Семей қаласының 2026 жылғы қаңтар - шілде айларының әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері туралы ақпарат.

    Семей қаласының әкімдігі

    2026 жылдың қаңтар - шілде айларында өнеркәсіп өнімі 271 388,7 млн. теңге көлемінде орындалды. Өсу қарқыны 124,2 %, нақты көлем индексі - 111 % (2025 жылғы қаңтар – шілде айлары - 218 435,0 млн. теңге).

    Жоспар - тапсырма 250 200,3 млн. теңге. Орындалуы 108 % - ды құрады.

    Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 240 778,3 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 124,5 %, НКИ - 105 %, немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңінен 47 381,0 млн. теңгеге артық (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 193 397,3 млн. теңге).

    Жоспар - тапсырма 238 221,5 млн. теңге. Орындалуы 101,1 % - ды құрады.

    Тау - кен өнеркәсібінің көлемі 2 922,7 млн. теңге, өсу қарқыны 114,2 %, нақты көлем индексі - 110 % (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 2 541,5 млн. теңге).

    Жоспар - тапсырма 2 922,7 млн. теңге. Орындалуы 99,3 % - ды құрады.

    Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 9 906 млн. теңгені, өсу қарқыны 139,2 % - ды, нақты көлем индексі 110 % - ды құрады (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 7 118,3 млн. теңге).

    Жоспар - тапсырма 7830,1 млн. теңге. Орындалуы 126,5 % - ды құрады.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 66 664,4 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 101 %, нақты көлем индексі 93,3 % (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 66 034,4 млн. теңге).

    Жоспар - тапсырма 109277,8 млн. теңге. Орындалуы – 61,0 %.

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 50 526,8 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны 116,4 %, нақты көлем индексі – 103,9 % (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 43 395,7 млн. теңге).

    Жоспар - тапсырма 48 500,0 млн. теңге, орындалуы – 105,3 %.

    89 549 шаршы метр тұрғын үй қаңтар - шілде айларында енгізілді, өсу қарқыны 105,2 % (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 85 159,0 шаршы метр).

    Жоспар - тапсырма 49 066,0 шаршы метр, орындалуы – 185,5 %.

    Бөлшек тауар айналымының көлемі 289 526,0 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңінен 42 535,1 млн. теңгеге артық, өсу қарқыны 117,2 %, нақты көлем индексі 106 % (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 246 990,9 млн. теңге).

    Жоспар - тапсырма 280 877,5 млн. теңге, орындалуы - 103,1 %.

    Көтерме сауда айналымының көлемі 195 377,4 млн. теңгені құрады. Өсу қарқыны 110,8 %, нақты көлем индексі - 103 % (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары – 176 312,3 млн. теңге).

    Жоспар - тапсырма 196 059,3 млн. теңге, орындалуы 99,7 %.

    Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 28 227 бірлік, өсу қарқыны 87,3 % немесе 4 047 бірлікке кем (2025 жылғы қаңтар - шілде айлары - 32 324,0 бірлік).

    Жоспар - тапсырма 32 176 бірлік, орындалуы – 87,7 %.

    Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 36 779,2 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінен 28,9 % немесе 14 963,4 млн. теңгеге кем.

    Жоспар - тапсырма 43 572,9 млн. теңге, орындалуы 84,4%.

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 14/82-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Семей қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 14/82-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Семей қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Семей қаласының 2026 жылдың 1 қыркүйегіне шоғырландырылған бюджетінің орындалуы

    Семей қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай облысы Семей қаласының 2026 - 2030 жылдарға арналған инвестициялық жоспары

    Семей қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Семей қаласы әкімі Ә. Н. Қожанбаевтың жеке қабылдауында көтерілген сұрақтар тізбесі

    Семей қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Семей қаласы әкімі Ә. Н. Қожанбаевтың халықпен кездесу барысында көтерілген сұрақтар тізбесі

    Семей қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай облысы Семей қаласының 2026 - 2030 жылдарға арналған даму жоспары

    Семей қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай облысы Семей қаласының 2026 - 2030 жылдарға арналған инвестициялық жоспары

    Семей қаласының әкімдігіЖарияланды: