Мақтаарал ауданының Атакент кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

    Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты

    Мақтаарал аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясының

    2026 жылғы 12 тамыздағы

    №8 қаулысына қосымша

    Мақтаарал ауданының Атакент кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

    1. Атакент кенті әкімі сайлауын тағайындау

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    (113-1-б.)

    2. Сайлау округінің тізімін, шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2026 жылдың 22 тамызынан кешіктірмей

    (22-б.2-т)

    3. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2026 жылдың 22 тамызынан кешіктірмей

    (13-б. 4-т.)

    4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей -

    2026 жылдың 27 тамызынан кешіктірмей

    (17-б. 2-т.)

    5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудан әкімі

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде - 2026 жылдың 27 тамызынан кешіктірмей

    (23-б. 5-т.)

    6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

    Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

    Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. ( 13.08.2026 ж. басталады – 25.08.2026 ж., сағат 18.00-де аяқталады)

    (113-3-б. 5-т.)

    7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау үшін жинақталған құжаттарды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық департаментке ұсыну

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    (113-2-б.)

    8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

    (14-б. 8-1) т., 31-б.2-т)

    9. Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

    (113-4-б.)

    10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

    Қол қою парақтары аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

    (113-4-б. 8-т.)

    11. Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы 2026 жылдың 1 қаңтарындағы қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

    Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

    (113-5-б. 2-т.)

    12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

    Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

    (113-5-б. 3-т.)

    13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

    Мемлекеттік кіріс органдары

    Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

    (113-5-б. 3-т.)

    14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (30.08.2026 ж. сағат 18.00-ге дейін)

    (113-5-б.)

    15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

    (113-5-б. 9-т.)

    16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

    Аудан әкімдігі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Үгіт басталғанға дейін

    (28-б. 6-т.)

    17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

    Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

    (27-б. 2-т.)

    18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудан әкімдігі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

    (28-б. 4-т.)

    19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша аудан әкімі қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну

    Аудан әкімі

    Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын - 2026 жылғы 30 тамыз

    (24-б. 5-т.)

    20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда - 2026 жылғы 4 қыркүйектен бастап

    (26-б. 1-т.)

    21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 9 қыркүйектен кешіктірмей

    (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

    22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын – 2026 жылғы 17 қыркүйектен ерте емес 19 қыркүйектен кеш емес

    (37-б. 3-т.)

    23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

    Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

    (40-б. 1-т.)

    24. Дауыс беруді өткізу

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

    (38-б. 1-т.)

    25. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

    (43-б.)

    26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

    (43-б. 8-т.)

    27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

    (113-8-б. 1-т.)

    28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

    (113-10-б.)

    29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

    (44-б.)

    30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

    Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

    (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

    Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    "Мақтаарал ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

    "Мақтаарал ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

    Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Қаулы

    Мақтаарал ауданының Атакент кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы

    Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №8 ҚАУЛЫСЫ Мырзакент кенті 2026 жылғы 12 тамыз Мақтаарал ауданының Атакент кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Констит...

    Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Қаулы

    Мақтаарал ауданының Атакент кенті әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

    Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 7 ҚАУЛЫСЫ Мырзакент кенті 2026 жылғы 12 тамыз Мақтаарал ауданының Атакент кенті әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау т...

    Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

    Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98%-дан астамы цифрлық форматта жүргізілді

    Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

    Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2014 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары үшін 11,15 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс алынды

    Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: