Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    Отырар ауданы әкімінің аппараты

    Отырар аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясының

    2026 жылғы 19 тамыздағы

    №10 қаулысына қосымша

    Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің

    сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

    КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    1. Шәуілдір ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    2026 жылғы 19 тамыз (113-1 б.)

    2. Сайлау округінің тізімін, шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

    2026 жылдың 29 тамыздан кешіктірмей (22-б.2-т)

    3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

    2026 жылдың 29 тамыздан кешіктірмей (13-б. 4-т.)

    4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

    2026 жылдың 3 қыркүйектен кешіктірмей (17-б. 2-т.)

    5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудан әкімі

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

    2026 жылдың 3 қыркүйектен дейін (23-б. 5-т.)

    6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

    Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

    Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. ( 20.08.2026 ж. басталады – 01.09.2026 ж., сағат 18.00-де аяқталады)

    (113-3-б. 5-т.)

    7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау үшін жинақталған құжаттарды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық департаментке ұсыну

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (113-2-б.)

    8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

    (14-б. 8-1) т., 31-б.2-т)

    9. Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.)

    10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы рәсімдеу

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

    Қол қою парақтары аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.)

    11. Отырар ауданы әкімі аппаратының шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

    Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) (113-5-б. 2-т.)

    12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

    Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

    2026 жылдың 1 тамызына (250 нысан) (113-5-б. 3-т.)

    13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

    Мемлекеттік кіріс органдары

    Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

    (113-5-б. 3-т.)

    14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады ( 06.09.2026 ж. сағат 18.00-ге дейін)

    (113-5-б. 14-т.)

    15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

    (113-5-б. 9-т.)

    16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

    Аудан әкімдігі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Үгіт басталғанға дейін

    (28-б. 6-т.)

    17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

    Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

    2026 жылғы 06 қыркүйек сағат 18:00-де басталады және 2026 жылғы 26 қыркүйек сағат 00:00-де аяқталады

    (27-б. 2-т.)

    18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудан әкімдігі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)

    19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша аудан әкімі қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну

    Аудан әкімі

    Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

    2026 жылдың 7 қыркүйекке дейін (24-б. 5-т.)

    20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

    2026 жылдың 12 қыркүйектен бастап (26-б. 1-т.)

    21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

    2026 жылдың 17 қыркүйектен кешіктірмей

    (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

    22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын – 2026 жылғы 24 қыркүйектен ерте емес
    26 қыркүйектен кеш емес (37-б. 3-т.)

    23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.)

    24. Дауыс беруді өткізу

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.)

    25. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (43-б.)

    26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)

    27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.)

    28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

    2026 жылдың 30 қыркүйектен кешіктірмей (113-10-б.)

    29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

    2026 жылдың 3 қазаннан кешіктірмей (44-б. 4-т.)

    30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәліктер беру

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

    Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

    2026 жылдың 3 қазаннан кешіктірмей

    (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т.)

    Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

    Жүктеу
    d49f4a8fda05f26a38b2fe52630598c2_original.28453.docx
    DOCX · 28 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылдың 27 қыркүйекте өтетін Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің сайлауына саяси партиялардан, өзін-өзі ұсынған кандидаттардың және сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесі және өтетін орындары

    С О О Б Щ Е Н И Е Отырарской районной территориальной комиссии Графики место проведения встречи с избирателями кандидатов от политических партий, самовыдвиженцев и доверенных лиц на выборах акимаШаульдерскогосельского...

    Отырар ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттарды ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (2026 жылдың 27 қыркүйектегі сайлау)

    Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттарды ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (2026 жылдың 27 қыркүйектегі сайлау) 2026 жылғы 06 қыркүйектегі сағат 18.00-дегі жағдай бойынш...

    Отырар ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу кезеңінде кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Отырар ауданыШәуілдір ауылдық округі әкімініңсайлауынөткізу кезеңінде кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі Шәуілдір ауылы, Орталық стадион а...

    Отырар ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОТЫРАР АУДАНЫ БАЛТАКӨЛ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛУ СХЕМАСЫ (ТҮЗЕТУ)»

    «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОТЫРАР АУДАНЫ БАЛТАКӨЛ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛУ СХЕМАСЫ (ТҮЗЕТУ)»

    Отырар ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ХАБАРЛАМА

    2026 жылғы27қыркүйекке тағайындалған Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ХАБАРЛАМА №520 Шәуілдір сайлау учаскесі Орталығы: Отырар ауданыны...

    Отырар ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы

    Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы Орналасқан жері: Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы№23, Отырар ауданы әкімдігінің аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары...

    Отырар ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімінің сайлауы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан мекен жайы

    2026 жылғы27қыркүйекке тағайындалғанТүркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімінің сайлауы бойыншаучаскелік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан мекен жайы № Тегі, аты, әкесінің аты Туылған кезі (к...

    Отырар ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/42 қаулысына 16-қосымша Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамыз Дауыс беру кез келген уақытта аяқталу...

    Отырар ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: