Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы

    Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

    Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 маусымда № 32737 болып тіркелді.

    ЗҚАИ-ның ескертпесі!

    Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабы 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары бекітілсін.
    2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
    3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
    2. Осы бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    Т. Дуйсенова

    "КЕЛІСІЛДІ"

    Қазақстан Республикасының

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттiгi

    Қазақстан Республикасы
    Еңбек және халықты әлеуметтік
    қорғау министрі
    2023 жылғы 7 маусымдағы
    № 207 бұйрығына
    1-қосымша

    Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары

    Ескерту. Қағидалары жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.06.2026 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 107-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін белгілейді.
    2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

    1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

    2) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

    3) жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі – квота) – жұмыс беруші еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға міндетті жұмыс орындарының ең аз саны;

    4) жұмыс орындарын квоталау – жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын беруі;

    5) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;

    6) мүгедектігі бар адам – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;

    7) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

    8) Электрондық еңбек биржасы – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын білдіретін цифрлық объектісі.

    1. Жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны 50 адам және одан жоғары жұмыс берушілерге мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде квота белгілейді.
    2. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың саны жұмыскерлердің жылдық орташа санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.

    2-тарау. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі

    1. Квота "Еңбек нарығы" автоматтандырылған цифрлық жүйесінде:

    1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында мүгедектігі бар адамдар санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдаудың, болжаудың;

    2) аудандардағы, астанадағы, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы белсенді жұмыс берушілердің санының;

    3) аудандардағы, астанадағы, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы жұмыс берушілердің жұмыскерлерінің тізімдік санының;

    4) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің бар жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді талдаудың;

    5) квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектігі бар адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтерді талдаудың;

    6) мансап орталығында тіркелген мүгедектігі бар жұмыссыз адамдардың санының негізінде автоматты түрде қалыптастырады.

    1. Квота мынадай жұмыскерлердің тізімдік саны бар жұмыс берушілерге:

    елуден жүз адамға дейін – екі пайызы мөлшерінде;

    жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – үш пайызы мөлшерінде;

    екі жүз елу бірден артық адам – төрт пайызы мөлшерінде белгіленеді.

    1. Квота мөлшері еңбек шарттарының бірыңғай есепке алу жүйесінде тіркелген еңбек шарттарының және "Төлемдерді өңдеу ұйымы" цифрлық жүйесінің деректеріне сәйкес Әлеуметтік кодекс пен "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыскерлер үшін квота белгіленген күннің алдындағы соңғы 12 ай үшін жүргізілген әлеуметтік төлемдердің негізіндегі жұмыс берушінің жұмыскерлерінің тізімдік санына қарай белгіленеді.
    2. Заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда квотаны түзету уәкілетті органның цифрлық жүйесіне тиісті мәліметтер енгізілген күннен бастап жүзеге асырылады.
    3. Осы Қағидалардың 5, 6 тармақтарына сәйкес қалыптастырылған жұмыс берушілердің тізбесі мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленген жұмыс берушілердің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органға "Еңбек нарығы" автоматтандырылған цифрлық жүйесінде квота белгілеудің алдындағы жылдың 1 желтоқсанына қарай қолжетімді.
    4. Квота белгіленетін жылдың 1 қаңтарына дейін жергілікті атқарушы орган жұмыс берушінің атауын және белгіленген квотаның мөлшерін көрсете отырып, Тізбені бекітеді.
    5. Тізбеге енгізілген кезде жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржадағы жеке кабинетіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасы туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жіберіледі.
    6. Жергілікті атқарушы орган квота белгіленетін жылдың 10 қаңтарына дейін Электрондық еңбек биржасында Тізбеге енген жұмыс берушілердің тізімін жариялайды.
    7. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинеті арқылы белгіленген квота шеңберінде жұмыс орындарының санын, кәсібін, еңбек жағдайларын және бір айдағы еңбекақы мөлшерін көрсете отырып, мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындары туралы ақпаратты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мансап орталығына жібереді.
    8. Квотаны орындау еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген негізгі жұмыс орны бойынша еңбек шартының болуымен расталған жұмыс берушінің мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруы және әлеуметтік төлемдердің аударылуы негізінде мүгедектігі бар адамдардың нақты жұмыспен қамтылуы болып табылады.

    Мүгедектігі бар адамдардың іс жүзінде жұмыспен қамтылуы күнтізбелік жыл ішінде мүгедектігі бар адамның жұмыс берушіде жұмыспен қамтылу айларының қосындысы ретінде айқындалады.

    Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер "Еңбек нарығы" автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 5-күніне автоматты түрде қалыптастырылады.

    Мүгедектігі бар
    адамдар үшін жұмыс
    орындарын квоталау
    қағидаларына
    1-қосымша

    Мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасы туралы хабарлама

    Құрметті _________________________________________!

    (жұмыс берушінің атауы)

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің ұйымыңыз үшін мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін __ бірлік квота белгіленгені туралы хабардар етеді.

    Ынтымақтастық үшін рахмет!

    Мүгедектігі бар
    адамдар үшін жұмыс
    орындарын квоталау
    қағидаларына
    2-қосымша

    Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квоталанатын жұмыс орындары туралы ақпарат

    1. Жалпы ақпарат (мемлекеттік цифрлық жүйелерден автоматты түрде толтырылады)

    Жұмыс берушінің атауы ________________________________________

    БСН/ЖСН ____________________________________________________

    Облыс, аудан, қала _____________________________________________

    Жұмыскерлердің тізімдік саны ___________________________________

    Белгіленген жұмыс орындарының квотасы _________________________

    Толтыруға арналған жұмыс орындарының саны _____________________

    1. Квоталанатын жұмыс орындарының тізбесі

    №

    Жұмыс орнының атауы

    Орындар саны

    1. Квоталанатын жұмыс орнының карточкасы (әрбір бос квоталанатын жұмыс орны үшін толтырылады)

    Лауазымның атауы ______________________________________________

    Құрылымдық бөлімше ___________________________________________

    Негізгі еңбек функциялары ________________________________________

    Жұмыс орындарының саны ________________________________________

    Жұмыс орнының нақты мекенжайы __ ______________________________

    3.1. Еңбек жағдайлары

    Жұмыс түрі ______________________________________________________

    Жұмыс режимі ____________________________________________________

    Қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі ________________________________

    3.2 Дене жүктемесі

    Дене жүктемесі деңгейі ______________________________________________

    Ұзақ мерзімді жай-күйі қажет _________________________________________

    Ауырлықты жылжыту (көтеру) қажет ___________________________________

    3.3 Жұмыс орнының қолжетімділігі

    Жұмыс орны мынадай адамдар үшін қол жетімді

    Есту қабілеті бұзылған __________________________________________

    Көру қабілеті бұзылған ______________________________

    Тірек-қимыл аппараты бұзылған __________________________________

    3.4 Жұмыс орнын бейімдеу

    Жұмыс орны мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналастыруға дайын ____________________

    Бейімделу қажет ______________________________________________

    Бейімделу түрі ______________________________________________________

    Мансап орталығының кеңесі қажет ______________________________________

    3.5 жоспарланған жалақы

    Еңбекақы мөлшері ____________________________________________________

    1. Жұмыс орындарын толтыру мерзімі

    Жұмыскерді бірден қабылдауға дайын болу ______________________________

    1. Байланыс тұлғасы ______________________________________________

    Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________

    Телефон __ _______ ____________________________________________

    Email ___________________________________________________________

    Жұмыс берушінің эдектрондық цифрлық қолтаңбасы

    Күні: 20__ жылғы "___" _________



    Қазақстан Республикасы
    Еңбек және халықты
    әлеуметтік қорғау министрі
    2023 жылғы 7 маусымдағы
    № 207 бұйрығына
    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

    1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 14010 болып тіркелді).
    2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 9 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 14891 болып тіркелді).
    3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 242 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 17194 болып тіркелді).
    4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 82 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 22386 болып тіркелді).
    5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 29707 болып тіркелді).
    6. "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 499 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 13988 болып тіркелді).
    7. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 162 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 28058 болып тіркелді).
    8. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 29707 болып тіркелді).




    © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

    Жүктеу
    Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для лиц с инвалидностью
    Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для лиц с инвалидностью
    DOCX · 24 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексі. ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы Кодекстің қолданысқа енгізілу тәртібін 263-б. қараңыз. ЗҚАИ-ның ескертпесі! Қ...

    Ақпарат

    Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

    Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығы. Қа...

    Ақпарат

    Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

    Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбе...

    Ақпарат

    Шипажайлық-курорттық емделу түрінде әлеуметтік көмек

    Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 437/56-VIII шешімімен Астана қаласының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік...

    Ақпарат

    «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары.

    «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал...

    Ақпарат

    «Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

    «Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

    Ақпарат

    Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру Қағидалары

    Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбе...