Аршалы аудандық мәслихатының
2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 46/3 «2026-2030 жылдарға арналған
Аршалы ауданының даму жоспарын
бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 46/3 «2026-2030 жылдарға арналған Аршалы ауданының даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 5-бөлім осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев