№ 233-НҚ от 12.05.2026
Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы
1-тармағының 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) 3-тармағының
9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін және Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту орталығын жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
- Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуы Комитеттің жетекшілік ететін төраға орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: Фармацевтикалық инспекторат және интеграциялау басқармасының 2026 жылғы 12 мамырдағы №№ -0/27805-ВН қызметтік хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитеті төрағасыБ. Жүсіпов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитеті міндетін
атқарушысының 2026 жылғы _
___ мамырдағы № _____
бұйрығына қосымша
Тоқтатыла тұруға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі
№ п/п |
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Дәрілік заттың атауы |
Өндіруші, ел |
1 |
ҚР-ДЗ-0№026673 |
Динаф® |
ЛеКос, Қазақстан |
2 |
ҚР-ДЗ-0№026630 |
ЛЕВОМИЦЕТИН-ОПТИ® |
ЛеКос, Қазақстан |
3 |
ҚР-ДЗ-0№026629 |
ЛЕВОМИЦЕТИН-ОПТИ® |
ЛеКос, Қазақстан |
4 |
ҚР-ДЗ-0№025936 |
ДЕКСАМЕТАЗОН |
ЛеКос, Қазақстан |
5 |
ҚР-ДЗ-5№024949 |
НЕОДЕКС® |
ЛеКос, Қазақстан |
6 |
ҚР-ДЗ-5№023938 |
РИНОЗОЛ-ФОРТЕ® |
ЛеКос, Қазақстан |
7 |
ҚР-ДЗ-5№023937 |
РИНОЗОЛ® |
ЛеКос, Қазақстан |
8 |
ҚР-ДЗ-5№023095 |
Доспрей® |
ЛеКос, Қазақстан |
9 |
ҚР-ДЗ-3№020389 |
Носпрей® |
ЛеКос, Қазақстан |
10 |
ҚР-ДЗ-3№020388 |
Носпрей® |
ЛеКос, Қазақстан |
11 |
ҚР-ДЗ-3№019965 |
Тауфон® |
ЛеКос, Қазақстан |
12 |
ҚР-ДЗ-5№013677 |
Аллергокет® |
ЛеКос, Қазақстан |
13 |
ҚР-ДЗ-5№015115 |
Назаксил® |
ЛеКос, Қазақстан |
14 |
ҚР-ДЗ-5№015114 |
Назаксил® |
ЛеКос, Қазақстан |
15 |
ҚР-ДЗ-5№014018 |
Назаксил® |
ЛеКос, Қазақстан |
16 |
ҚР-ДЗ-5№014017 |
Назаксил® |
ЛеКос, Қазақстан |
17 |
ҚР-ДЗ-5№006521 |
Лакрима® |
ЛеКос, Қазақстан |
18 |
ҚР-ДЗ-5№016593 |
Оксиназин® |
ЛеКос, Қазақстан |
19 |
ҚР-ДЗ-5№016592 |
Оксиназин® |
ЛеКос, Қазақстан |
20 |
ҚР-ДЗ-5№016591 |
Оксиназин® |
ЛеКос, Қазақстан |
21 |
ҚР-ДЗ-5№015660 |
РИНОЗОЛ-ФОРТЕ® |
ЛеКос, Қазақстан |
22 |
ҚР-ДЗ-5№015659 |
РИНОЗОЛ® |
ЛеКос, Қазақстан |
23 |
ҚР-ДЗ-5№015583 |
АЛЛЕРГОНАФ® |
ЛеКос, Қазақстан |
24 |
ҚР-ДЗ-5№012479 |
ТИММАЛ® |
ЛеКос, Қазақстан |
25 |
ҚР-ДЗ-5№012478 |
ТИММАЛ® |
ЛеКос, Қазақстан |
26 |
ҚР-ДЗ-5№009628 |
Отипол® |
ЛеКос, Қазақстан |
27 |
ҚР-ДЗ-5№003746 |
Визор® |
ЛеКос, Қазақстан |
28 |
ҚР-ДЗ-5№002171 |
Аллергостоп® |
ЛеКос, Қазақстан |
29 |
ҚР-ДЗ-5№002169 |
Аллергостоп® |
ЛеКос, Қазақстан |
Согласовано
12.05.2026 18:21 Ануарбеков Жанибек Досболович
12.05.2026 18:22 Ордабекова Жанара Капешевна
12.05.2026 18:35 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич
12.05.2026 19:01 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы
Подписано
12.05.2026 19:02 Джусипов Бауыржан Алишерович
ишерович