Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының2026 жылдың 1 – тоқсаны бойынша жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 145/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 7 қызмет түрін көрсетеді:
- №673 - «Аквашаруашылықтың өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамыту»(электрондық форматта);
- №674 - «Аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар
кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу»(электрондық форматта);
- №674-1 -«Балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялау» (электрондық
форматта);
- №674-2 -«Аквашаруашылық саласында техника мен технологиялық жабдық сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг беру кезіндегі сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» (электрондық форматта);
- №674-4-«Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау» (электрондық форматта);
- №692 - «Балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиоративтік аулау, өсімін молайту мақсатында аулау»(электрондық форматта);
- №693 - «Балық шаруашылығы саласында жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болдырмау мақсатында пайдалану»(электрондық форматта);
«Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 25 маусымдағы № 101 бұйрығына сәйкес электронды түрде жүзеге асырылады.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1 (бір) қызмет түрі «Балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиоративтік аулау, өсімін молайту мақсатында аулау» бойынша147 өтініш түсіп, нәтижесі берілген.
Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде (8.3) – 147.
Соның ішіңде бас тартулардың саны -1.
Мерзім бұзушылық деректері - 0.
Есептік кезеңде балық шаруашылығы саласы бойынша 7 түсіндіру жұмысы жүргізілді. Оның ішінде:
қаңтар айында – 4.
1) Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы басшысы А. Мулдашев балық шаруашылығы субъектілеріне Балық шаруашылығы бағытындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
( https://www.instagram.com/p/DUPpGctDClp/?igsh=MWNoYmczanVlYXltNw==)
2) Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы басшысы А. Мулдашев аквашаруашылық субъектілеріне Балық шаруашылығы бағытындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
(https://www.instagram.com/p/DUI0L-qjJG2/?igsh=ejMwbm0yNXZweWo0)
3) Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы басшысы А. Мулдашев аквашаруашылық субъектілеріне Балық шаруашылығы бағытындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
(https://www.instagram.com/p/DUI0ookjIgV/?igsh=MTRldG5mMWthdGdoZg==)
4) Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы басшысы А. Мулдашев балық шаруашылығы субъектілеріне Балық шаруашылығы бағытындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
(https://www.instagram.com/p/DThIJUpCHBM/?igsh=MTdiMWxtaXFnbjdkOA==)
ақпан айында – 2.
1) Қарақия ауданында Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысы А. Мулдашевпен кәсіпшілік балық аулауға қатысты заңнамалық нормалар, квоталау жүйесі және ресурстарды тиімді пайдалану талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, акваөсіруді дамытудың өңір экономикасын әртараптандырудағы маңызы атап өтіліп, осы бағыттағы мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде ақпарат берілді. (https://www.instagram.com/reel/DUYQjGgjFYs/?igsh=MXBoaXM3bm8yYWd6YQ==)
2) «Аквашаруашылық: тұрақты өсудің ғылымы, технологиялары және бизнес модельдері» атты халықаралық форумға өңірдегі балық шаруашылығын дамыту мақсатында Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысы А. Мулдашев және тәжірибе алмасу, жаңа серіктестіктер орнату мақсатында өңір кәсіпкерлері қатысты.
Форум барысында қатысушыларға Балық шаруашылығы бағытындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
( https://www.instagram.com/p/DV0VvjpDc73/?igsh=M3I1YXBydGc2NDB4
наурыз айында – 1.
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы басшысы Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысында Балық шаруашылығы бағытындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. (https://www.instagram.com/p/DV-2d8gjF5e/?igsh=MTdtbjF6YTh5Y3lnbA==)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткен адам саны – 0.