Ұлытауоблысындағы қалалар мен ауылдық округтер
әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 4 қазанға тағайындау туралы
хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ұлытау облысындағы 1 қаланың және 2 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 3 село, ауылдық округ пен кент әкімдерін сайлауды 2026 жылғы 4 қазанға тағайындады:
- Жезқазған қаласында әкім сайлауы:
1) Кеңгір селосында.
- Жаңаарқа ауданында әкім сайлауы:
1) Бидайық ауылдық округінде.
- Ұлытау ауданында әкім сайлауы:
1) Қарсақпай кентінде.
Бүгін 2026 жылғы 26 тамызда 1 қаланың және 2 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 3 село, ауылдық округ пен кент әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған ауылдық округ, кент пен село әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 27 тамыздан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.