Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

    Хабарландыру

    жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі – ҚАЖ комитеті) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218 бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.

    Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

    ІІМ-нің 2025 жылғы 28 шілдедегі № 556 бұйрығына сәйкес ҚАЖ комитетінің номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер «Документолог» жүйесі арқылы үлгіге сәйкес баянат және қалыптастырылған қызметтік тізімді ІІМ ҚАЖ көмитеті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

    Жоспардан тыс аттестаттауға мына қызметкерлер жіберілмейді:

    1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ҚР ІІМ-нің2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығы).

    ІІМ ҚАЖ комитеті номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:

    - ІІМ ҚАЖ комитеті Орталық аппаратына C-SV-8 санаты;

    - Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аумақтық бөліністеріне C-SGU-5 санаты;

    2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;

    3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқан қызметкерлер жіберілмейді.

    Сұрақтар туындаған жағдайда ІІМ ҚАЖ комитеті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына хабарласуға болады, каб. № 9, 31, анықтама телефондары 8 (7172) 72-30-27, 72-30-93, электрондық мекенжай [email protected].

    Ескертпе:жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

    ІІМ ҚАЖ комитеті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы

    ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті

    төрағасының бірінші орынбасары

    әділет полковнигі

    Н.Қ. Рыспаев мырзаға

    Баянат

    Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттауға жіберуіңізді сұраймын.

    ____________________

    (лауазымы, атағы, Т. А. Ә., қолы)

    Жүктеу
    078e2158268ec9d36366c663ead4d662_original.26177.docx
    DOCX · 26 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Декларация

    РГП "ЕҢБЕК" каталог 2026 год

    Ақпарат

    Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығының 2026 жылғы шілде айына арналған жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    БЕКІТЕМІН ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары- Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы әділет полковнигі ___________________ А. Қайырбеков​ 2026жылғы «____» ________________ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшыл...