«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі

    Мемлекеттік қызметтің атауы: «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

    Көрсетілетін қызметті алушылар: Жеке тұлғалар.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуші: Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері.

    Мемлекеттік қызметті алу тәсілі: Мемлекеттік қызмет «цифрлық үкімет» веб-порталы (eGov.kz) арқылы электрондық түрде көрсетіледі.

    Қызмет көрсету тәртібі

    Көрсетілетін қызметті алушы:

    1. eGov.kz порталына авторизациядан өтеді;
    2. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін таңдайды;
    3. электрондық өтінішті толтырады;
    4. қажетті құжаттарды ұсынады;
    5. өтінішке электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қояды.

    Қызмет көрсетуші ұсынылған мәліметтерді тексеріп, көрсетілетін қызметті алушының деректерін жер учаскесін алуға кезектілік тізіміне енгізеді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 20 минут ішінде.

    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

    Өтінішті қарау нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының eGov.kz порталындағы жеке кабинетіне:

    - арнайы есепке қою туралы хабарлама; немесе

    - мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап жіберіледі.

    Бас тарту негіздері:

    Қажетті құжаттар толық ұсынылмаған немесе олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.

    Шағымдану тәртібі:

    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне немесе әрекетсіздігіне белгіленген тәртіппен шағым беруге болады.

    Көрсетілетін қызметті беруші шағымды 5 жұмыс күні ішінде, ал мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган 15 жұмыс күні ішінде қарайды.

    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық түрде жолданады.

    Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

    «Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерінуақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Аудан бюджетінің атқарылуы бойынша 2026 жылдың 1 қыркүйегіне ЕСЕБІ

    Аудан бюджетінің атқарылуы бойынша 2026 жылдың 1 қыркүйегіне ЕСЕБІ

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы» біліктілік санатын алу үшін қандай құжаттар жинақтау қажет?

    «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы» біліктілік санатын алу үшін қандай құжаттар жинақтау қажет?

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын қалай өзгертуге болады?

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын қалай өзгертуге болады?

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру үшін орындарды және маршруттарды бөлу» мемлекеттік қызметі

    «Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру үшін орындарды және маршруттарды бөлу» мемлекеттік қызметі

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Қағида

    «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі туралы

    «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі туралы

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігіЖарияланды: