Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    Шу ауданының әкімдігі

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне [1] енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтеді. Енді салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.

    Жаңашылдықтардың мақсаты – ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен табыстылық тарихы бар ИПБ-ны таңдау арқылы жинақтарды басқарудың ұзақ мерзімді кірістілігін арттыру.

    Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшылары, сондай-ақ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ЕЗЖ аударылатын жеке тұлғалар сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін өз бетінше айқындауға, бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдауға мүмкіндік алады.

    Таңдау мүмкіндігі арта түседі

    Заңнамаға сәйкес әрбір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, инвестициялар құрылымы және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін (консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары) ұсына алады. Үш түрлі портфельдің болуы инвестицияларды салымшының жасына және жеке мүдделеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Ал жинақтарды бірнеше ИПБ арасында бөлу құқығы олардың табыстылығының ауытқуына тәуелділікті азайтады.

    ИПБ-ның инвестициялық портфельдерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) айқындайды.

    [1] ҚР Әлеуметтік кодексінің 37-1 бабы, 4-тармағы

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде
    Жүктеу
    60c43196f5f3d738cebdc90eed8e0624_original.70937.docx
    DOCX · 69 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Онлайн марафон

    Сыни ойлау мен шығармашылық ЖИ дәуіріндегі басты құндылыққа айналады PhD, профессор, жасанды интеллект саласындағы әлемнің үздік 100 әйелінің қатарына енген Тамара Жұқабаева онлайн-марафон алаңында ЖИ дәуіріндегі адам қа...

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беру күні азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеру сервисін ұйымдастыру бойынша Жамбыл облысындағы сайлау учаскелері мен учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері туралы ақпарат. Қысқаша сипаттама

    № п/п Наименование области/города республиканского значения № ИУ Населенный пункт (город, село) Адрес избирательного участка (улица, № дома) Наименование объекта (школа, дом культуры, гос.учреждение и т.д.) 1 2 3 4 5 6 1...

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Басқару нысандары мүлік меншік иелерінің бірлестігі,тікелей бірлескен басқару (көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы)

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Дауыс беру учаскесін қалай табуға болады?»

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/1035722?lang=kk Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес...

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Кесте

    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына тіркелген саяси партиялардың Шу ауданының сайлаушыларымен кездесу кестелері (2026 жылдың 24 шілде – 2026 жылдың 21 тамыз аралығы)

    ҚР Құрылтай сайлауы Саяси партия атауы шілде 24 жұма 27 дүйсенбі 28 сейсенбі 29 сәрсенбі 30 бейсенбі 31 жұма «Әділет» партиясы Ауылдық клуб Қонаев ауылы, Абылайхан көшесі №84 Сиымдылығы 200 орын Сағ:10-00 №40 орта мекте...

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Сыбайлас жемқорлық

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті

    Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті 2026 жылғы 20 шілдеде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚ...

    Шу ауданының әкімдігіЖарияланды: