ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    ·

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
    «Осакаровка ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы

    Осакаровка кенті 20 тамыз 2026 жыл

    Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Осакаровка ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы №17/01 қаулысымен бекітілген Бөлім туралы ережені басшылыққа алады.

    «Осакаровка ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

    1. талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
    2. талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
    3. Талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    «Осакаровка ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ өз қызметін жүзеге асыру барысында басшылыққа алатын нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізілді.

    Бөлім қызметінде заңнаманы сақтау талаптарының бұзылуы және қолданыстағы заңнама нормаларынан ауытқу фактілері анықталған жоқ. Бөлім басшысының барлық шешімдері, тапсырмалары мен іс-қимылдары қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып қабылданады. Бөлім мамандары басшының тапсырмаларын заң талаптарын қатаң сақтай отырып орындайды.

    Жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына кедергі келтіретін нормалар анықталған жоқ. Нормативтік құқықтық актілерді ерікті түрде түсіндіру фактілері орын алған жоқ.

    Мемлекеттік органның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Кадрларды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    1) Кадрларды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау

    Бөлімнің штат саны 3 мемлекеттік қызметшіден тұрады. 2026 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша штат 100 пайызға толық жасақталған.

    Талдау барысында «Осакаровка ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ мемлекеттік қызметшілерінің және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалардың жеке мүдделері арасында қайшылықтар анықталған жоқ.

    Осы кезеңде жұмыстан босату және кадрлардың ауысымдылығы байқалмайды. Лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері анықталған жоқ.

    Жеке және заңды тұлғалардан «Осакаровка ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ қызметкерлерінің қолданыстағы заңнаманы бұзуы, сондай-ақ олардың әрекеттері немесе әрекетсіздігі мәселелері бойынша өтініштер келіп түскен жоқ.

    Барлық өтініштер белгіленген мерзімдерде қаралды. Азаматтардың өтініштері бойынша Бөлім қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

    Бөлімде өтініштерді қарау жұмысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Бөлім қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған жоқ.

    2) Мүдделер қақтығысын реттеу

    Жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

    Тікелей бағыныстылықтағы мемлекеттік қызметшілер арасында туыстық қатынастар анықталған жоқ.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасында қайшылық, яғни жеке мүдделерінің оның лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін жағдайлар анықталған жоқ.

    Мемлекеттік қызметте болуға байланысты белгіленген шектеулер сақталады.

    3) Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру

    Осакаровка ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы №17/01 қаулысымен бекітілген «Осакаровка ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

    5) Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

    2015 жылы Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясы тарапынан бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізілді. Бақылау барысында анықталған барлық бұзушылықтар жойылды.

    Бөлімге қатысты сот актілері шығарылған жоқ. Прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актілері енгізілген жоқ.

    6) Бюджеттік және қаржылық қаражаттарды игеру және бөлу

    Бөлімде екі бюджеттік бағдарлама іске асырылады. Бюджеттік бағдарламалар бойынша игеру көрсеткіші 100 пайызды құрады.

    Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері мемлекеттік сатып алудың бірыңғай порталында электрондық түрде жүзеге асырылады, бұл оларды өткізу барысында туындауы мүмкін тәуекелдерді барынша азайтады.

    Мемлекеттік аудит органдарының камералдық бақылау нәтижелері бойынша сатып алуларды қайта қарау немесе олардың күшін жою фактілері болған жоқ.

    Жеткізушінің тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі шарттан туындайтын міндеттемелері уақтылы әрі сапалы орындалды.

    Салықтар мен өзге де төлемдер уақтылы жүргізіледі.

    Есептер тиісті органдарға (Статистика басқармасына, Мемлекеттік кірістер басқармасына, экономика және қаржы бөліміне) белгіленген тәртіппен ұсынылады. Аталған органдар есептерге талдау және мониторинг жүргізеді.

    «Осакаровка ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджет қаражатын игеру және бөлу рәсімдерін бақылауды жүзеге асырады.

    Барлық есептер тиісті мемлекеттік органдар әзірлеген стандартты нысандар бойынша тапсырылады.

    Бюджеттік және қаржылық қаражаттардың жұмсалуы туралы ақпарат «eGov» веб-порталында, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасында» тұрақты түрде орналастырылады.

    Барлық тауарлар мен қызметтер белгіленген нормативтерге сәйкес қажеттілік негізінде сатып алынады. Шарттар конкурста жеңімпаз деп танылған өнім берушімен жасалады.

    Аффилиирленген компаниялар жоқ. Шарттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелер көзделмеген.

    7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

    Бөлімдегі штаттан тыс қызметкерлер саны 3 бірлікті құрайды.

    Барлық қызметкерлермен еңбек шарттары жасалған, онда еңбек жағдайлары, лауазымдық жалақысы, құқықтары, міндеттері және басқа да талаптар көрсетілген.

    Еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады және екі данада ресімделіп, тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір данасы жұмыскерге беріледі, екінші данасы жұмыс берушіде сақталады.

    Жұмыскердің еңбек шартының данасын алғаны жұмыс берушіде сақталатын еңбек шартының данасына жұмыскердің қол қоюы арқылы расталады.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

    «Осакаровка ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде» ММ мынадай ақпараттық жүйелер орнатылған:

    • ЕДҚЖ – «Облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметі» ақпараттық жүйесін пайдалану туралы есеп;
    • МЦ – «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын мониторингтеу» ақпараттық жүйесін пайдалану туралы есеп;
    • ӨБК – «Өңірлік болжам картасы» ақпараттық жүйесін пайдалану туралы есеп.

    Жыл сайын ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және техникалық қолдау көрсету қызметтеріне шарттар жасалады.

    Өнім берушілердің жұмысы шарттық міндеттемелерге сәйкес сапалы және уақтылы орындалады. Шарттар бойынша қаражаттың игерілуі 100 пайызды құрайды.

    9) Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

    Осакаровка ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы №17/01 қаулысымен бекітілген «Осакаровка ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес Бөлім өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін сақтау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін сақтау бойынша мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жалпы негіздерде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырылады.

    Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жергілікті атқарушы орган жарты жылдыққа қалыптастыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері негізінде жүзеге асырылады.

    Жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

    Бақылау-қадағалау функциялары енгізілген сәттен бастап тұтынушылар тарапынан шағымдардың болмауына байланысты тексерулер жүргізілген жоқ.

    Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екені анықталды. Осыған байланысты тиісті ұсынымдар әзірленді.

    ҰСЫНЫМДАР:

    -қолданыстағы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

    -сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде семинарлар, дөңгелек үстелдер және құқықтық оқыту іс-шараларын өткізудің қолданыстағы тәжірибесін жалғастыру;

    -жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету.

    «Осакаровка ауданының
    кәсіпкерлік және

    өнеркәсіп бөлімі» ММ
    басшысы
    Ш. Омирзакова

    Жүктеу
    АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА о результатах внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности ГУ «Отдел предпринимательства и промышленности Осакаровского района»
    АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА о результатах внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности ГУ «Отдел предпринимательства и промышленности Осакаровского района»
    DOCX · 23 КБ
    Жүктеу