2026 жылдың 4 қазанына тағайындалған, Ақмола облысы Зеренді ауданының Ақкөл және Күсеп ауылдық округтерінің әкімдерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

    Зеренді ауданының әкімдігі

    Зеренді аудандық сайлау комиссиясының

    2026 жылғы 26 тамыздағы №5/155 қаулысымен бекітілген

    2026 жылдың 4 қазанына тағайындалған, Ақмола облысы Зеренді ауданының Ақкөл және Күсеп ауылдық округтерінің әкімдерінің өкілеттік мерзімініңаяқталуына байланыстысайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

    1. Зеренді ауданының Ақкөл және Күсеп ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын

    2026 жылғы 26 тамыз

    (113-1-б 1-т., 1-т-сы., 2-т.)

    2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -

    2026 жылдың 5 қыркүйегінен кешіктірмей

    (22-б. 2 т.)

    3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

    2026 жылдың 5 қыркүйегінен кешіктірмей

    (13-б. 4-т.)

    4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

    2026 жылдың 10 қыркүйегінен кешіктірмей

    (17-б. 2-т.)

    5. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудан әкімі

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

    2026 жылдың 10 қыркүйегінен кешіктірмей

    (23-б. 5-т.)

    6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

    Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар – өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкім жүргізеді

    Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

    2026 жылдың 27 тамызынан бастап, 2026 жылдың 8 қыркүейегінде сағат 18.00-де жергілікті уақытымен аяқталады

    (113-3-б.)

    7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

    Аудандық сайлау комиссиясы

    (4-б., 113-2-б.)

    8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Әкімдікке кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күнінен бастап

    (14-б. 8-1) т-сы., 31-б.)

    9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

    (113-4-б.)

    10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

    Аудандық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

    Қол қою парақтары тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

    (113-4-б. 8-т. 9-т.)

    11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу ( 2026 жылғы 1 қаңтарға ұсынылған әрбір кандидат үшін 85000 теңге)

    Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар ( ұсынылған әрбір кандидат үшін)

    Кандидат тіркелгенге дейін

    (113-5-б. 2-т.)

    12. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда, ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2026 жылдың 1 тамызы) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну

    Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

    Кандидат тіркелгенге дейін

    (113-5-б. 3-т.)

    13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

    Мемлекеттік кіріс органдары

    Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

    (113-5-б. 3-т.)

    14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

    2026 жылдың 27 тамызынан басталады және 2026 жылдың 13 қыркүйегінде жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

    (113-5-б. 14-т.)

    15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

    (113-5-б. 9-т.)

    16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

    Жергiлiктi атқарушы орган, аудандық сайлау комиссиясы

    Үгіт басталғанға дейін

    2026 жылдың 13 қыркүйегіне дейін

    (28-б. 6-т.)

    17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

    Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

    2026 жылдың 13 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 -ден бастап 2026 жылдың 3 қазанында нөл сағатта аяқталады

    (27-б. 2-т.)

    18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Жергiлiктi атқарушы орган, аудандық сайлау комиссиясы

    Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

    (28-б. 4-т.)

    19. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

    Зеренді ауданының әкімі

    Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

    2026 жылдың 13 қыркүйегіне дейін

    (24-б. 5-т.)

    20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімімен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    Дауысберетінкүнгеон бескүн қалғанда

    2026 жылдың 18 қыркүйегінен бастап

    (26-б. 1-т.)

    21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

    2026 жылдың 23 қыркүйегіне дейін

    (18-б. 5) т-сы., 38-б. 2-т.)

    22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларға жеткізу

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күннен кешікпей

    2026 жылдың 1 қазанынан ерте емес және 2026 жылдың 3 қазанына дейін

    (37-б. 3-т.)

    23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

    2026 жылдың 4 қазанында жергілікті уақыт бойыншасағат 06:00-де

    (40-б. 1-т.)

    24. Дауыс беруді өткізу

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

    (38-б. 1-т.)

    25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-дебасталады

    (18-б. 8) т-сы., 43-б.)

    26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

    (43-б. 8-т.)

    27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

    (113-8-б. 1-т.)

    28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Сайлаудан кейін үш күн мерзімінен кешіктірмей

    2026 жылдың 7 қазанынан кешіктірмей

    (113-10-б. 1-т.)

    29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

    2026 жылдың 10 қазанынан кешіктірмей

    (44-б., 4т., 3т-сы)

    30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

    Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

    2026 жылдың 10 қазанынан кешіктірмей

    (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т.)

    Жүктеу
    Календарный план основных мероприятий по подготовке и проведению выборов акимов Аккольского и Кусепского сельских округов Зерендинского района Акмолинской области в связи с окончанием срока полномочий, назначенных на 4 октября 2026 года
    Календарный план основных мероприятий по подготовке и проведению выборов акимов Аккольского и Кусепского сельских округов Зерендинского района Акмолинской области в связи с окончанием срока полномочий, назначенных на 4 октября 2026 года
    DOCX · 38 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Alpha Wind» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоспарланып отырған қызмет туралы өтініші

    Зеренді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл және Күсеп ауылдық округтерінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

    Ақмола облысы Зерендіауданы Ақкөл және Күсепауылдық округтерініңәкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралыхабарлама 2026 жылғы 8 қыркүйекте сағат 18.00-де Зеренді ауданы Ақкөл және Күсеп ауылдық округтерінің әкімі...

    Зеренді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ереже

    Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімінің ережесі

    Зеренді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлауалды үгіт материалдарына баспа орнын ұсыну төлемі және шарттары туралы ақпарат

    Z-ИНФОРМ» ЖШС ТОО «Z-ИНФОРМ» «Зерделі Зеренді» «Зерен» қоғамдық - саяси газеті общественно-политическая газета Ақмола облысы Акмолинской области Зеренді ауданы Зерендинского района Зеренді с., Тәуелсіздік (Мира) к.65с.З...

    Зеренді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы бұйрық

    Зеренді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    "Зеренді аудан әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

    Зеренді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

    Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары № р/с Елді мекеннің атауы Орналасқан орны Ақкөл ауылдық округі 1. Ақкөл Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімін...

    Зеренді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зеренді ауданы бойынша сайлаушылармен кездесулер өткізілетін орындардың тізбесі

    Зеренді ауданы бойынша сайлаушылармен кездесулер өткізілетін орындардың тізбесі № р/с Елдімекен Нысан және оның орналасқан жері Сыйым-дылығы Меншік иесі/жалға алушы Ақкөл ауылдық округі 1. Ақкөл ауылы Ақкөл ауылының ауы...

    Зеренді ауданының әкімдігіЖарияланды: