Сарқан ауданының Конкурсқа шығарылатын, ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскелерінің тізімі

    Ескелді ауданының әкімдігі

    Конкурсқа шығарылатын, ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскелерінің тізімі

    Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жариялау туралы хабарлама

    Жетісу облысы, Сарқан ауданы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы негізінде, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды:

    Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді (конкурстық ұсыныс) қабылдау, жарияланғанан соң 15 күнтізбелік күннен кейін, 10 жұмыс күні ішінде, 24 тамыздан -04 қыркүйек аралығында қабылданады. Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тынышбаев көшесі № 8, Сарқан ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне табыс етеді.

    Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдаудың (конкурстық құжаттаманы) соңғы мерзімі: 2026 жылдың 04 қыркүйек 18 сағат 30 минутқа дейін.

    Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2026 жылдың 7 қыркүйек айының 10 сағат 00 минутта мына-мекен жайда ашылады: Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі №111, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

    1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

    2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

    3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

    4) конкурстық ұсыныс;

    5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

    Конкурстық ұсыныста мынадай құжаттар болуы қажет:

    Аквашаруашылықты жүргізу үшін жер учаскесін беруді қоспағанда, конкурстық ұсыныста:

    1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

    2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

    3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылады.";

    Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

    Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

    Сонымен қатар, Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

    Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

    Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және "

    жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

    Қосымша ақпарат пен анықтама алу үшін (72839) 2-16-72, 2-17-93 телефон арқылы хабарласуға болады.

    Жүктеу
    193a3f2479c9dc48143031a6def21047_original.25514.docx
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    НҚА жобасы

    Ескелді ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді қоспағанда) тарифтерді бекіту туралы

    Ескелді ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді қоспағанда) тарифтерді бекіту туралы

    Ескелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    НҚА жобасы

    Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің аумағындағы ауылдық көлік қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

    Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің аумағындағы ауылдық көлік қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

    Ескелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    НҚА жобасы

    Ескелді ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Ескелді ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер ту...

    Ескелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі

    Кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі

    Ескелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Жетісу облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы

    Жетісу облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы

    Ескелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жариялау туралы хабарлама

    Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жариялау туралы хабарлама Жетісу облысы, Ескелді ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер кодексін...

    Ескелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Құрметті Ескелді ауданының тұрғындары!

    Құрметті Ескелді ауданының тұрғындары! Сіздердің назарларыңызға Ескелді ауданы әкімдігінің «Ескелді ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын,...

    Ескелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылы 17 тамыздағы Сарқан ауданының аумағында аквашаруашылық жүргізу мақсатындағы бос жер учаскелеріне конкурсқа шығарылып, жеңімпаздары анықталған хаттамалық шешім

    2026 жылы 17 тамыздағы Сарқан ауданының аумағында аквашаруашылық жүргізу мақсатындағы бос жер учаскелеріне конкурсқа шығарылып, жеңімпаздары анықталған хаттамалық шешім

    Ескелді ауданының әкімдігіЖарияланды: