«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыретіне азаматтық авиация, көлік, автомобиль жолдары саласындағы 66 мемлекеттік қызметтер кіреді.
2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен 203 467 қызметтер көрсетілді . Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын мониторингілеу шеңберінде Министрлікте мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің 2 бұзушылығы анықталды. Бұзушылықтар үшін жауапты қызметкерлерге қатысты тәртіптік сипаттағы 1 шара қабылданды.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 5-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.
2012 жылдың 1 сәуірінен бастап Министрліктің құзыретіне кіретін барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша халыққа консультациялық қолдау көрсететін бірыңғай Call - орталық (1414) жұмыс жасайды.
Министрліктің құзыретіне кіретін 66 мемлекеттік қызметтің 61 электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі, бұл Министрлікпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 92,4% құрайды. Қалған 5 мемлекеттік қызметтерді Министрлік қағаз түрінде көрсетіледі.
66 мемлекеттік қызметтердің 7 мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі.
Министрліктің мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты барлық мәселелер бойынша мемлекеттік қызметті алушыларға Министрліктің Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментіне +7(7172) 98-33-34 телефоны бойынша немесе
Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекен-жайы бойынша жүгінуге болады.