Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда

    ·

    Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда

    2026 жылдың басынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің ауылдық елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу және цифрлық сервистерді пайдалану бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді. Бір жарым ай ішінде еліміздің түрлі өңірлерінен 18 мыңнан астам азамат оқудан өтті.

    Қазақстан Республикасында жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастама халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге және оларды онлайн форматта өз бетінше алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Өңірлер арасында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында оқытылған азаматтар саны басым.

    Оқу сабақтарын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары еліміздің әр өңіріндегі ауылдық округтер мен елді мекендерде өткізді.

    Сонымен қатар, жыл басынан бері «Таным» корпоративтік оқу орталығының қатысуымен облыс орталықтарында 5 мыңға жуық азамат оқытудан өтті. Сабақ барысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық инфрақұрылымның негізгі құралдары мен мүмкіндіктерін меңгерді.

    Еске сала кетейік, электрондық мемлекеттік қызметтерді және заманауи онлайн-сервистерді пайдалануды тегін үйренгісі келетін азаматтар үшін еліміздің әр облыс орталығында оқу сыныптары жұмыс істейді. Сабақтар сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    ЖАҢАЛЫҚТАР МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы

    Жарияланды:
    Басқа

    Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

    Жарияланды:
    Басқа

    Баспасөз аңдатпасы

    Жарияланды:
    Басқа

    Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысуға құқылы азаматтардың тіркелуін сайлау учаскелерінің мекенжайы бойынша тексеруге арналған учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері туралы

    № п/п Аудан, қала Сайлау учаскесінің нөмірі Елді мекен Сайлау учаскесі орналасқан жердің мекенжайы Сайлау учаскесі орналасқан объектінің (дауыс беруге арналған үй-жайлар) атауы 1 2 3 4 5 6 1 Қордай ауданы 218 Қарасай бат...

    Жарияланды:
    Басқа

    Мемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі: қазақстандықтар дербес менеджер сервисін таңдауда

    Мемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі: қазақстандықтар дербес менеджер сервисін таңдауда Мемлекеттік қызметтер азаматтарға бұрынғыдан да қолжетімді бола түсуде. Қазіргі таңда бірқатар мемлекеттік қызметті халыққа қызмет...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтарды сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша тіркеуге арналған учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан мекенжайлары туралы ХАБАРЛАМА

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтарды сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша тіркеуге арналған учаскелік сайлау комисс...

    Жарияланды:
    Басқа

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    Жарияланды: