Жергілікті атқарушы органдар есебінен білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі облыстық комиссияның жұмысы аяқталды.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін біздің облыста ең көп талап етілетін білім беру бағдарламаларының 6 тобы бойынша барлығы 27 өтінім берілді. Құжаттарды қабылдау 12-17 тамыз аралығында жүзеге асырылды.
Конкурс қорытындысы бойынша 20 талапкер жергілікті атқарушы органдар есебінен білім гранттарына ие болды.
Барлық грант иегерлерін құттықтаймыз! Студенттік өміріңіз қызықты және жемісті болсын! Кәсіби дағдыларды игеруде сәттілік тілейміз!