«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына және «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес Сарыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының «Абай ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісінің бос лауазымына конкурс жариялайды.
І. Конкурс өткізілетін күні мен орны:
2026 жылдың 21 тамызы күні, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, «Сарыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
ІІ. Орналасқан орнын, пошталық мекен – жайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, З.Шыраев көшесі №31 үй, индекс: 120416, тел: 8(72438)30205, Сарыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының «Абай ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Мәдениет саласы.
III. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Функционалдық міндеттері:
Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметтеріне қолданыстағы заңдылыққа сәйкес кәсіпорынның шаруашылық және қаржы қызметiне басшылық етеді;
шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
көркемөнерпаз ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
мәдени-тұрмыстық құрал-жабдықтарды жалға беру базаларын, халыққа қызмет көрсететін нысандарды, сондай-ақ үрмелі аспаптар мен эстрадалық оркестрлерді, көркемөнерпаздар ұжымын, әртүрлі секцияларды ұйымдастырады;
білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмек көрсету жұмыстарына тартады;
қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды, көтермелейді, шығармашылық бастамаларын ынталандырады;
кәсіпорынның мүлкiн тиiмдi пайдалану, маман кадрлармен толықтыру, кәсiби бiлiмi мен тәжiрибесiн арттыру жұмыстарын жүргiзедi, моральдық-материалдық ынталандыру шараларын жүзеге асырады;
кәсiпорынның атынан барлық ұйымдарда, мекемелерде жұмыс жүргiзедi, бұйрық шығарады, келiсiм-шартқа отырады,
ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ережелерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет және/немесе білім және/немесе ғылым және/немесе архив ісі және/немесе экономика және/немесе құқық саласында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша.
Білуі тиіс:
- Конституцияны;
- Бюджет кодексін;
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін;
- Еңбек кодексін;
- Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін;
- «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.
Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына және «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- мемлекеттік тілде өзі туралы түйіндеме;
- еркін нысанда жазылған өмірбаян;
- білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
- еңбек кітапшасының көшірмесі (ол болған кезде) немесе жеке еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және одан босатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
- денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар мен дәрежелер беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан кепілдеме және т.с) беруіне болады.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде, яғни 2026 жылдың 11 тамызынан бастап 2026 жылдың 19 тамызы аралығы talapker.e-qazyna.kz электронды мекен-жайы арқылы қабылданады.
«Сарыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
конкурстық комиссиясы