Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты

    Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелген

    инвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты

    Қазақстандықтардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады.

    ҚРҰБ-ның міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың мамырынан бастап 2026 жылдың сәуіріне дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,00 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 8,57% болды. Осы уақыт аралығында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс 108,19 млрд теңгені құрады, кірістілік 17,49%.

    Еске сала кетейік, сенімгерлік басқарушылар валюталар, елдер, экономиканың секторлары мен эмитенттер бойынша әртараптандырылған түрлі қаржы құралдарына инвестиция сала отырып, теңгерімді инвестициялық саясат жүргізеді. Инвестициялық кіріс бірнеше көзден қалыптасады: бағалы қағаздар бойынша сыйақы (депозиттер мен өзге де операциялардан түсетін кірістер), қаржы құралдарының нарықтық және валюталық қайта бағалануы, сыртқы басқаруға берілген активтердің нәтижелері және басқа да факторлар есебінен. Осылайша, инвестициялық кірістің көлемі бірқатар жағдайларға тәуелді: портфельдегі қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, валюта бағамдарының ауытқуына, инфляция деңгейіне, дивидендтер төленуіне және өзге де ықпал ететін факторларға. Әр кезеңде табыстылық өсіп те, төмендеп те отыруы мүмкін, бұл өз кезегінде салымшылардың жалпы зейнетақы жинақтарының көлеміне әсер етеді. Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің төмендеуінің негізгі себебі — теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы салдарынан туындаған валюталық активтердің теріс бағамдық қайта бағалануы. Атап айтқанда, АҚШ долларының бағамы 505,53 теңгеден 462,91 теңгеге дейін төмендеді.

    Қаржы нарығының құбылмалылығына қарамастан, орта және ұзақ мерзімді перспективада оң инвестициялық кіріс және зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 979,41% инфляция кезінде 1 060,20% құрады.

    2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған, ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық кіріс – 10,21 трлн теңге. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі – жүргізілген төлемдер есебімен 39,7% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтары құрылымындағы маңыздылығының айғағы.

    Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Кірістілік деңгейі қаржы құралдарының, валюта бағамдарының және кезеңнен кезеңге дейінгі өзге де көрсеткіштердің нарықтық құнының құбылмалылығына байланысты екенін атап өту маңызды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн.

    Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы.

    Ұзақ мерзімді кезеңде зейнетақы активтерін сақтауға және олардың оң кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚРҰБ-ның неғұрлым консервативті басқаруымен салыстырғанда, ИПБ-ның инвестициялық декларациялары мен реттеушінің талаптары зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру үшін ИПБ-ға кең инвестициялық мүмкіндіктер береді (бұл ретте ИПБ-ның тәуекелдері де жоғары).

    Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

    БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтында "статистика және талдау/зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде жарияланады ( https://www.enpf.kz/kz/).

    Жүктеу
    eb5336c252d3a623b53424f95e893cb3_original.64732.docx
    DOCX · 63 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Ақтөбе ауылдық округінің әкімі болуға тіркелген кандидаттар туралы ХАБАР

    Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданыАқтөбе ауылдық округініңәкіміболуғатіркелген кандидаттар туралы ХАБАР Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының...

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ақтөбе ауылдық округініңәкіміне кандидаттарды ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (2026 жылғы 4 қазандағы сайлау) 2026 жылғы 8 қыркүйектегі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша № п/п Тегі...

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Жоспар

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Есеп

    Жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында Сыбайлас жемқорлық картограммасын өзектендіру жөнінде есеп

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарлама

    «Маңғыстау-Медиа» ЖШС-не қарасты қоғамдық-саяси газеттерде қала, аудан және ауыл, ауылдық округ әкімдерінің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған ПРАЙС-ПАРАҒЫ

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушылар саны 2000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауында кандидаттардың сайлау жарнасын енгізу туралы

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабары

    Маңғыстау ауданының аумақтықсайлау комиссиясының хабары Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Шетпе ауылы, Орталық ш.а, «Маңғыстау аудандық мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімі» ММ ғимараты, тел.: 8 7293...

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: