Қамысты аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 171 «Қамысты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ·

    Қамысты аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 171 «Қамысты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мәслихаттың «Қамысты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 171 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10186-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешім қосымшасының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай немесе оның бөлектері ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

    ағымдағы және жинақтау жарналарын;

    коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

    мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

    Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.»;

    көрсетілген шешім қосымшасының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

    Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.»;

    көрсетілген шешім қосымшасының 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігіне орай оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес өткен тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күнінен бастап мемлекеттік корпорацияға немесе «цифрлық үкімет» веб-порталына жүгінеді.

    «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.»;

    көрсетілген шешім қосымшасының 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушылар ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналарға арналған ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі.

    Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.».

    1. «Қамысты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Қамысты аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

    1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
    Жүктеу
    f2b2ac9cde011e462fc6825e7fe2c126_original.24845.docx
    DOCX · 24 КБ
    Жүктеу
    1897224724ef428a83634b44c6844372_original.22969.docx
    DOCX · 22 КБ
    Жүктеу
    782ba22d826f70f2edb454e2dbe8fb45_original.23551.docx
    DOCX · 23 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қамысты ауданының учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарламасы

    Қамысты ауданының учаскелік сайлау комисссияларының хабарламасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары сайлау...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қамысты ауданы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлар тізбесі

    ТІЗБЕ Қамыстыауданы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлар № Қала/аудан Нысанжәне оның орналасқан жері Сыйымдылығы Меншік иесі/жалға алушы Жалдаусомасы Ескерту 1. Қамысты ауданы, Алтынсарин ауылы Мәдениет ү...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қамысты ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

    Қамысты ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар № р/с Елді мекеннің атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1 Адаевка ауылы Школьная көшесі ("Содружество-98" жауапкерш...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қамысты аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы баспасөз - релизі

    Қамысты аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 6 айындағы Этика

    Г. Е. Серікбаеваның Баяндамасы "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" ММ "Қамысты ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің 2026 жылғы 6 айдағы қызметтік әдепті сақтауын бақылау және мониторингілеу барысында Әдеп жөнінд...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

    Қамысты ауданы әкімінің хабарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау тағайындалуына байланысты жә...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау комиссияларының құрамы

    Қамысты ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау таға...

    Жарияланды:
    Жоба

    Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 402 «Қамысты ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 402 «Қамысты ауданының 2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жарияланды: