2022 жылдың бірінші жартыжылдығында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы ақпарат

    ·

    АҚПАРАТ

    2022 жылдың бірінші жартыжылдығында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

    «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, сондай-ақ кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген жағдайда әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына» сәйкес, 2022 жылы көтерме жәрдемақы мөлшері 100 АЕК, яғни 306,3 мың теңге, ал бюджеттік кредит мөлшері 1500 АЕК, яғни 4 594,5 мың теңге болып белгіленді.

    2022 жылға ауылдық жерге келген мамандарға 55 адамға жалпы сомасы 16 846,5 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеу және 41 маманға тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 188 374,5 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит беру жоспарланған.

    2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 26 маманға жалпы сомасы 7 999,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде:

    * білім беру саласында – 15 адамға 4 594,5 мың теңге;

    * денсаулық сақтау саласында – 6 адамға 1 849,5 мың теңге;

    * спорт саласында – 1 маманға 306,3 мың теңге;

    * агроөнеркәсіптік кешен саласында – 2 маманға 624,3 мың теңге;

    * мемлекеттік қызметшілерге – 2 адамға 624,3 мың теңге төленді.

    Тұрғын үй сатып алуға арналған бюджеттік кредиттер бойынша 6 маманның өтінімі мақұлданып, жалпы сомасы 27 567,0 мың теңге көлемінде қаржыландыру Аграрлық несие корпорациясы арқылы қарастырылды. Қазіргі уақытта құжаттар рәсімдеу сатысында.

    Сонымен қатар, мамандардың бюджеттік кредиттерді өтеуі өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Аграрлық несие корпорациясының 2022 жылғы 11 шілдедегі деректеріне сәйкес, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған мамандардың жалпы санының 25%-ын құрайтын 63 қарыз алушының жалпы сомасы 5 046,5 мың теңге мерзімі өткен берешегі бар.

    Қазіргі уақытта 4 қарыз алушыға қатысты материалдар сотқа жолдау үшін дайындалуда. Кредиттік берешектің туындауына жол бермеу мақсатында аудандық экономика және қаржы бөлімінің мамандары мен Аграрлық несие корпорациясы тарапынан тұрақты түрде түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілуде.

    Жүктеу
    5d92e12fb2bf9a7ac919f96a9f4004f8_original.20676.docx
    DOCX · 20 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    2026 жылғы қаңтар-маусым айлары бойынша Қарағанды облысы Нұра ауданының әлеуметтік -экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Перечень востребованных специальностей по Нуринскому району за II квартал 2026 года

    Жарияланды:
    Қағида

    Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы

    Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы. ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 31-баптан қараңыз....

    Жарияланды:
    Нәтижелер

    2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындысы

    Жарияланды:
    Нәтижелер

    2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындысы

    Жарияланды:
    Нәтижелер

    2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындысы

    Жарияланды:
    Есеп

    2023 жылға "Дипломмен ауылға"бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша ақпарат

    "Дипломмен ауылға"бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша ақпарат "Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік...

    Жарияланды:
    Есеп

    2022 жылдың қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы ақпарат

    2022 жылдың қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы АҚПАРАТ «Нұра ауданының экономика...

    Жарияланды: