Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
№9 19 тамыз 2026 жыл
Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық
округі әкімінің сайлауы бойынша
сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14- бабының 6- тармақшасы, 21- бабының 4- тармағы, 22- бабы негізінде Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Отырар ауданының Шәуілдір ауылдық округі әкімін сайлау үшін Шәуілдір ауылдық округінің шекарасы аумағында Шәуілдір сайлау округі құрылсын.
- Шәуілдір сайлау округінің шекарасын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Отырар алқабы» газетінде жариялансын.
Төраға Н. Жубаев
Хатшы Ұ. Серікбай