Ақмола обысы Жарқайың ауданы Далабай ауылының әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ақпарат
2026 жылғы 18 тамызда сағат 18.00-де Ақмола облысы Жарқайың ауданы Далабай ауылына әкім болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 (100%) – өзін-өзі ұсынды. Орташа бәсекелестік - 3 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 23 тамызда сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Жарқайың аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы