2026 жылғы 28 тамыздан бастап Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Аппарат) аппарат қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жоспарлануда.
Аппараттың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.