал етеді, сондай-ақ тиімдірек өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік органдар арасындағы деректер алмасуды жақсартады.
2025 жылы процестерді оңтайландыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған цифрлық бастамалар кешені іске асырылды.
Маңызды жобалардың бірі «Цифрлық теңге» болды, ол 2021 жылдан бастап бірнеше пилоттық кезеңдерден өтіп, 2025 жылы үш бағытты іске асыруды аяқтады.
Бірінші бағыт бойынша «Достық-Мойынты» темір жолының екінші желісінің құрылысын және «Талдықорған-Үшарал» газ құбырының құрылысын қоса алғанда, Ұлттық Қор қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі жоба іске асырылды.
Екінші бағыт Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп іске асырылды және «Ауыл Аманаты» бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға несие беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға инвестициялық субсидиялар беру жөніндегі жобаларды қамтыды.
Осы жобалар шеңберінде цифрлық іздерді қолдану сатушылар мен жеткізушілерге заңды маңызы бар, расталған оқиғалар, оның ішінде меншік құқығының ауысуы және тауардың берілу фактісі расталғаннан кейін ғана төлем жасауға мүмкіндік берді. Бұл бюджет қаражатын қосымша қорғауды қамтамасыз етті және оларды мерзімінен бұрын не негізсіз аудару тәуекелдерін барынша азайтты.
Үшінші бағыт Атырау және Павлодар облыстарында автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жобаларды іске асырумен байланысты. Мұнда сондай-ақ бюджет қаражаты қозғалысының барлық кезеңдерінде «ақшаны бояу» жолымен сатып алу рәсімдерінің ашықтығы қамтамасыз етілген.
Сонымен бірге цифрлық теңге платформасын қолдана отырып, Ұлттық банкте және оның еншілес ұйымдарында сатып алуды жүзеге асыру бойынша пилоттық жобалар жүргізілді. Негізгі мақсат жеткізу тізбегінің ашықтығын орнату және міндеттемелерді орындаудың барлық кезеңдерінде ақша қаражаттарының қозғалысын бақылауды арттыру болып табылады.
Сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен және «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-мен бірлесіп, қаражатты таңбалаумен және оларды жеткізуші-қарыз алушылар тізбесіне байланыстыра отырып, цифрлық теңгемен қарыздар беру жөніндегі пилоттық жобалар іске асырылды, бұл қарыз қаражатын пайдаланудың атаулы сипатын қамтамасыз етуге және оларды өзге мақсаттарға бұруды шектеуге мүмкіндік берді.
Тұтастай алғанда, «Цифрлық теңге» жобасы шеңберінде ақшалай қаражатты олардың бүкіл қозғалыс жолында түпкілікті алушыларға дейін таңбалау іске асырылды, бұл қаржы ағындарының ашықтығын арттыруға және олардың мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді.
Цифрлық теңгемен қатар қоғам өмірінің түрлі салаларында ақпараттық технологияларды енгізу арқылы адами факторды жоюға байланысты басқа да жобалары жалғасуда.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау жүйесін ауқымды цифрлық трансформациялауды жүргізуде.
Мәселен, салық және кеден салаларында лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз салықтық бақылау хабарламаларын автоматты түрде қалыптастыру енгізілді, ақпараттық жүйелерді интеграциялау жүзеге асырылуда, инспекциялық-тексеру кешендерінің деректерін талдау үшін жасанды интеллект құралдары енгізілуде. Көрсетілген шаралар бақылау объектілерін субъективті таңдауды және тексеру нәтижелерін түзетуді болдырмауға мүмкіндік береді.
Қызметкерлердің іс-әрекеттерін цифрлық тіркеу қосымша қамтамасыз етілді: бақылау іс-шараларының фото және бейнетіркеуі енгізілді, ақпараттық жүйелерге қол жеткізу құқықтарына түгендеу жүргізілді, жауапты тұлғаларды сәйкестендіру тетіктері іске асырылды.
Мемлекеттік аудит жүйесінде қашықтықтан бақылау және онлайн-мониторингке көшу жүзеге асырылуда. Көшпелі тексерулер санын қысқарту бюджет қаражатын негізсіз жоспарлауды қоса алғанда, бір уақытта бұзушылықтарды анықтаудың тиімділігін арттыра отырып, сыбайлас жемқорлықпен өзара іс-қимыл жасау тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Осы жұмыстың шеңберінде қаржылық тәуекелдерді жедел анықтауға және бұзушылықтар туындағанға дейін олардың алдын алуға мүмкіндік беретін «Аудитордың бірыңғай кабинеті» енгізілді.
Бұл платформа онлайн режимде талаптар қоюға және бұзушылықтар кезінде ден қою шараларын қабылдауды қоса алғанда, олардың орындалуын автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл лауазымды адамның аудит объектісімен тікелей байланысы түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелін жояды.
Мемлекеттік сатып алу саласында негізгі жаңалықтардың бірі мемлекеттік сатып алудың және «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйе – Сатып алудың бірыңғай платформасын құру болды.
Бірыңғай сатып алу платформасы мемлекеттік сатып алу
веб-порталымен, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің алаңдарымен және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен біріктірілген (goszakup.gov.kz, mitwork.kz, zakup.sk.kz).
Реттелетін сатып алу жөніндегі мәліметтерді талдау және шоғырландыру мақсатында 2025 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерін сатып алу және білім алушылардың тамақтануын сатып алу рәсімдерін (goszakup.gov.kz), дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен қызметтерді сатып алу порталы (fms.ecc.kz), медициналық ұйымдарға арналған сатып алу веб-порталы (med.ecc.kz), табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу алаңдарын (eurasiantech-tender.kz, caspytender.kz, zakup-besk.kz, etbemp.kz, ets-tender.kz, sic.kz, mp.kz, e-port.kz) интеграциялау жөніндегі жұмыстар аяқталды.
Бұл шаралар «бір терезе» қағидаты бойынша барлық реттелетін сатып алу алаңдарына бірыңғай қолжетімділік беру арқылы пайдаланушылардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған.
Тұтастай алғанда, Бірыңғай сатып алу платформасын іске қосу Қазақстанның сатып алу жүйесін цифрлық трансформациялаудың маңызды кезеңі болып табылады. Жаңа модель рәсімдердің ашықтығын арттыруға, бәсекелестікті дамытуға және сатып алу процесінің барлық қатысушылары үшін заманауи, ашық және тиімді ортаны қалыптастыру ықпал етеді.
Сонымен қатар құрылыс саласында сатып алулар конкурстық комиссияның қатысуынсыз, автоматты режимде рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өтеді.
Бұдан басқа, әдеттегі конкурстың мерзімі 60-тан 10 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды, сондай-ақ сатып алудың қоғамдық мониторингінің мүмкіндіктері кеңейтілді.
Әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындау автоматтандырылған. Пилоттық жоба шеңберінде шешімдерді автоматты түрде қабылдаудың толық циклі енгізілді (құжаттардың толықтығын тексеру, төлемдерді тағайындау, төлемдердің уақтылығы мен дұрыстығын тексеру, тағайындаудан бас тарту, мөлшерлерді қайта есептеу, әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру және тоқтату).
Жаңа алгоритм көрсетілетін қызметті алушылардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бөлімшелерінің қызметкерлерімен тікелей байланысын болдырмауға мүмкіндік берді, бұл субъективті араласу тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді. Сонымен қатар өтінімдерді қарау мерзімдерін 3-5 күннен 1 жұмыс күніне дейін қысқартуға қол жеткізілді.
Көліктік бақылау саласында республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда ауыр салмақты және ірі габаритті автокөлік құралдарының өтуін бақылауды автоматтандыру жалғасуда.
2025 жылдың соңына қарай салмақ және габариттік параметрлерді өлшейтін 73 автоматтандырылған станция орнатылды (41 – республикалық маңызы бар жолдарда, 32 – жергілікті жолдарда).
Олар автоматты режимде жұмыс істейді: бұзушылықтарды жүйе тіркейді, ал айыппұлдар туралы ұйғарымдар автоматты түрде қалыптастырылады және көлік құралдарының иелеріне жіберіледі.
Ақпараттық жүйелерді интеграциялау және бақылауды автоматтандыру анықталған бұзушылықтар мен өндіріп алынған айыппұлдар санын едәуір арттыруға мүмкіндік берді.
Мәселен, егер автоматтандырылған жүйе іске қосылғанға дейін
(2024 жылдың қыркүйегінен бастап 2025 жылғы маусымға дейін) 370 млн теңге сомасына айыппұл жазып, жол-салмақты бақылау қорытындысы бойынша 1 020 ұйғарым ресімделген болса (қолмен – тәулігіне 10 ұйғарымға дейін),
одан кейін (2025 жылғы маусымнан желтоқсанға дейін) 3 млрд 200 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салумен 13 000-нан астам ұйғарым ресімделген.
Осындай елеулі динамиканы ескере отырып, сыбайлас жемқорлық схемаларының барлық тараптары бұзушылықтарды жасыруға мүдделі болған кезде жасырын сыбайлас жемқорлық деңгейі бір мезгілде төмендеді деп болжауға болады.
Сонымен қатар тасымалдауға электрондық рұқсаттар енгізілді,
бұл олардың заңсыз айналымы үшін алғышарттарды жояды және әкімшілік шығындарды азайтады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында жекелеген органдарға (ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі, Қаржылық мониторинг агенттігі) көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын бейнебақылау жүйесіне және қызметкерлерінің бейнежетондарының жазбаларына қолжетімділік берілді.
Құқық қорғау және қадағалау қызметін цифрландыруда прогреске қол жеткізілді. Қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуді автоматтандыру, тексерулер тағайындау, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін тіркеу шеңберінде жұмыс жалғастырылды.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде 2025 жылы істердің 93% цифрлық форматта тергелді. Сот сараптамаларын тағайындау және «Е-Заң көмегі» жүйесімен интеграциялауды қоса алғанда, адвокаттармен өзара іс-қимыл рәсімдері цифрландырылды.
Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінде материалдардың
99,7% онлайн қалыптастырылды. Автоматтандыруды кеңейту үшін бұл жүйе басқа ақпараттық ресурстармен біріктірілген («Documentolog» АЖ – заңды тұлғалар үшін айыппұл төлеу қажеттілігі туралы шығарылған ұйғарымдар туралы хабарламаларды жеткізу үшін, «Бүркіт» АЖ – шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автомобильдердің жүргізушілері туралы деректерді алу арқылы құқық бұзушылықтарды тіркеу үшін).
Бұдан басқа, орташа жылдамдық пен салмақ габариттерін бұзу бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғау, инвесторларға қатысты істерді прокурорлардың электрондық келісуі, істерді мәжбүрлеп орындауға автоматты түрде жіберу процестері цифрландырылды.
Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы шешімдерге шағымдану мүмкіндігі енгізілді.
Бизнесті заңсыз араласудан қорғау мақсатында «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.
2025 жылы тексерулердің жалпы саны 8,6% (100 904-тен 92 275-ке дейін), оның ішінде жеке кәсіпкерлік және шағын бизнес субъектілеріне қатысты төмендеді. Алдын ала бақылау шеңберінде тіркеу сатысында 658 тексеруді жүргізуден бас тартылды, қосымша 2 585 заңсыз тексеру анықталды, оның
1 571-і бизнеске қатысты.
Сонымен қатар жер қатынастарын цифрландыру, оның ішінде Мемлекеттік бірыңғай жылжымайтын мүлік кадастрын дамыту арқылы жалғасуда.
Жер ресурстары туралы деректердің ашықтығын кеңейту мақсатында осы жүйеде 10 мемлекеттік қызмет іске асырылды: жер учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету); жер учаскесінің кадастрлық құнын айқындау; жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту; жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп төлеуге сату; жобаланатын жер учаскесін ақпараттық жүйенің графикалық деректерімен келісу; әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын ақпараттық жүйенің графикалық деректерімен келісу; республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу; жер-кадастрлық істен құжаттардың көшірмелерін ұсыну.
Денсаулық сақтау саласында «бір терезе» қағидаты бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу жөніндегі композиттік мемлекеттік қызметті енгізуге бағытталған пилоттық жоба іске асырылуда. Барлық құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін бірыңғай цифрлық интерфейс арқылы беріледі. Бұл бұрын шашыраңқы кезеңдерді (сараптама, тіркеу, баға белгілеу) бірыңғай процеске біріктіруге және өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берді. Жобаны іске асыру әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге, өтініш берушілерге жүктемені азайтуға және баға белгілеу мәселелерін қоса алғанда, реттеуші шешімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған.
«Әлеуметтік әмиян» тетігі шеңберінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі және ашықтығы іске асырылды.
Басқа цифрлық тетіктермен (e-Densaulyq, Halyk, ВЦК, Face ID және SMS коды) берілген рецепттерді қоса алғанда, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
90,1% құрайды. Сонымен қатар қағаз рецептердің үлесі 9,9% құрайды, өйткені барлық азаматтардың қолында смартфондар мен интернет жоқ, сондай-ақ дәрілік заттарды алушылардың бір бөлігі қарттар мен балалар болып табылады.
«Әлеуметтік әмиян» медициналық персоналға жүктемені азайтады және қағаз рецепт алу үшін дәрігерге бару қажеттілігін жояды. Дәрі-дәрмектерді алудың бүкіл тарихы бір қосымшада сақталады, дәрі-дәрмектерді өз бетінше алу мүмкін болмаған жағдайда рецепті жақын туыстарымен бөлісу мүмкіндігі қарастырылған. «Әлеуметтік әмиян» медициналық ұйымдар тарапынан қосып жазу тәуекелін азайтуда және дәрілік затты өндіруден/елге әкелуден бастап «Қазақтелеком» АҚ таңбалау жүйесі арқылы сатудан шығаруға дейінгі барлық жолды қадағалауға жәрдемдесуде маңызы бар.
Сондай-ақ медициналық ұйымдардың сатып алуларын цифрландыру шеңберінде Қаржы министрлігі Электрондық қаржы орталығының веб-порталы (med.ecc.kz) арқылы электрондық форматқа өткізілді.
Med.ecc.kz жүйесі нақты уақыт режимінде ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл сатып алу жоспарын, рәсімдердің барысын (сатып алу тәсілдеріне бөле отырып: тендер, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден), жасалған шарттарды бақылауға, сондай-ақ тәуекелдер мен сәйкестіктерге талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша веб-порталда 2 476 жеткізуші, 792 медициналық ұйым тіркелді, 242,9 млрд теңге сомасында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге шамамен 49 мың шарт жасалды.
Бұл тетік дербес сатып алудың ашық, жылдам және тиімді процесін, жеткізушілер үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы
31 наурыздағы № 28 бұйрығымен өндірістік алаңдарды инспекциялау кезінде фототүсірілімді қоса алғанда, міндетті түрде аудио және (немесе) бейнежазба жүргізу белгіленген (оның ішінде бұзушылықтар болмаған кезде), бұл рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді және сыбайлас жемқорлықты азайтуға оң әсерін тигізеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бөлігінде елеулі нәтижелерге агроөнеркәсіптік кешенде адамның қатысуын барынша азайту жолымен қол жеткізілді.
Аралық цифрлық экожүйеге және проактивті мемлекеттік қызметтерді дамытуға өтумен 120-дан астам бизнес-процесті қамтитын кешенді цифрлық трансформация жүзеге асырылуда.
Осы жұмыстың шеңберінде 2025 жылы топырақты агрохимиялық зерттеу (18 процесс) және мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары (субсидиялау және ұрықтандыру бойынша 24 процесс) салаларындағы бизнес-процестердің реинжинирингі аяқталды.
Сонымен қатар Smart Data Ukimet жүйесі арқылы заңды тұлғаның атауы өзгерген кезде куәліктерді қайта ресімдеу бөлігінде пестицидтерді тіркеу және тұқым өндірушілерді аттестаттау жөніндегі қызметтер проактивті режимге ауыстырылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында «Монополист» деректер базасы арқылы тарифтік реттеу процесі цифрландырылды.
Тариф белгілеу процесі: тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды бекітуге өтінімдер беру, жария тыңдаулар өткізу туралы хабарландыруларды жариялауға, тарифтерді бекіту және түзету, олардың орындалуы бойынша есептілікті қалыптастыру автоматтандырылған.
«Монополист» базасының жаңартылған нұсқасы мемлекеттік деректер базасымен және электрондық сатып алу алаңдарымен интеграциялау есебінен деректердің шынайылығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ растайтын құжаттардың көлемін оңтайландырады.
Осылайша, тарифтік саясаттың ашықтығын арттыратын және инвестициялық қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды күшейтетін бірыңғай цифрлық кеңістік қалыптастырылды.
Маңызды цифрлық жобалардың бірі Еуропалық Одақтың қолдауымен «Е-қызмет» персоналды басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу болды (2023-2024 жылдары сынақтан өтті, 2025 жылы енгізілді, ал 2026 жылдан бастап барлық мемлекеттік қызметшілерді іріктеу тек онлайн форматта өткізілуде).
Ол HR-процестерді толық автоматтандыруды қамтамасыз етеді, кадрлық деректерді орталықтандырады, бюрократиялық кедергілерді жояды және субъективті шешімдер қабылдау тәуекелдерін азайтады.
Бұл жұмысқа қабылдау, тиімділікті бағалау және қызмет бойынша ілгерілету рәсімдеріне, соның ішінде командалық ауысымдарды қадағалауда меритократия, әділдік пен ашықтық принциптерін толыққанды ұстануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік сектордағы кадрлық процестерді цифрландыру сәттілігінің айқын көрсеткіші Қазақстанның «Е-қызметті» енгізу тәжірибесінің беделді халықаралық OPSI (Observatory of Public Sector Innovation – ЭЫДҰ-ның мемлекеттік басқарудағы инновацияларды жинақтауға, талдауға және таратуға арналған жаһандық платформасы) платформасында жариялануы болды.
Тұтастай алғанда, 2025 жылы цифрлық трансформация тиімділікті, ашықтықты және билік органдарының есептілігін арттыруда айтарлықтай табыстар көрсетті. Адами факторды барынша азайту, қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар цифрлық шешімдерді енгізудің өзі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселесін біржола жаппайды. Ақпараттық жүйелерді пайдалану барысында физикалық техниканың тозуына ұқсас техникалық және бағдарламалық кемшіліктер туындауы мүмкін. Бұл техникалық ақауларға, процестердің тоқтап қалуына әкеледі және сәйкесінше мәселелерді бейресми шешуге жағдайлар жасайды.
Осыған байланысты техникалық және қасақана сипаттағы осалдықтарды анықтау және жою, сондай-ақ бүкіл пайдалану кезеңінде заңсыз араласуды бұғаттау қабілетін сақтау тұрғысынан ақпараттық жүйелердің өздеріне ұдайы мониторинг жүргізу мәселесі өзекті болып қала береді.
Масштабтауды жалғастыру және инновациялық шешімдерді одан әрі енгізу цифрлық мемлекеттің орнықты дамуы, азаматтар мен бизнестің сенімін нығайту, сондай-ақ барлық деңгейлерде мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасайды.
5. Азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы
2025 жылы азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қатысуын одан әрі кеңейту қамтамасыз етілді.
Үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық диалогқа қатысушылар ретінде ғана емес, сонымен қатар құқықтық ағарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде мемлекеттің маңызды әріптестері ретінде де әрекет етеді.
Бұл азаматтардың сұраныстарына уақтылы және әділ ден қоюдан, мемлекет пен қоғамның тұрақты және жүйелі диалогынан тұратын елдің ішкі саясатының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» сияқты қағидатына толық сәйкес келеді.
Бұл жұмыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғамның рөлін күшейтуді, қоғамдық бақылауды дамытуды, азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтуді, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруды және халықпен кері байланыс тетіктерін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.
Бұл жұмыста ауылдық елді мекендерден бастап облыс орталықтарына дейінгі барлық әкімшілік-аумақтық буындарды қамтуды қамтамасыз ететін өңірлік деңгейге басымдық беріледі, бұл іске асырылатын шаралардың атаулылығы мен тиімділігіне ықпал етеді.
Мәселен, 2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бүкіл ел бойынша 308 мың азаматты қамти отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 1 480 іс-шара өткізілді. Бұл ретте аталған бастамаларды іске асыруға сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастырудың маңызды драйвері болып табылатын жастар қозғалыстары белсенді тартылды.
Абай облысында «Сана» қоғамдық бірлестігі «Абай жолы – адал жол» пікірсайысын, «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» эссе конкурсын, бейнероликтер конкурсын, сондай-ақ оқыту тренингтері және пікірталас алаңдарын өткізді.
Сонымен қатар «АРС» (Ауылдың рухы самғасын) жастар қоғамдық қоры сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және оқыту іс-шаралары кешенін іске асырды.
«Тәлімгер» қоғамдық бірлестігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған аудандық жастар арасында квест ұйымдастырды.
«Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы» қоғамдық ұйымы Ақмола облысының мектеп клубтары арасында «Адал ұрпақ» слетін өткізді.
Абай облысының («Сана» жастар қоғамдық бірлестігі) және Батыс Қазақстан облысының («Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі) жастар арасында футболдан жарыстар мен «Адал жол – таза жүрек» марафонын қоса алғанда, адалдық және парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған спорттық іс-шаралар ұйымдастырды.
Мұнымен қоса қоғамдық ұйымдар халыққа құқықтық көмек көрсетуге және волонтерлік қозғалысты дамытуға белсенді тартылды.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында «Тәуелсіз зерттеулер орталығы» қоғамдық ұйымы білікті заңгерлерді тарта отырып, Өскемен қаласының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастырды.
Алматы қаласында «Ел-шежіре» қоғамдық қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер қозғалысын қалыптастырды, оның шеңберінде консультациялық қызметтер көрсетілді, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған оқыту және дамыту іс-шаралары өткізілді.
Жамбыл облысында «esikprint22 мүгедектер ұйымы» қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оларды әлеуметтік бейімдеу және қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізді.
Тұтастай алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде мемлекеттің үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимылы азаматтық қоғамның рөлі туралы жалпы тұжырымдардан нақты жобаларды іске асыруға, тұрақты қатысу институттарын дамытуға, қоғамдық бақылау тетіктерін енгізуге және өлшенетін практикалық нәтижелерге қол жеткізуге өзгерді.
Бұл бағытта Парламентаризмді дамыту қоры, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы, Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық, KazBar, құқықтық саясатты зерттеу орталығы және басқалар белсенді жұмыс істеуде.
Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ және оның аймақтық филиалдарының қызметі жүйелі үлес қосады.
2025 жылы аталған Бірлестік 6,3 мыңнан астам адамды қамти отырып, жастарды құқықтық ағарту бойынша 130-дан астам іс-шара өткізді,
5,6 мың түсіндіру материалы таратылды (әлеуметтік желілерде 500 мың қаралым), елдің 20 өңірінде «Жастар бастамалары» конкусы өткізілді.
Сондай-ақ Қарағанды индустриалды университеті жанындағы «Smart Compliance: Заң мен тәртіп» инновациялық орталығы құрылды. Бастама студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және академиялық ортада комплаенс пен тәртіп қағидаттарын таратуға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы күш-жігерді шоғырландырудың негізгі алаңдарының бірі Қазақстанның Азаматтық Альянсы болып табылады. Оның қызметі қоғамдық бақылауды нығайтуға және азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға практикалық қатысуын кеңейтуге ықпал етеді.
Мысалы, «ADAL AZAMAT – BELSENI QOGAM» жобасы аясында елдің барлық 20 өңірінде халыққа құқықтық көмек көрсету жөніндегі консультациялық орталықтар құрылды. Өтініштер саны 2 069-дан 2 374-ке дейін (14,7%) өсті, құқықтық көмек алған үкіметтік емес ұйымдардың саны 1 902-ден 2 256-ға дейін (18,6%) артты.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың және сыбайлас жемқорлық профилактикасының маңызды құралы Zakon.kz желілік басылымы өткізетін (Әділет министрлігінің қолдауымен) жыл сайынғы «Халық заңгері» республикалық акциясы болып отыр. 2025 жылы алғаш рет акция
екі кезеңде өткізілді (30 мамыр және 31 қазан), бұл тұрғындардың тегін заң көмегіне қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік берді (250-ден астам елді мекен, 220 мың азамат, 4 мыңнан астам білікті сарапшы, 1 мыңнан астам волонтер, оның ішінде заң факультеттерінің студенттері).
«Халық заңгері» республикалық акциясын жыл сайын өткізу қоғамның сұранысын растайды, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ ашықтық, есеп беру және мемлекеттік институттарға сенім қағидаттарын нығайту құралы ретінде жоғары тиімділігін көрсетеді.
Азаматтардың мемлекеттік басқару жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру және азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда берік құқықтық іргетас құрылды.
2023 жылғы 2 қазанда «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен азаматтық институттардың профилактикалық рөлі нығайтылды, мұнда қоғамдық бақылаудың негізгі субъектілері қоғамдық кеңестер болып табылады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
2 қарашадағы Заңының 16-бабына сәйкес, қоғамдық бақылаудың міндеттерінің бірі тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту болып табылады.
Қазіргі уақытта республикада 264 қоғамдық кеңес жұмыс істейді
(36 – республикалық деңгейде, 228 – жергілікті деңгейде), олардың құрамына 4000-ға жуық мүше кіреді (оның 85% азаматтық қоғам өкілдері).
Қоғамдық кеңестердің мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау, қоғамдық тыңдаулар мен мониторингтер жүргізу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптама жасауға бастамашылық жасау құқығы заңнамалық тұрғыда бекітілген.
Мәселен, 2025 жылы азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын құқықтық актілердің 4 343 жобасын қарау қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестер 1 932 ұсыным әзірледі, оның 1 844-і (95%) орындалды. Бұл ұсынымдар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы, халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау, бюджет шығыстарының ашықтығы, экологиялық қауіпсіздік және әлеуметтік саясатты жетілдіру мәселелерін қоса алғанда, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар тұрғындарды толғандыратын анағұрлым маңызды мәселелер бойынша (ауыз сумен қамтамасыз ету, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, әлеуметтік қорғау, білім беру және басқалар) 889 қоғамдық тыңдау өткізілді. Нәтижесінде 941 ұсыныс әзірленді (671-сі орындалды, 270-і іске асыру кезеңінде).
Бұдан басқа, республикалық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 1 260 басшысының есептері тыңдалды. Нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, цифрландыруды және қызметтердің қолжетімділігін дамытуға, азаматтардың өтініштеріне ден қоюды жақсартуға, сондай-ақ ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар берілді. Барлығы 1 273 ұсыным әзірленді, оның 1 021-і орындалды, 252-сі іске асыру процесінде.
Сонымен қатар тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша
1 109 қоғамдық мониторинг жүргізілді (қоғамдық көлік, ауыз сумен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі, тұрғын үй құрылысы, жер бөлу, жолдарды жөндеу, МИБ қызметі, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының мониторингі мәселелері). 910 ұсынымның 697-сі орындалды, 213-і іске асыру процесінде.
Қоғамдық кеңестер ұсынымдарының орындалуын бақылау тетігін заңнамалық деңгейде бекіту маңызды элемент болып табылады.
Қоғамдық кеңестердің ұсынымдарын мемлекеттік органдардың қарауының міндеттілігі бұл құқықтық институтты қоғамдық бақылаудың тиімді құралына айналдырады.
Өзінің профилактикалық әлеуетін тиімдірек іске асыру үшін қоғамдық кеңестерге тұрақты және уақытша жұмыс органдарын - сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің кең шеңберін тарта отырып, комитеттер мен сараптама топтарын құру құқығы беріледі.
Сараптама топтары қоғамдық кеңес мүшелерінен, мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес сектордың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа да мүдделі тараптардың өкілдерінен құралады. Дайындалған сараптама қорытындыларын қоғамдық кеңестер қарау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жібереді. Бұл ретте мемлекеттік органдар бір ай мерзімде келіп түскен ұсыныстарды қарап, бірінші басшы оның орнындағы адам қол қойған дәлелді жауапты ұсынуға міндетті.
Бұдан басқа, Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларының 3-параграфына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 73 бұйрығы) жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері шешімдерінің жобалары бойынша қоғамдық кеңестер арқылы қоғамдық сараптамалар жүргізуге бастамашылық жасау құқығы берілген.
Осылайша, қоғамдық кеңестер қоғамдық бақылаудың негізгі институты ретінде өздерінің қажет екенін және тиімділігін растады.
Тұтастай алғанда, үкіметтік емес сектор қабылдап жатқан шаралар мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының, сарапшылар қоғамдастығының, жастардың күш-жігерін біріктіруге негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы инфрақұрылымның кезең-кезеңімен кеңеюін куәландырады, бұл қоғамда сыбайлас жемқорлықтан бас тартудың орнықты көзқарастарын дәйекті қалыптастыру үшін қосымша негіз құрады.
6. Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-шаралар
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұрақты негізде елдегі кәсіпкерлік ортаның жай-күйін бағалаудың негізгі құралдарының бірі болып табылатын «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингін қалыптастырады.
Зерттеудің негізі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері сауалнамасының нәтижелері болып табылады. Зерттеу 20 өңірді, 228 қала мен ауданды, сондай-ақ 4,3 мыңнан астам респондентті қамтиды, олардың 2,4 мыңға жуығы тұрақты негізде қатысады. Бұл алынған деректердің тұрақтылығын, салыстырмалылығын және репрезентативтілігін қамтамасыз етеді.
Рейтинг құрылымында жүйелі сипатқа ие және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде айқын көрінетін сыбайлас жемқорлық көріністері мен бейресми практикаларды бағалауға арналған блок маңызды мәнге ие. Сыбайлас жемқорлық салаларының ішінде кәсіпкерлер жер қатынастарын, архитектура және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды бөліп көрсетеді.
Осыған ұқсас үрдістер орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде де байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жоқтығы туралы бағалардың басым болуына қарамастан, респонденттердің едәуір бөлігі,
ең болмағанда, жекелеген жағдайларда бейресми практикалардың бар екендігін көрсетеді.
Кәсіпкерлердің пікірінше, делдалдар көбінесе бейресми өзара әрекеттесудің бастамашылары болып табылады, бұл олардың тиісті тетіктерді таратудағы маңызды рөлін көрсетеді.
Осылайша, «Іскерлік климат» рейтингінің нәтижелері анағұрлым осал салаларды анықтауға, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін дәлелді негіз қалыптастыруға және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Аналитикалық және диагностикалық сипаттағы шаралармен қатар прокуратура органдары лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуының жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде бұзылған құқықтарды жедел қалпына келтіруге және заңсыз әкімшілік қысымның алдын алуға бағытталған бизнесті прокурорлық кешенді қорғау құрылды.
Сонымен қатар жазаның бұлтартпаушылық қағидатын іске асыруды қоса алғанда, қабылданып жатқан профилактикалық және қылмыстық-құқықтық шараларға қарамастан, шенеуніктердің кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілерінің тіркелуі жалғасуда. Бұл осындай бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған алдын алу, қадағалау және ұйымдастырушылық тетіктерді одан әрі күшейту қажеттігін көрсетеді.
Мәселен, прокуратура органдарына келіп түскен осындай фактілер бойынша кәсіпкерлердің 1 230 шағымының әрбір төртіншісі (344) расталды.
Шағымдарды талдау олардың негізінен тексерулер жүргізудің заңдылығы, шектеу-тыйым салу шараларын қолдану және әкімшілік жауаптылыққа тартумен келіспеу мәселелерімен байланысты екенін көрсетеді.
Нәтижесінде 139 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 416 әкімшілік іс жүргізудің күші жойылды.
«Атамекен» ҰКП-мен екіжақты келісімнің шеңберінде прокуратура органдары бизнестің жүйелі проблемаларын шешуге белсенді қатысады (өңірлерде тоқсан сайын проблемалар тізілімі қалыптастырылады). Прокурорлардың көмегімен бизнестің 45 өңірлік мәселесі шешілді.
2025 жылы бизнесті қорғау саласында барлығы 2 689 қадағалау актісі енгізілді, 2 119 негізсіз тексеру және бақылаудың өзге де нысандарының жолы кесілді, 19 заңсыз тексеру, 306 тыйым салу-шектеу шарасы жойылды,
980 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа, 145-сі әкімшілік жауапқа тартылды. 174 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалды және қалпына келтірілді.
Бұдан басқа, маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлігінде Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру бойынша жұмыс жалғастырылды.
Инвесторлардың құқықтарының сақталуын қадағалау шеңберінде мемлекеттік органдардың 56 актісінің күші жойылды, 200 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде тәртіптік жауаптылыққа – 160, әкімшілік жауаптылыққа 35 тұлға тартылды (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173, 175 және 465-баптары бойынша).
Өз кезегінде, «Бизнеске жол» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган 55 проблемалық мәселені шешіп, 18,8 мың кәсіпкердің құқықтарын қорғады.
Мысалы, Жамбыл облысында кәсіпкерлердің банктік шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. «Қолмен араласуға» мүмкіндік берген салық органының ақпараттық жүйелеріндегі осалдықтарға байланысты жол берілген шоттарға мерзімінен бұрын тыйым салудың 36 оқиғасы және уақтылы тыйым салмаудың 59 оқиғасы анықталды.
Ұсынымды орындау шеңберінде «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» АЖ-да мұндай араласу мүмкіндігі жойылды.
Кәсіпкерлікті сыбайлас жемқорлықтан қорғаудың тәсілдерінің бірі – халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету. Тексерулер қорытындысы бойынша заңдылықтың бұзылуын жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынулар енгізіледі.
Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12 340 қызмет алушының құқықтарын қалпына келтірді.
Бұл ретте 290 қызмет алушының құқықтары 3 млрд теңгеден астам сомаға субсидиялар тағайындау арқылы қалпына келтірілді.
Көрсетілген нәтижелер әкімшілік кедергілерді төмендетуге, бизнестің заңды мүдделерін қорғауға және анағұрлым ашық және қолайлы іскерлік орта қалыптастыруға бағытталған қабылданатын шаралардың практикалық маңыздылығын растайды.
Сонымен қатар, елдің бизнес-климатына көпмиллиардтық бюджет қаражатын басқаратын ірі компаниялар елеулі ықпал етеді.
Осыған орай, Мемлекет басшысы экономиканы одан әрі ырықтандырудың негізгі бағыттарының бірі ретінде (Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 8 мамырдағы № 542 «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жарлығы) нарық қатысушылары арасында еркін бәсекелестікті дамыту мен қорғауды қолдауды; нарықтарға қол жеткізудегі реттеуші және әкімшілік кедергілерді, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін жасанды түрде қалыптастырылған артықшылықтарды жоюды айқындады.
Жалпы квазимемлекеттік секторда сатып алулардың ашық болмауы, қаржылық рәсімдердің жабықтығы және дискрециялық өкілеттіктерге байланысты тәуекелдер сақталуда. Мұндай субъектілерге қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы үйлестіру мен мониторингтің арнайы режимі талап етіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын (08.05.2024 ж. № 542) орындау шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган («Атамекен» ҰКП-мен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ процестердің ашықтығы тұрғысынан сатып алу жүйесін талдады.
Нәтижесінде бірқатар елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (бәсекелестікке жатпайтын сатып алулар үшін жағдай жасау; бір көзден сатып алуды жүзеге асыру үшін белгіленген конкурстық рәсімдерді айналып өту; сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің көрсеткішті елішілік құндылығы бойынша көрсеткішті жасанды ұлғайту; сатып алынатын тауарлардың құнын асыра бағалау; тиісті емес жеткізушілермен шарттар жасасу және т.б.) анықталды.
Оларды жою мақсатында Қорға тиімді қоғамдық бақылауға арналған құралдарды, оның ішінде деректерді жүктеп алу, жоспарлы сатып алуды талдау мүмкіндіктерін қоса отырып, zakup.sk.kz порталының функционалын кеңейту, тапсырыс беруші мен жеткізушінің арасындағы аффилирленуді анықтау бойынша форматты-логикалық бақылауды белгілеу; zakup.sk.kz порталының деректерін Сатып алудың бірыңғай терезесіне жоғары жылдамдықпен үздіксіз берілуін қамтамасыз ету; берілетін деректердің тұтастығын автоматтандырылған бақылауды енгізу; сатып алудың барлық рәсімдерін автоматтандыруға; адами факторды толығымен алып тастау (мемлекеттік сатып алудың веб-порталына ұқсас) ұсынылды.
Бұл тәсіл сатып алу рәсімдерінің тиімділігін арттыруға, олардың толық ашықтығын қамтамасыз етуге, государственный органішілік мүдделерді болдырмауға, бизнес субъектілері мен отандық тауар өндірушілер үшін анағұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Дамыған елдерде корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді корпоративтік басқарудың, тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың жалпы жүйесіне интеграциялауға негізделеді.
Мемлекеттік кәсіпорындарда, әдетте, тәуекелдерді бағалау рәсімдерін формализациялауға, директорлар кеңесі мен ішкі аудиттің рөліне, сондай-ақ ашықтық пен есептілікке жоғарырақ талаптар қойылады, бұл ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік кәсіпорындарды корпоративтік басқару жөніндегі (OECD Guidelines on Сorporate Governance of state-Owned Enterprises) басшылық қағидаттарын қоса алғанда, халықаралық стандарттарда көрсетілген.
ЭЫДҰ үздік тәжірибелерінің қатарында ішкі бақылау жүйелеріне тәуелсіз ішкі және сыртқы аудиттерді тұрақты жүргізілуін атап өтеді.
Бұл олардың тиімділігін және жеткіліктілігін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік кәсіпорындарға арналған басшылық қағидаттар сондай-ақ ішкі аудиттің институционалдық тәуелсіздігінің қажеттілігін көрсетеді – бұл ақпаратты ашудың сенімді жүйесін және ішкі бақылаудың жұмыс істеуін кең мағынада қамтамасыз ету үшін өте маңызды.
Корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың практикалық құралдары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау тәсілдерін қоса алғанда, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк және БҰҰ ЕҚБ әзірлеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика және бизнеске арналған комплаенс (Anti-Corruption Ethics and Compliance Handbook for Business) жөніндегі нұсқаулықта жүйеленген.
Жалпы алғанда, бизнесті сыбайлас жемқорлықтан қорғау стратегиялық мәнге ие, өйткені кәсіпкерлік ортадағы адал бәсекелестік пен ашықтықтың дамуы экономика мен азаматтардың әл-ауқатына елеулі әсер етеді.
- Сыбайлас жемқорлық деңгейі және оны қабылдау
Іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігі 2025 жылдың соңында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген социологиялық зерттеудің нәтижелерімен расталады.
Сонымен, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне жеке үлес қосуға дайын азаматтардың үлесі артты, бұл азаматтық жауапкершіліктің өсуін көрсетеді. Респонденттердің 69% осындай ұстаным білдірді.
Бұл ретте азаматтардың 79,9% сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлауға дайын екенін білдіреді, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институттарына сенімнің артқанын көрсетеді. Сұралғандардың 70% соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендегенін атап өтті.
Азаматтардың пікір динамикасы
Респонденттердіңпікірі |
2024 ж. |
2025 ж. |
сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге жеке үлес қосуға дайын екендіктерін атап өтті |
68,3% |
69% |
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлауға дайын екендіктерін білдірді, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институттарына сенімнің артуын көрсетеді |
78,9% |
79,9% |
соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендегенін атап өтті |
67,2% |
70% |
Әрбір төртінші респондент (27%) соңғы жылы мәселені бейресми түрде шешуге тура келген жағдайлармен кездесті. Бұл ретте, азаматтардың пікірінше, тұрғын үй-жер саласында (30%), денсаулық сақтауда (22,6%) және құқықтық тәртіп органдарында (16,7%) сыбайлас жемқорлық жағдайлары жиі туындаған, ал олардың бастамашылары көп жағдайда ведомстволардың қызметкерлері (45,2%) немесе делдалдар (36,7%) болды.
Государственный орган қызметкері бастамашы болған оқиғалардың ішінде респонденттер сыбайлас жемқорлық бастамасын мамандарға (38%) қарағанда басшылармен (47,4%) жиі байланыстырады, бұл азаматтармен өзара
іс-қимылдың басқарушылық деңгейіндегі сияқты операциялық деңгейде де тәуекелдерді көрсетеді.
Бұл тәуекел пара беруге жеке дайындықпен ғана емес, сонымен қатар жекелеген әлеуметтік сезімтал салалардағы мәселелерді бейресми шешудің жүйелі жағдайлары мен арналарын сақтаумен де байланысты екенін көрсетеді.
Жалпы, бүгінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қоғамдық төзбеушілікті күшейтудің тұрақты үрдісі байқалады.
Социологиялық зерттеудің нәтижелері құқықтық статистикамен де расталады. Бір жыл ішінде тіркелген сыбайлас жемқорлық 26% қысқарды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сәйкес, 2025 жылы 1220 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген (2024 ж. – 1641).
Сыбайлас жемқорлық қылмыс динамикасы
Бұл ретте сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету фактілерінің саны 41,5% (241-ден 141-ге дейін), лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану 36% (152-ден 97-ге дейін), пара беру 33% (539-дан 360-қа дейін), пара алу 21% (329-дан 259-ға дейін), алаяқтық 10% (222-ден 201-ге дейін) қысқарды.
Ең көп таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстары
Қылмыс түрі |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
2025 |
Пара беру |
625 |
568 |
549 |
616 |
539 |
360 |
Пара алу |
570 |
449 |
446 |
388 |
329 |
259 |
Алаяқтық |
316 |
160 |
311 |
233 |
222 |
201 |
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету |
268 |
116 |
87 |
169 |
241 |
141 |
Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану |
193 |
123 |
110 |
133 |
152 |
97 |
Мұндай әсерді кешенді алдын алу шараларымен, адамдардың санасының өзгеруімен, бюджеттік процестерді бақылауды күшейтумен және қоғамдық қатынастарды белсенді цифрландырумен байланыстыруға болады.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің 30% пара берумен (360), 21% (259) – пара алумен, 16,5% (201) – алаяқтықпен, 12% жуығы (141) – сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденумен және ысырап етумен, 8% (97) – лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланумен, 4% – парақорлыққа делдалдықпен (51) және билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалнумен (49) байланысты.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін 841 адам сотталды.
Бас бостандығынан айыру 338 адамға немесе сотталғандардың жалпы санының 40,2%, бас бостандығын шектеу 88 адамға (10,5%) тағайындалды. Негізгі жаза ретінде айыппұл 354 адамға тағайындалды (42,1%).
Негізгілерімен қатар қылмыстық заңнамада көзделген жазаның қосымша түрлері де қолданылды. 803 адам (95,4%) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан, 178 адам (21,2%) арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айырылды.
Бұл ретте сотталған мемлекеттік қызметшілердің үлесі (мемлекеттік қызметшілердің жалпы нақты санынан – 83 920) небәрі 0,3% құрады.
Қарамағындағылар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін басшылардың жауапкершілігін мониторингілеу жөніндегі жұмыс жалғастырылды.
Есептік кезеңде 46 саяси және әкімшілік қызметші жауапкершілікке тартылды (отставкаға кету – 1, атқаратын лауазымынан босату – 1, лауазымын төмендету – 1, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту – 2, ескерту – 10, қатаң сөгіс – 10, сөгіс – 21).
Мұндай тетік өздеріне сеніп тапсырылған мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіптің жай-күйі үшін басшылардың дербес жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Оны қолдану қылмыстық мінез-құлықтың сабақтастығын әлсіретуге және профилактикалық жұмысты күшейтуге ықпал етеді.
2025 жылы жедел-тергеу практикасының материалдарын талдау белгілі бір салалардағы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін бірқатар факторлар
мен жағдайларды бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.
Мәселен, білім беру саласында қаражатты заңсыз аудару, гранттарды алу, ғылыми дәрежелер беру, ғылыми жобаларды қаржыландырудың сыбайлас жемқорлық схемалары және жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын жаңғырту кезінде теріс пайдалану орын алады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процестерін, бұзушылықтардың алдын алу тетіктерін автоматтандырудың, бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелері мен мемлекеттік деректер базасын интеграциялаудың болмауы әсер етеді.
Денсаулық сақтау жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыру, сондай-ақ бюджет қаражатын ақпараттық жүйелер арқылы шығару жасалады. Бұған келісімшарттар жасау кезінде аффилирлену және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығы қызметінің ашық болмауы ықпал етеді.
Жол саласында жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру техникалық спецификацияны әзірлеу және сапаны бақылау сатысында манипуляциялау, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы түзету арқылы жобаның құнын арттыру жолымен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде мердігерлікті бөлудің және аффилирленген компанияларды пайдалана отырып және қылмыстық құрылымдармен байланысты лауазымды тұлғалардың көмегімен бюджет қаражатын шығарудың көлеңкелі схемалары байқалады.
Агроөнеркәсіптік кешен аффилирленген коммерциялық құрылымдар арқылы субсидиялар мен несиелерді жымқыруға және заңсыз бөлуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді заңсыз бөлуге және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға тап болады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жылу желілерін, электр беру желілерін жөндеуге, тұрғын үй қорын ұстауға, реновациялауға және жаңғыртуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша жергілікті атқарушы органдар мен мердігерлер арасында көлеңкелі схемалар орын алады.
Әлеуметтік салада сыбайлас жемқорлық қылмыстар заңсыз жәрдемақы алуды және жалған әлеуметтік жобаларды іске асыруды қоса алғанда, халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қолдауға бөлінетін бюджет қаражатын жымқырумен, тиімсіз жоспарлаумен және пайдаланумен байланысты.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында прокуратура органдары басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, «Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруды толық көлемде қамтамасыз етеді.
2025 жылы 316,7 млрд теңге қайтарылды (ақшамен – 278 млрд теңге, заттай мүлікпен – 38,7 млрд теңге).
Қайтарылған активтердің арасында коммерциялық және тұрғын
үй-жайлар, элиталық жылжымайтын мүлік, оның ішінде шетелде,
жер учаскелері, акциялар және кәсіпорындардағы үлестер, автомобильдер, әшекейлер, бағалы бұйымдар және басқа да құнды заттар бар.
Заңсыз иемделінген активтерді анықтау және қайтару бойынша қабылданған шаралар Арнаулы мемлекеттік қорды толықтыруды қамтамасыз етуге және қаражатты маңызды әлеуметтік және экономикалық жобалар іске асыруға бағыттауға мүмкіндік берді.
Республикалық бюджеттік комиссияның шешімі бойынша Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен сомасы шамамен 480 млрд теңге
434 нысанның құрылысы қаржыландырылды.
Оның ішінде 227 сумен жабдықтау объектісі, 183 медициналық,
11 білім беру, 5 спорт ғимараты, сондай-ақ 8 инфрақұрылымдық жоба бар (Арқалықтағы, Балқаштағы және Павлодардағы 3 әуежайды қоса алғанда).
Қайтарылған ақша мен мүліктен басқа келісім рәсімдерінің нәтижелері бойынша Заң субъектілері 5,2 трлн теңгеге маңызды объектілерді салу және жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларды дербес іске асыру туралы міндеттемелер қабылдады.
Олардың ішінде туристік кешен, көлік-логистикалық орталықтар, зауыттар және басқа да ірі өнеркәсіптік объектілер, сондай-ақ спорттық, медициналық және білім беру нысандары бар.
8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру, қазіргі 2,5 мың жұмыс орнын сақтау, бюджетке жыл сайын 1 млрд теңгеден астам түсім және алынатын өнімнің кемінде 20% экспорты күтіледі.
Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты бюджетке түсетін жүктемені едәуір төмендете отырып, әлеуметтік нысандардың едәуір санын салуға және жаңғыртуға мүмкіндік берді.
Осылайша, Заңның негізгі мақсаттарының бірі – қайтарылған активтерді мемлекеттің экономикалық айналымына тиімді тартуға және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге қол жеткізіледі.
Мұның бәрі өмір сүру сапасын жақсартуға, азаматтар үшін жайлы және қауіпсіз орта құруға ықпал етеді, жалпы алғанда оң әлеуметтік-экономикалық әсері бар.
Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес құқықтық мемлекеттің іргетасы және қоғамдық және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылатын «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген.
Барлығының заң алдындағы теңдігі, жазаның бұлтартпастығы, жоғары құқықтық мәдениет қоғамдағы әділеттіліктің негізі және өлшемі болып табылады.
8. Халықаралық ынтымақтастық
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан үшін маңызды практикалық мәнін сақтайды, өйткені сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заманауи тәсілдерін ескеруге, ұлттық тетіктерді жетілдіруге, сондай-ақ қабылданып жатқан шараларды халықаралық стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл тұрғыда мемлекеттік басқарудың ашықтығы, алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, активтерді қайтару, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлайтын адамдарды қорғау және өңірлік және жергілікті деңгейлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізу мәселелерін қоса алғанда, БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы шеңберінде әзірленген инструменттер ерекше маңызға ие болады.
Еуропа Кеңесінің ГРЕКО шеңберінде бағалаудың 3-ші раунды барысында алынған ұсынымдарды орындау жөніндегі жұмыс жалғастырылды.
ГРЕКО-ның 99-шы пленарлық отырысында (2025 жылғы 17-19 наурыз) Страсбургте Қазақстан Республикасын бағалаудың 3-ші раунды бойынша есеп қабылданды. Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстанға 17 ұсыным ұсынылды, оларды орындау 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.
Бірінші блок сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен қылмыстық құқық нормаларының қолданыстағы құрамдарының 2026 жылы қосылу жоспарланған Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясына сәйкестігін бағалауға арналған.
ГРЕКО ұсынымдарының екінші блогы саяси партияларды қаржыландырудың ашықтығы мәселелері бойынша тиісті заңдарға түзетулер енгізуді талап етеді.
Мұнда ГРЕКО қазіргі экономикада туындайтын, қағидаларды және қолданылатын шектеулерді айналып өтуге мүмкіндік беретін проблемаларды мұқият бақылау қажеттілігіне назар аударады. Бұл криптовалюта арқылы қайырымдылық, жасырын шетелдік қаржыландыру/әлеуметтік платформалар мен жасанды интеллектіні пайдалана отырып, заңсыз ықпал ету.
Сондай-ақ бағалаудың 1-2 раундтары бойынша жұмыс жалғасты. ГРЕКО-ның 102-ші пленарлық отырысында (Страсбург қ., 2026 жылғы 23-27 наурыз) ұсынымдарды орындау жөніндегі екінші ахуалдық есеп қаралды. Нәтижелері бойынша ГРЕКО 25 ұсыным бойынша елеулі прогресті атап өтті, оның
6-ы толық орындалды деп танылды (жалпы 27 ұсынымның 6-ы толық орындалды,
19-ы ішінара орындалды, 2-і орындалмады).
Қазақстанға ұсынымдардың орындалу прогресі туралы есепті ұсынудың жаңа мерзімі – 2027 жылғы 31 наурыз болып белгіленді.
ГРЕКО социологиялық және сараптамалық зерттеулер шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың жүйелік тәуекелдері туралы эмпирикалық деректер алуды және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны әзірлеу кезінде пайдалануды күтеді.
Стамбул іс-қимыл жоспары шеңберінде Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі бағыты бойынша Қазақстан мониторингтің 5-ші раундына қатысуын жалғастыруда.
Ол 9 сала бойынша бағаланады және 86 тармақтан тұрады. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар мониторингінің
5-ші раундының ресми есебі 2024 жылғы 27 қарашада жарияланды. Пленарлық отырыс 2025 жылдың шілдесінде өтті, келесі отырыс
2026 жылдың қыркүйегінде өтеді деп күтілуде.
2019 жылдан бастап Қазақстан ЭЫДҰ-ның Жария парасаттылық жөннідегі жұмыс тобының (PIAC) мүшесі болып табылады. Осы алаңдағы дәйекті өзара іс-қимыл мемлекеттік басқару жүйесінде парасаттылықтың қазіргі заманғы халықаралық стандарттарын енгізуге ықпал етеді.
2025 жылдың қазанында ЭЫДҰ жариялаған Парасаттылыққа шолу қорытындысы бойынша Қазақстан ЭЫДҰ-ның жария парасаттылық жөніндегі ұсынымдарына қосылып, осы қағидаттарға бейілділігін растаған ЭЫДҰ-ға мүше болып табылмайтын төртінші елге айналды.
Аталған қадам сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың институционалдық негіздерін үдемелі нығайтуды куәландырады және үздік халықаралық практикаларды ұлттық заңнамаға одан әрі имплементациялауға және құқықтық қолдануға жағдай жасайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық қатынастардың дамуына 2025 жылы бірқатар диалогтық іс-шаралар да ықпал етті.
Мәселен, қазақстандық делегациялар Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар қауымдастығының (IAACA) 14-ші пленарлық отырысының жұмысына (6 ақпан), БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының жүзеге асырылу барысын шолу тетігі жөніндегі отырысқа (17-21 ақпан), ЭЫДҰ-ның Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жаһандық форумына (26-28 наурыз), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және туризм саласындағы парасаттылықты күшейту» атты Сауд-Мальдив халықаралық форумында (6-7 мамыр), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдары жаһандық желісінің
(GlobE Network) VI пленарлық отырысына (20-23 мамыр) қатысты.
Сондай-ақ Астана қаласында Басқарма Президенті мәртебелі Мазин бин Ибрахим әл-Кахмус бастап келген Сауд Арабиясы Корольдігінің Қадағалау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының делегациясы қабылданды (14-17 сәуір).
Сонымен қатар БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын Орталық Азияда жеделдетіп имплементациялау жөніндегі БҰҰ ЕҚБ-ның өңірлік платформасы шеңберінде сыбайлас жемқорлықты статистикалық өлшеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу тетіктерін енгізуге арналған екі вебинар (16-30 мамыр) өтті.
Бұған қоса Азия даму банкінің қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік ұйымдардың комплаенс-офицерлері арасында тренерлер даярлау бойынша тренинг (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыружөніндегі әдістемелік ұсынымдарды имплементациялау, әдеп пен парасаттылықты басқару, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысы, активтер мен жеке мүдделерді декларациялау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-бағдарлама құру, квазимемлекеттік ұйымдар үшін контрагенттердің сенімділігін тексеру,сыбайлас жемқорлық туралы хабарламалар үшін«жедел желі»ұйымдастыру) өткізілді (2025 жылғы 8-10 желтоқсан, Астанақ.).
Мұндай жұмыс қатысушылардың кәсіби даярлығын арттыруға, алдын алу тетіктерін нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдардың практикалық қолданылуын күшейтуге ықпал етеді.
Активтерді қайтару мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық белсенді дамып келеді.
Бас прокуратура басқа құзыретті органдармен бірлесіп БҰҰ-мен, ЕҚЫҰ-мен, Еуропа Кеңесімен, ЭЫДҰ-мен, Интерпол, FATF және активтерін қайтару саласында CARIN, ARIN, GlobE және BAMIN ведомствоаралық желілерімен тығыз өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Озық халықаралық тәжірибемен алмасу мақсатында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату үшін түрлі шетелдік серіктестермен бірқатар екіжақты кездесулер өткізілді.
Олардың көпшілігімен, оның ішінде 2025 жылы Молдова Республикасының Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығымен, Болгария Республикасының Заңсыз иемделінген мүлікті алып қою жөніндегі комиссиясымен, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиямен (Австрия), Ирландияның Қылмыстық активтерге қарсы күрес бюросымен, Әзербайжан мен Литваның бас прокуратураларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Меморандумдар шеңберінде қабылданатын шаралар активтерді қайтару саласында пайдалы ақпаратпен және озық тәжірибемен тиімді алмасуға, сондай-ақ қызметкерлердің білімі мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Интерполмен өзара іс-қимыл шетелдік активтерді іздеу мен қайтарудың жаңа инструменттеріне – «Күміс бюллетеньге» және «Күміс хабарламаға» қол жеткізуді қамтамасыз етті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық-құқықтық тетіктерін дамыту жалғастырылды.
Осы бағыттағы елеулі қадам Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау болды (Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 177-VIII Заңы).
Аталған құжат активтерді қайтару, сыбайлас жемқорлық істерінің фигуранттарын экстрадициялау, ақпарат алмасу, бірлескен тергеулер жүргізу, мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және оны қолдану практикасын жетілдіру мәселелерінде мемлекетаралық өзара іс-қимылды дамыту үшін қосымша құқықтық негіз қалыптастырды.
Армения Республикасында ТМД-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің X отырысы өтті, онда қатысушы мемлекеттердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес практикасы, проблемалар мен оларды шешу жолдары қаралды.
Өзекті тақырыптардың қатарында виртуалды валюталарды және цифрлық қаржы активтерін заңсыз пайдалануға қарсы іс қимыл, сыбайлас жемқорлық үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігі, бизнесті сыбайлас жемқорлық қысымынан және араласудан қорғау, бизнестегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы модельдік заң әзірлеу мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар қаржылық мониторинг және қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде шаралар қабылданды.
Мәселен, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 14 сәуірдегі
№ 182-VIII Заңымен Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификацияланды.
Бұл акт ұлттық заңнаманы жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелерін қоса алғанда, ФАТФ жаңартылған стандарттарына сәйкес келтіруге, сондай-ақ қаржылық мониторинг саласындағы рәсімдер мен терминологияны біріздендіруге бағытталған.
Нәтижесінде халықаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру және қаржы саласындағы алдын алу тетіктерін нығайту үшін қосымша жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық инструменттерін кеңейту үшін «Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы
17 наурыздағы № 173-VIII Заңының қабылдануы ерекше маңызға ие.
Заң дәлелдемелерді жинауға және бекітуге, қамаудағы адамдарды уақытша беруге бағытталған процестік әрекеттерді жүргізуді қоса алғанда, құқықтық көмек көрсетудің шарттары мен тәртібін, сондай-ақ қылмыстардан түскен кірістерді тәркілеу мәселелерін айқындайды.
Осы актіні қабылдау құқық қорғау органдарының қылмыстарды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық бағытындағы қылмыстарды тергеп-тексерудегі трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Жалпы, бейінді халықаралық ұйымдар мен сараптамалық алаңдар желісі бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру, үздік практикаларды енгізу және практикалық шаралардың тиімділігін арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық рейтингтер мен үрдістер
Халықаралық зерттеулер мен рейтингтер сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортаның жай-күйін бағалау және қабылданатын шараларды одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындау үшін бағдарлардың бірі болып қала береді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 38 балл жинап,
182 ел арасында 96-орынға ие болды. Бұл ретте жаһандық орташа көрсеткіш 42 баллды, ал Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі бойынша орташа көрсеткіш 34 баллды құрады.
Осылайша, Қазақстан орта өңірлік деңгейден жоғары позицияны сақтап отыр, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды одан әрі ілгерілету үшін институционалдық негіздің бар екендігін айғақтайды.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде (IMD, 69 ел) Қазақстан
1 тармаққа көтеріліп, 34-позицияға, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша – 29-орынға (33-орыннан 4 тармаққа өсу) орналасты. Рейтингте Ұлыбритания (31-орын), Қытай (38), Кувейт (35), Латвия (30), Малайзия (34),
АҚШ (33), Түркия (60), Франция (32), Оңтүстік Корея (36) және т. б. төмен.
БҰҰ Электрондық үкіметтің даму индексінде Қазақстан ТМД елдері арасында ең жоғары рейтингпен 24-орында (193-тен) тұр, ал Онлайн-қызметтер индексі бойынша 10-орында.
Сонымен қатар Moody՚s халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның Baa1 деңгейіндегі егеменді кредиттік рейтингін «Тұрақты» болжамымен растады. Moody՚s қолданатын бағалау компоненттерінің бірі Дүниежүзілік банктің Сыбайлас жемқорлықты бақылау индексі (Control of Corruption) болып табылады, ол 2024 жылы процентильді түрде 46,5% құрады (2023 – 43,35). Moody՚s агенттігі бұған дейін Қазақстанның жоғары кредиттік рейтингінің сақталуын мемлекеттік басқару мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігінде ілгерілеумен түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және оның халықаралық рейтингтерде көрініс табуы заңнамалық шараларға да, қоғамды белсенді тартуды да қамтитын кешенді тәсілдің маңыздылығын көрсетеді.
Рейтингтер ұлттық және халықаралық деңгейде анағұрлым ашық және есепті басқаруға ықпал ететін сыбайлас жемқорлықты қабылдауды бағалаудың маңызды құралы болып табылады.
Олар жиынтықта Қазақстанның институционалдық дамуының тұрақтылығын, реформалардың сақталып отырған әлеуетін және мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін одан әрі арттыру үшін қолайлы алғышарттарды көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлықтың таралу үрдістерін атап өтіп, Transparency International өзінің бастапқы көрсеткіштерінен сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде әлі де жоғары орын алатын елдердің елеулі артта қалуына назар аударады. Бұл топқа Ұлыбритания (70), Канада (75),
Жаңа Зеландия (81), АҚШ (64), Франция (66), Чили (63) және Швеция (80) сияқты елдер кіреді.
Осы мемлекеттердің көпшілігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері өсті, өйткені тежеу мен тепе-теңдіктің тәуелсіз тетіктері әлсіреді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы негізгі олқылықтар жойылмады,
ал заңдардың орындалуын бақылау айтарлықтай деңгейде төмендеді.
Олардың кейбіреулері демократияға, соның ішінде саяси поляризацияға және жеке капиталдың шешім қабылдауға ықпалының артуына байланысты қиындықтарға тап болды. Бұл үрдіс тіпті берік қалыптасқан жүйелер де адалдық тәуекелдеріне осал болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Сонымен, соңғы онжылдықта Ұлыбританияда мінез-құлық кодекстерінің тиімділігін бұзу немесе нұқсан келтіру оқиғалары, сондай-ақ «айналмалы есіктер» феноменімен (шенеуніктердің мемлекеттік сектордан жеке секторға ауысуы және керісінше), лоббизмнің ашықтығымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидалардың орындалуын бақылаумен байланысты тұрақты проблемалар бірнеше рет атап өтілді.
Керісінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі күш-жігерді үнемі шоғырландыру Бутан (71), Сейшел аралдары (68), Эстония (76) және Оңтүстік Корея (63) сияқты елдерде прогресті ынталандырды.
Мысалы, 2012 жылдан бері сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі
16 тармаққа өскен Сейшел аралдары күшті сот төрелігі жүйесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жағдайды қалай жақсы жаққа айтарлықтай өзгерте алатынын көрсетті. Елде сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істердің, оның ішінде атышулы істердің саны артып келеді және құқық қорғау органдарының арасында ақпарат алмасу тәртібі жақсарды. Мұнда заңдардың сақталуын бақылауды жақсарту үшін әртүрлі құқықтық реформалар жүргізілді.
Оңтүстік Кореяда соңғы 10 жылда мемлекеттік қызметшілер үшін қатаң мінез-құлық қағидалары енгізілді және әшкерелеушілерді қорғау мен сатып алулардың ашықтығын арттыру сияқты институционалдық қорғау тетіктері күшейтілді.
Тұтастай алғанда, демократиялық елдердегі ұзақ мерзімді жақсарулар реформалардың орнықты динамикасын, қадағалау органдарының нығаюын және адал басқарудың пайдасына кең саяси консенсусты көрсетеді. Бұған көбінесе мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттыру, басқарудың өңірлік және жаһандық стандарттары мен қағидаттарын енгізу ықпал етеді.
Кейбір елдердегі құлдырау демократиялық парасаттылық қағидаттарына жоғары деңгейдегі қысымнан туындайды, ал басқаларында бұл институциялардың терең ыдырауын көрсетеді.
Бұл ретте кейбір жақсаруларды азаматтық кеңістікті, БАҚ бостандығын, ашықтық пен ақпаратқа қолжетімділікті дамытатын адам құқықтарына баса назар аудара отырып, кеңірек демократиялық реформалармен түсіндіруге болады. Басқа жағдайларда, көрсеткіштердің өсуі құқықтар мен бостандықтарды шектеу жағдайында авторитарлық көшбасшылар жүргізетін бақылау науқандарының нәтижесі болып табылады. Олар, мысалы, парақорлық сияқты сыбайлас жемқорлықтың кейбір түрлерімен күресте тиімді болуы мүмкін, бірақ тәуелсіз соттар, еркін БАҚ немесе сыни дауыстар үшін кеңістік болмаса, бұл жетістіктер нәзік және кері кетуге және таңдамалы қолдануға ұшырайды.
2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері халықаралық күн тәртібінде жоғары өзектілігін сақтап қалды. Негізгі халықаралық институттардың қызметін талдау екпіннің басымды жазалаушы тәсілдерден сыбайлас жемқорлықтың жүйелі профилактикасына, парасаттылықты нығайтуға, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға, активтерді қайтару тетіктерін дамытуға және цифрлық құралдар мен деректерді талдауды неғұрлым кеңінен пайдалануға ауысқанын көрсетеді.
Есепті кезеңдегі негізгі халықаралық оқиға 2025 жылғы 15-19 желтоқсанда Доха қаласында өткен БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының он бірінші сессиясы болды. Конференцияның күн тәртібі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, активтерді қайтару, халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын іске асыру тетіктерін жетілдіру мәселелерін қамтыды.
Сонымен қатар ЭЫДҰ мен ГРЕКО шеңберінде 2025 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, заңсыз қаржы ағындарына қарсы іс-қимыл және субұлттық деңгейде парасаттылықты нығайту үшін заманауи технологияларды пайдалануға ерекше назар аударылды.
Бұл үрдістер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға анағұрлым кешенді және технологиялық бағдарланған халықаралық тәсілдің қалыптасуын көрсетеді.
Қорытынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын 2025 жылы іске асыру парасаттылық және заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқаруды трансформациялаудың негізгі бағыттарының біріне айналды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және сыбайлас жемқорлық үшін жауаптылықтың бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар жүйелі заңнамалық, ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданды.
Тұтастай алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар белгілі
бір дәрежеде әлеуметтік-экономикалық жағдайға оң әсер етті, оған мынадай фактілер мысал бола алады: «Цифрлық теңге» жобасы шеңберінде қаржылық ағындардың ашықтығы қамтамасыз етілді; мемлекеттік сатып алу кезінде
29 млрд теңгенің ұтымсыз жұмсалуына жол берілмеді; жол-салмақ бақылауы айтарлықтай жақсарды (ұйғарымдар саны 13 есе, айыппұлдар сомасы 9 есе өсті);
174 мың кәсіпкердің құқығы қорғалды және қалпына келтірілді; тіркелген сыбайлас жемқорлық 26% қысқарды; мемлекетке 316,7 млрд теңге қайтарылды; шамамен 480 млрд теңге сомасына 434 нысанның құрылысы қаржыландырылды; Қазақстанның Baa1 деңгейіндегі егемен кредиттік рейтингі «Тұрақты» болжамымен расталды.
Алдағы кезеңге бүгін іске асырылып жатқан жобаларды аяқтау жоспарлануда, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған заңдарды қабылдау.
Халықаралық бағытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарын іске асыру, сондай-ақ Еуропа Кеңесі мен ЭЫДҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі конвенцияларына қосылу жалғастырылатын болады.
Шетелдік уәкілетті органдармен жедел ынтымақтастықты кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жөннідегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қолданыстағы тұжырымдамасы мерзімінің 2026 жылы аяқталатынын ескере отырып, сабақтастықты және жүйелі дамуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу басталды, оның аясында мынадай бағыттарды қарастыру ұсынылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тәсілдерін трансформациялау (парасаттылық рухында үш сатылы Ұлттық білім беру бағдарламасын әзірлеу; қызметшілердің әртүрлі санаттарының тән тәуекелдері мен функцияларын ескере отырып, атаулы оқу бағдарламаларына көшу; «тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың» кешенді және атаулы профилактикасы арқылы «тұрмыстық ризашылыққа» қоғамдық төзімділігін әлсірету). Мемлекеттік секторда «жоғарыдан тон» қағидатына ерекше назар аудару ұсынылады, бұл басшылардың жеке үлгісі арқылы парасатты мінез-құлық стандарттарын қалыптастыруды білдіреді. Мұндай инструмент қылмыстық ойлау мен мінез-құлық сабақтастығын әлсіретуі мүмкін.
- Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмайтын ортаны қалыптастыру (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіру үшін жасанды интеллектіні пайдалану және жасырын бұзушылықтарды анықтау; мемлекет қатысатын компанияларда қаржы ағындарының ашықтығын арттыру; лауазымына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қолдануға дифференцияланған тәсілді белгілеу; ақпарат берушілерді қорғау институтын дамыту; мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту; бірыңғай оқыту стандартымен және толыққанды тәуелсіздікті қамтамасыз етумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті одан әрі дамыту). Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюдың негізгі инструменті рәсімдерді міндетті түрде сынақтан өткізе отырып және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бизнес-процестерден алып тастағаннан кейін әсерді өлшеу арқылы «sludge-аудит» қағидатын енгізу болуы мүмкін. Бұл ретте «цифрлық сыбайлас жемқорлық» тәуекелдерін (алгоритмдерді манипуляциялау, деректерге қол жеткізу және т.б.) болдырмау маңызды.
- Сыбайлас жемқорлық үшін жауаптылықтың бұлтартпастығын қамтамасыз ету («басқарушылық қателік» үшін санкцияларды қоспағанда, басшылардың жеке жауапкершілігінен күшейту; ұлттық және халықаралық құқықтық актілердегі «сыбайлас жемқорлық» түсінігіне сәйкестігі тұрғысынан сыбайлас жемқорлық қылмыстарының құрамын тексеру; репрессивтік және ынталандырушы шаралар арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету).
Жаңа стратегияда БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ұлттық құқықтық жүйеге дәйекті имплементациялауға және халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын іске асыруға ерекше назар аударылатын боладыды
Жалпы ұсынылған тәсілдер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи және белсенді моделін құруға бағытталған.
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты дамуын жалғастыруда. Оның одан әрі стратегиялық көзқарасы Қазақстанның жаңа Конституциясымен сәйкес Әділ, Мықты және Гүлденген мемлекеттің мақсаттарын іске асыру үшін құрылатын болады.