ЖОБА
«Кербұлақ аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 31-185 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Кербұлақ аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Кербұлақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 31-185 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2023 жылдың 24 қаңтардағы № 178194 болып жарияланған) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар осы шешімнің қосымшасына сәйкес енгізіліп жаңа редакцияда баяндалсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызына жүктелсін
Мәслихат төрағасыҚ. Бекиев