Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу кестесіне сәйкес, 2026 жылдың II жартыжылдығына 146 бақылау және қадағалау объектісін тексеру жоспарланған.
Шілде айында 16 объектіде тексеру жүргізілді, оның ішінде 11 объектіде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 2 076 000 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы 5 нұсқама берілді.
2026 жылдың II жартыжылдығына барумен профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес 47 тексеру жоспарланған. Ағымдағы жылдың шілде айында 3 тексеру жүргізіліп, оның барлығында (3 объектіде) бұзушылықтар анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 3 нұсқама беріліп, жедел ден қою шараларын (ЖДШ) қолдану туралы 2 қаулы шығарылды.
Жыл басынан бері 197 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде 87 тексеру мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін объектілерге бұзушылықтарды жою туралы 49 нұсқама берілді, сот органдарына 7 материал жолданды, жалпы сомасы 12 055 937 теңге болатын 41 әкімшілік айыппұл салынды, жедел ден қою шараларын (ЖДШ) қолдану туралы 17 қаулы шығарылды.
Бармай профилактикалық бақылаумен 3 482 бақылаудағы объекті қамтылды, оның нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде 333 ұсыным берілді.
365 тергеп-тексеру жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы 18 қаулы, жедел ден қою шараларын (ЖДШ) қолдану туралы 97 қаулы шығарылды, сондай-ақ жалпы сомасы 919 062 теңге болатын 13 әкімшілік айыппұл салынды.