Қазақстанда бала тууына байланысты қандай жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға болады
Бала дүниеге келгеннен кейін қазақстандық отбасылар мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға құқылы. Бала туған кезде қандай жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға болатыны және оларды тағайындауға өтінішті қалай беру керектігі туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалында айтып берді.