Арқалық қаласы әкімдігі қаулысының жобасы
Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, 18-бабының 2) тармақшасына, 81-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 84, 85, 96-баптарына сәйкес, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 19), 20), 21) тармақашаларын және 6 – тарауын басшылыққа ала отырып, Арқалық қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Әуежайды пайдалану және қызмет көрсету үшін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты "Томирис-ZH" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2021 жылғы 19 шілдедегі № 60 жер учаскесін жалға алу туралы шартқа сәйкес уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығында тиесілі, ауданы 7,8829 гектар, кадастрлық нөмірі 12-282-080-151 жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі уәкілетті органы болып белгіленсін.
- «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер учаскесінің және өзге де жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ өтелуге жататын залалдардың мөлшерін айқындау үшін қажетті іс-шараларды жүргізсін.
- «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны қабылдаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде, атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
- Уәкілетті орган:
1) осы қаулы жарияланғанынан кейін үш күнтізбелік күнінен кешіктірмей жер пайдаланушыға жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама пошта жөнелтушіні
2
алғаны туралы хабарламаны міндетті түрде ала отырып, пошта арқылы жіберсін;
2) Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Арқалық қаласының тіркеу және жер кадастры жөніндегі бөлімінде жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны заңды талап ретінде тіркесін;
3) мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құнын бағалау нәтижелері бойынша он жұмыс күні ішінде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарттың жобасын почта жөнелтімін тапсыру туралы хабарламаны міндетті түрде ала отырып, почта арқылы меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға дайындасын және жіберсін;
4) Арқалық қалалық мәслихатына меншік иесінен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыдан шарт жобасымен келісу туралы жазбаша өтініш алған сәттен бастап бір ай ішінде жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарттың жобасы ұсынсын.
- «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарт жасасын.
- Жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жер пайдаланушы мемлекет мұқтажы жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап бір жыл ішінде, бірақ осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап кемінде үш айдан кейін жүзеге асырылсын.
- Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және өзге де жылжымайтын мүлікті алып қоюға байланысты шығыстарды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
- Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, 524-кабинет мекенжайындағы «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер учаскесін жер пайдаланушының келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін өтініш берген жері болып белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қаласының әкімі Ә. Асанов