Бәйдібек ауданы әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен ауылдық округтың әкімі аппараттарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша 2026 жылғы 14 мамыр мен 26 маусым аралығында жүргізілген талдамалық АНЫҚТАМА

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты

    Бәйдібек ауданыәкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен ауылдық округтың әкімі аппараттарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою,сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

    нәтижелері бойынша 2026 жылғы 14 мамыр мен 26 маусым

    аралығында жүргізілген талдамалық

    АНЫҚТАМА

    Шаян ауылы 26.06.2026 жыл

    Талдаудың негізі:

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14441 болып тіркелген) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығына және Бәйдібек ауданы әкімінің 2026 жылғы 4 мамырдағы №161 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкіміне сәйкес ішкі талдау жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі- ішкі талдау) жүргізілген бақылау объектісінің атауы:Бәйдібек ауданы әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен ауылдық округтердің әкімі аппараттары.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

    1) Нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттардың талаптарын сақтау;

    2) Мемлекеттік функцияларды және өзге де қызметтік міндеттерді орындау барысындағы тәуекелдерді бағалау;

    3) Азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде ашықтық пен заңдылық қағидаттарының сақталуы;

    4) Кадрлық рәсімдерді ұйымдастыру;

    5) Мемлекеттік сатып алу және қаржылық-шаруашылық қызмет саласындағы тәуекелдерді анықтау;

    6) Мүдделер қақтығысын болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері.

    Талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 14 мамырдан 26 маусымға дейінгі кезең.

    Талдаумен қамтылған кезең: 2025 жыл және 2026 жылғы 06 маусым аралығы.

    1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің Ағыбет ауылдық округі әкімі аппараты ММ-і

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталмауы және өзге де бұзушылық тәуекелдерін анықтау.

    «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға 3 (үш) жұмыс күні ішінде (2-кезең) ұсынылған құжаттарды қарап, заңнамада белгіленген тәртіппен өтініш берушіге тиісті жауап ұсынуға міндетті.

    Алайда, Ағыбет елді мекенінің тұрғыны Турсынбеков Өміржан Тәттібекұлының құрылысы бұрыннан салынған объектіге байланысты «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша №KZ28RVX01535992 өтініші 2025 жылғы 7 қарашада «Е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскені анықталды.

    Аталған мемлекеттік қызмет бойынша нәтижені ұсыну мерзімі 2025 жылғы 11 қараша болып белгіленген. Алайда, жергілікті атқарушы орган тарапынан өтініш иесі О.Турсынбековке мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі 2025 жылғы 12 қарашада ұсынылған, яғни белгіленген мерзімнен 1 (бір) жұмыс күні кешіктірілген.

    Осыған байланысты, әкімдік тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталмағаны анықталды. Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне сәйкес келеді.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптары бұзылып, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі негізсіз сақталмаған.

    Мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңнама талаптарының бұзылуы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне әсер етіп, қызмет көрсету процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін фактор ретінде бағаланады.

    Ұсыныс: Ағыбет ауылдық округі әкімі аппараты тарапына анықталған бұзушылықты ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы №301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабының 1-бөлігі талаптарын сақтау мәселелері бойынша құқықтық оқыту жүргізілсін.

    1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің Борлысай ауылдық округі әкімі аппараты ММ-і

    Мемлекеттік мекемелерде азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу тәртібінің бұзылутәуекелдерін анықтау.

    Әкімшілік тексеру барысында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер зерделенді.

    Зерделеу нәтижесінде Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Борлысай ауылдық округі, Ақтас елді мекенінің тұрғыны Жарқынбаев Бейсен Құлдыбайұлының су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесіне қатысты 2025 жылғы 28 қарашада «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы № ҰЖ-2025-04182109 өтініші жолданғаны анықталды.

    Аталған өтініш жергілікті атқарушы органға келіп түскеніне қарамастан, уәкілетті лауазымды тұлғалар тарапынан белгіленген тәртіпте уақытылы тіркелмеген. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіндегі деректерге сәйкес өтініш 2025 жылғы 5 желтоқсанда ғана тіркеуге қабылданған.

    Осылайша, әкімшілік орган өтінішті тіркеу және есепке алу жөніндегі заңнама талаптарын сақтамаған. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 69-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік органдарға келіп түсетін өтініштерді тіркеу және есепке алу белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс. Өтінішті уақытылы тіркемеу оны қарау мерзімінің негізсіз созылуына және өтініш берушінің құқықтарының бұзылуына алып келеді.

    Аталған заң бұзушылық салдарынан әкімшілік рәсімнің заңда белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмеген, бұл мемлекеттік орган қызметінің тиімділігіне теріс әсер етіп, азаматтың өтінішін уақытылы қарау құқығын шектеген.

    Мемлекеттік қызметшілердің өтініштерді тіркеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы азаматтарға негізсіз әкімшілік кедергілер туғызуға және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына ықпал ететін жағдайлар қалыптастырады.

    Ұсыныс: Анықталған кемшіліктердің алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жауапты қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары, атап айтқанда азаматтардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және қарау тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының талаптары бойынша құқықтық оқыту ұйымдастырылсын.

    1. 3. Бәйдібек ауданы әкімдігінің Боралдай ауылдық округі әкімі аппараты ММ-і

    Мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңнама талаптарын сақтамау және әкімшілік рәсімдерді дұрыс қолданбау тәуекелі».

    Әкімшілік тексеру барысында Бәйдібек ауданы әкімдігінің Боралдай ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.

    Тексеру барысында Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 мамырдағы №36 шешімімен азаматша Төлеу Мөлдір Оралқызына Сарыбұлақ елді мекені, Ұлы Дала көшесі №30/3 мекенжайында орналасқан жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысы және өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу мақсатында 1500,0 шаршы метр көлемінде 3 жыл мерзімге қысқа мерзімді уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілгені анықталды.

    Азаматша М.Төлеу 2024 жылғы 19 сәуірде аталған жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы ауыл әкімі аппаратына өтініш берген. Аталған өтініш азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеуге арналған бірыңғай «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 69-бабы талаптарына сәйкес, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жолданымдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен жолданымдар есепке алынуға жатпайды.

    Алайда, әкімшілік тексеру барысында ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан жоғарыда көрсетілген талаптарды ескере отырып, аталған өтінішті мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты жолданым ретінде есепке алмау қажеттілігі болғанына қарамастан, өтініштің тіркеуге алынғаны анықталды.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары талаптарының сақталмау белгілері анықталды. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің негізсіз бұзылуына жол берілген.

    Аталған фактілер мемлекеттік қызмет көрсету процесінде лауазымды тұлғалардың әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығын көрсетеді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін дұрыс қолданбау, өтініштерді қабылдау және қарау барысында белгіленген талаптарды сақтамау мемлекеттік қызметтердің сапасына және заңдылығына кері әсер етуі мүмкін.

    Осыған байланысты, Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық белгілерінің болу ықтималдығы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алу факторлары анықталды.

    Ұсыныс: Боралдай ауылдық округі әкімі аппараты тарапына анықталған бұзушылықты ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі оның ішінде азаматтардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және қарау тәртібі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы №301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын сақтау мәселелері бойынша құқықтық оқыту жүргізілсін.

    1. 4. Бәйдібек ауданы әкімдігінің Шаян ауылдық округі әкімі аппараты ММ-і

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету талаптарын сақтамау тәуекелдерін анықтау.

    Әкімшілік тексеру барысында Бәйдібек ауданы әкімдігінің Шаян ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

    Зерделеу нәтижесінде 2025 жылғы 04 маусымда «Кар-Тел» ЖШС-нан берешек қарызды өтеу мәселесіне қатысты «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы орыс тілінде өтініш келіп түскені анықталды.

    Алайда, Шаян ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан аталған өтінішке 2025 жылғы 13 маусымдағы №ЗТ-2025-01858075 санды хатпен тек мемлекеттік тілде жауап берілген.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушының өтініші қай тілде берілсе, жауап та сол тілде немесе өтініш беруші таңдаған тілде ұсынылуға тиіс.

    ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 11-бабы – «Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі»: «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.»

    Осылайша, өтінішті қарау барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заңнама талаптарының толық сақталмағаны анықталды. Мұндай жағдай өтініш берушінің құқықтарының шектелуіне, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендеуіне және мемлекеттік орган қызметіндегі ашықтық пен заңдылық қағидаттарының бұзылуына алып келеді.

    Аталған факті мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне теріс әсер етіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін факторлар болып табылады.

    Ұсыныс: Шаян ауылдық округі әкімі аппараты тарапына анықталған кемшіліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарын, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, қарау және жауап беру тәртібін сақтау мәселелері бойынша жауапты қызметкерлерге құқықтық оқыту жүргізілсін.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш иесінің өтініш берген тілін сақтау, қызметтік тәртіптің сақталуына тұрақты ішкі бақылау жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейту ұсынылады.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    жүргізгендер:

    Лауазымдық міндеті

    Аты-жөні

    Аудан әкімі аппаратының басшысы,

    топ басшысы

    Ф.Әуен

    Аудан әкімі аппараты мемлекеттік-құқық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің басшысы, хатшы

    Ж.Думшебаев

    Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру- инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесінің басшысы

    А.Әлен

    Аудан әкімінің көмекшісі

    Б.Тұрлыбеков

    Аудан әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімшесінің басшысы

    Б.Күмісбеков

    Аудан әкімі аппараты өтініштердің қаралуын бақылау және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы

    Ө.Сарыпбеков

    Аудан әкімі аппараты өтініштердің қаралуын бақылау және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы

    С.Арыстанбаев

    Жүктеу
    4e1e3d33884ccbfcf182c11c3bd12cdc_original.36487.docx
    DOCX · 36 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Баспасөз аңдатпасы

    Баспасөз аңдатпасы 2026 жылғы қыркүйектің 16 күні сағат 11-00-де, 15-00-де «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ) офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Өткізілетін мекенжайы: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темирбаев к...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады Әр қазақстандықтың зейнетақы жинақтары – тиімді басқаруға болатын қаржылық ресурс. «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салым...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанынеске салады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 01.01.2026 ж...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИП...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 тамызына 28,35 трлн теңгеболды. 12...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98,6% цифрлық форматта жүргізілді «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңға...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИПБ-ға БЕРУ

    ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИПБ-ға БЕРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын 100% инвестициялық портфельді басқарушы...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялықсипаттамасыжәне болашаққа болжамдар 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны шамамен 20,5 млн адамға жетті. Оның ішінде 25 жасқа дейінгі аз...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: