"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидалары
2-тарау. Мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
- Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
- Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге кеңсесі немесе портал арқылы мыналарды жолдайды:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін);
порталға жүгінген жағдайда:
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы талап етеді.
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз тасығышта құжаттарды қабылдағанды растау олардың көшірмесінде күнін, уақытын (сағаты, минуты) көрсете отырып соғылған белгі болып табылады.
- Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде кеңсеге не портал арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдайды, тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
- Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттармен танысады, өтінішке қарар қояды, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.
- Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның орындаушысы 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарастырады және өтінішті арнайы есепке алу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап рәсімдейді.
- Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті арнайы есепке алу туралы хабарламаға не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды.
- Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесін кезекке қою туралы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты тіркейді және нәтижені көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.
- Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
- Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
- Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағының он бірінші және он екінші бөліктерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
- Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
20 (жиырма) минут ішінде. |
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара) цифрландырылған). |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсы; 3) порталда орналастырылған. |
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен не көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат түрінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақының төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді. Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. |
9 |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 6-тармағының төртінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы не бір реттік құпиясөзбен алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "пайдаланушының кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне өтiнiш жасамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші беру үшін олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін олар құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) одан әрі сақтау үшін береді. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік құпиясөз арқылы мобильді қосымшада авторизациядан өтіп, "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау керек. |