«Bulandy Aqparat» аудандық газеті 2026 жылдың 13 қыркүйекке тағайындалған Бұланды ауданының Карамышевка ауылдық округінің әкімнің сайлау алдындағы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және әкімдікке кандидаттардан келген ақпараттық және үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа бетінен орын беру шартын хабарлайды.
Сайлауалды және үгіт материалдарын жариялауға ақы төлеу тәртібі: газеттегі 1 шаршы см. орынның төлемақысы – 150 теңге. Төлем редакция ұсынған есеп-шот бойынша жасалады.
Үгіт мақалаларын жариялау әкімдікке кандидаттар немесе сенім білдірген адамдар:
1.Редакцияға кандидаттың немесе сенім білдірген адамның аты-жөні, тіркелген нөмірі, күні мен уақыты, сайлау округі, кандидаттың немесе сенім білдірген адамның қойылған қолы көрсетілген жазбаша өтініштерін тапсырады.
2.«Бұланды Ақпарат» аудандық газеті келісім-шарт жасасады.
Үгіт материалдарын жариялау тәртібі
Жазбаша өтініштердің және келісім-шарттың жасалуы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес мерзімдерде басталады.
Үгіт материалдарын «Bulandy Aqparat» газетінің бетінде орналастыру мәселесін редакция материалдардың келу кезегіне қарай дербес шешеді.
Кандидаттар үгіт материалдарын редакцияға жариялануы жоспарланған күннен 3 (үш) күн бұрын табыс етеді. Мәтіндер басылып, кандидаттың немесе сенім білдірген адамның өз қолдары қойылып, электрондық түрде (флэш-карта, диск, электрондық пошта) қайталанып берілуі тиіс. Мәтіннің басылған түрі екі данамен, берілген күні мен уақыты, тіркеу нөмірі көрсетіліп, табыс етіледі. Редакция қызметкері оны қабылдап алғаны жөнінде белгі қояды: мәтіннің екі данасына да қабылданған күнін, уақытын көрсетеді, қабылдап алушының лауазымы мен тегі жазылады. Мәтіннің бір данасы редакцияда қалдырылады, екіншісі оны берген адамға қайтарылады. Мазмұндары «Қазақстан Республикасы сайлау туралы» конституциялық Заң талаптарына сәйкес келмейтін үгіт материалдары жарияланбайды.
Кандидат, сенім білдірген адам үгіт материалдарының ақысын материал жарияланар күннен үш күн бұрын 100 пайыз төлейді
Сайлауалды және үгіт материалдарды редакцияның мына мекен-жайына ұсынуға (жолдауға) болады: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макин қаласы, Сейфуллина көшесі, 18 Б, тел.: 2-11-63, е-mail: [email protected].
Директор: Аманжолова А.Е.