Өрт сөндіруші-құтқарушы-10C-SV-13 санатына сәйкес.
Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: өрттерді сөндіру және төтенше жағдайларды жою кезінде арнайы жұмыстарды жүзеге асыру, адамдарды құтқару және материалдық құндылықтарды эвакуациялау бойынша жұмыстарды жүргізу, жауынгерлік кезекшілік кезеңінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша қағидаларды сақтау, бөлімше мүлкін таза және тұрақты әзірлікте ұстау, өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдықты, жеке жарақты, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, мотоциклге техникалық қызмет көрсетуді уақтылы орындау; Өрт-техникалық; жабдықты пайдалану қағидаларын сақтау, өрт мотоциклдерін пайдалану бойынша негізгі пайдалану-техникалық құжаттарды ресімдеу.
Негізгі талаптар: жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, толық орта білім міндетті.
Іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар электронды нұсқасы;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, (нотариалды куәландырылған);
4) нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
9) нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;
10) нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
11) спорттық разрядтың болуын растайтын құжат(бар болса).
Құжаттарды толық ұсынбау және дұрыс емес ақпарат көрсету оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Іріктеуге қатысушылардың құжаттары қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Байзақов көшесі 300, анықтама үшін: 8 (727) 274-25-13, e-mail: [email protected], [email protected] мекен-жайында (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің кадр және тәрбие жұмысы басқармасы) жергілікті сағатпен 09.00- ден бастап 18.30 дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады.