Қазақстандықтар ХҚКО-ларда 1,5 миллионнан астам төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеді

    Теректі ауданы әкімдігі

    Қазақстандықтар ХҚКО-ларда 1,5 миллионнан астам төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеді

    Жеке куәлік пен төлқұжат алу – қазақстандықтар арасында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Жыл сайын миллиондаған азамат осы құжаттарды рәсімдеу үшін ХҚКО-ларға жүгінеді. Қызметті тез әрі еш қиындықсыз алу үшін рәсімдеу тәртібін алдын ала білген жөн.

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтарға 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен төлқұжат берілді. Ең жоғары сұраныс дәстүрлі түрде демалыс пен саяхат маусымына тұспа-тұс келіп, маусым айында 269 мыңнан астам құжат рәсімделді. Төлқұжат пен жеке куәлікті ХҚКО-да тез әрі ыңғайлы рәсімдеу үшін нені білу қажет?

    Төлқұжат рәсімдеу

    Төлқұжатты тіркелген жеріңізге қарамастан, Қазақстанның кез келген ХҚКО-сында рәсімдеуге болады, өйткені қызмет экстерриториялық қағидат бойынша көрсетіледі.

    Төлқұжатты алғаш рет алу үшін жеке куәлікті ұсыну жеткілікті. Егер төлқұжаттың жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын болса, оны алдын ала ауыстырған жөн. Бұл ретте төлқұжатты уақытында ауыстырмағаны немесе оның жарамдылық мерзімі өтіп кеткені үшін айыппұл қарастырылмаған. Қызметті оператор арқылы немесе құжаттандыру терминалы арқылы алуға болады.

    Төлқұжат рәсімдеу кезінде кәмелетке толған азаматтар 36 немесе 48 беттен тұратын төлқұжатты таңдай алады. 36 беттік төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 34 600 теңге, ал 48 беттік төлқұжат үшін – 51 900 теңге. 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік төлқұжаттың құны – 17 300 теңге.

    Төлқұжатты дайындаудың стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Қажет болған жағдайда жеделдетілген рәсімдеу қызметін пайдалануға болады. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында төлқұжатты 1, 3 немесе 7 жұмыс күні ішінде жедел рәсімдеу мүмкіндігі бар. Облыс орталықтарында жедел рәсімдеу мерзімі 3 жұмыс күні, ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда 7 жұмыс күнін құрайды. Өтініш берілген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

    Жеделдетілген рәсімдеу қызметі қолданыстағы тарифтерге сәйкес қосымша ақыға көрсетіледі.

    Балаға төлқұжат рәсімдеу үшін оның туу туралы куәлігі, ата-анасының бірінің жеке куәлігі және мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қажет. Өтініш берген кезде ата-анасының бірінің қатысуы міндетті

    Жеке куәлік рәсімдеу

    Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі 16 жасқа толған кезде рәсімделеді.

    Жеке куәлікті алғаш рет алған кезде және оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж алынбайды. Ал құжат жоғалған жағдайда мемлекеттік баж мөлшері 865 теңгені құрайды.

    Қажет болған жағдайда жеке куәлікті де жеделдетілген тәртіппен рәсімдеуге болады. Ол үшін қолданыстағы жеделдік санаттарының бірін таңдауға болады.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

    Теректі ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады

    Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады. Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жина...

    Теректі ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

    Теректі ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы ІІІ тоқсанға арналған жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылығымен Азаматтарды қабылдау орталықтарында азаматтарды қабылдаудың кестесі

    Теректі ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауын өткізу Теректі ауданының сайлау учаскелерінің дауыс беру өткізілетін орны мен уақыты туралы ХАБАРЛАМА

    Теректі ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы I жартыжылдығындағы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

    Теректі ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы ІI тоқсандағы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

    Теректі ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

    БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың зейнетақы жинақтарыменне болмақ? Олардың сақталуына кепілдік беріле ме? Бұл кепілдік немен қамтамасыз етіледі? Әл...

    Теректі ауданы әкімдігіЖарияланды: