Оның мақсаты – жай ғана көмек көрсету емес, отбасыларға өз табыстарын арттыруға және қиын өмірлік жағдайлардан шығуға жағдай жасау. Бүгінгі таңда ауданда 10 ауылы мен ауылдық округінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ.
Атаулы әлеуметтік көмекті ұзақ уақыт бойы алу себептерін талдау көрсеткендей, оның ең үлкен үлесін мыналар құрайды:
Атаулы әлеуметтік көмекті ұзақ уақыт бойы алу себептерін талдау көрсеткендей, оны алушылардың басым бөлігін мынадай отбасылар құрайды:
- толық емес отбасылар
- көп балалы отбасылар
- балаға алимент алмайтын отбасылар
- ата-ананың бірі үш жасқа дейінгі баланы күтіп отырған отбасылар
- құрамында жұмысқа орналасу мүмкіндігін шектейтін мүгедектігі бар адамдар бар отбасылар
Әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмысты жалғастырудың негізгі бағыттары мыналар болып қала береді:
- атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға көрсетілетін атаулы қолдауды күшейту;
- халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру.