Шымкент қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы

    Шымкент қаласының әкімдігі

    Р/с

    Құрылым

    дық элемент

    Қолданыстағы редакция

    Ұсынылып отырған редакция

    Негізі

    1.

    шешімнің 1-қосымшасы

    жаңа редакцияда

    Шымкент қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары

    1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шымкент қаласында тұратын, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

    кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

    коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

    мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

    Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

    2. Тұрғын үй көмегін тағайындау (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет) «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

    3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушімен «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының 3-тарауында белгіленген тәртіпте есептеледі (бұдан әрі – Қағидалар).

    4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының бес пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

    5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

    1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары – пәтерде бір адамға он текше метр;

    тұрғын үйді жылытуға жеке тұрғын үйдің тұтынушылары үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары – бір шаршы метрге он текше метр;

    2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

    3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

    бір адамға – үш текше метр суық су;

    бір адамға – бір текше метр ыстық су;

    4) есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары – айына бір шаршы метрге нөл бүтін жиырма бес мың гигакалория;

    "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 34) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі бекітетін бір шаршы метр үшін есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

    5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару):

    көппәтерлі тұрғын үйде тұратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – бір адамға үш жүз жетпіс сегіз теңге;

    жеке тұрғын үйде тұратындар көрсетілетін қызметті алушылар үшін – бір адамға төрт жүз он үш теңге;

    6) лифттерге қызмет көрсету – бір пәтерге бір мың теңге;

    7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері – бір абонент үшін бір мың бір жүз тоқсан тоғыз теңге;

    8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге – бір шаршы метр үшін алпыс теңге құрайтын шығыстар;

    9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы – бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңге;

    10) бір адамға арналған шаршы нормасы – бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ нақты алынатын алаңнан аспайды, жалғыз тұратын адам үшін – отыз шаршы метрден аспайды.

    6. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

    7. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тікелей «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

    8. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету Қағидалардың 2-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

    9. Мемлекеттік қызмет тиісті қаржы жылына арналған Шымкент қаласының бюджетінде осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде көрсетіледі.

    10. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды көрсетілетін қызметті алушының жеке шоттарына аудару арқылы екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

    11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қағидалардың 5-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

    Шымкент қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары

    1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шымкент қаласында тұратын, жалғыз тұрғынжай немесе оның бөлектері ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

    ағымдағы және жинақтау жарналарын;

    коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

    мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

    Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

    2. Тұрғын үй көмегін тағайындау (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет) «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

    3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушімен «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының 3-тарауында белгіленген тәртіпте есептеледі (бұдан әрі – Қағидалар).

    4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының бес пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

    5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

    1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары – пәтерде бір адамға он текше метр;

    тұрғын үйді жылытуға жеке тұрғын үйдің тұтынушылары үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары – бір шаршы метрге он текше метр;

    2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

    3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

    бір адамға – үш текше метр суық су;

    бір адамға – бір текше метр ыстық су;

    4) есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары – айына бір шаршы метрге нөл бүтін жиырма бес мың гигакалория;

    "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 34) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі бекітетін бір шаршы метр үшін есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

    5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару):

    көппәтерлі тұрғын үйде тұратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – бір адамға үш жүз жетпіс сегіз теңге;

    жеке тұрғын үйде тұратындар көрсетілетін қызметті алушылар үшін – бір адамға төрт жүз он үш теңге;

    6) лифттерге қызмет көрсету – бір пәтерге бір мың теңге;

    7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері – бір абонент үшін бір мың бір жүз тоқсан тоғыз теңге;

    8) ағымдағы жарналар – бір шаршы метр үшін жүз теңге;

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-1-бабының 3-тармағына сәйкес жинақтау жарналары;

    9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы – бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңге;

    10) бір адамға арналған шаршы нормасы – бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ нақты алынатын алаңнан аспайды, жалғыз тұратын адам үшін – отыз шаршы метрден аспайды.

    6. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушылар ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналарға арналған ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі.

    7. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе «цифрлық үкіметтің» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

    8. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету Қағидалардың 2-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

    9. Мемлекеттік қызмет тиісті қаржы жылына арналған Шымкент қаласының бюджетінде осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде көрсетіледі.

    10. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды көрсетілетін қызметті алушының жеке шоттарына аудару арқылы екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

    11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қағидалардың 5-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

    «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 33763 болып тіркелген.) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 345 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.

    Осыған байланысты нормативтік құқықтық актіні сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді.

    Жүктеу
    рус
    рус
    DOCX · 31 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылғы Шымкент қаласы әкімінің халықпен көшпелі кездесуінің күнтізбесі

    2026 жылғы Шымкент қаласы әкімінің халықпен көшпелі кездесуінің күнтізбесі Еңбекші ауданы 1 Ұлағат шағын ауданы, №150 мектептің автотұрағы Сағат 10.00 14.09.2026 ж. 2 Цементшілер шағын ауданы, Алдияров көшесі, «Ордабасы...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шымкент қаласын...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама паспортының жоспарлы кезеңі

    Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларына 4-қосымша __________________ нысан Бюджеттік бағдарлама паспорты Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды және атауы: Жоспарлы кезең 2026-2028 жылдарға Бюджеттік бағ...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттары бойынша жиынтық ақпарат.

    Бюджеттік сұранымды жасау,ұсыну, қарау қағидаларына3-қосымша __________________ нысан Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар паспорттары туралы агрегирленген жиынтық ақпарат 121 Шымкент қаласы әкімін...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы ақпараты

    № р/с Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

    Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 571 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: «Шымкент...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласының әкімдігі 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасы

    Шымкент қаласының әкімдігі 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасы Шымкент қаласының әкімдігі 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен батырларының...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Общественного совета города Шымкента на 2026 год ПЛАН РАБОТЫ

    № Талқыланатын тақырып атауы Ұйымдастырушылар Жауапты мем.орган басшылары Күні/ уақыты/өтетін орны Ақпан айы 1. - Абай ауданы әкімінің есебі; - Ағымдағы жағдайда Шымкент қаласындағы табиғи монополиялар субъектілерін тар...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды: