Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 167 «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Бейімбет Майлин аудандық мәслихаты

    Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы

    № 167 «Бейімбет Майлин ауданы

    мәслихатының аппараты»

    мемлекеттік мекемесінің

    ережесін бекіту туралы»

    шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік орган туралы үлгі ережесіне сәйкес аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №167 «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Көрсетілген шешіммен бекітілген «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан мәслихатының төрағасы Б. Ахметов

    Мәслихаттың

    2026 жылғы «___» ______

    № шешіміне

    қосымша

    Мәслихаттың

    2023 жылғы «16» қаңтардағы

    № 167

    шешімімен бекітілген

    «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының

    аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі

    1. Жалпы ережелер
    1. «Бейімбет Майлин аудан мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихатының аппараты) ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырушы, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
    3. Мәслихатының аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    4. Мәслихатының аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    5. Мәслихатының аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    6. Мәслихатының аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    8. Мәслихатының аппараты құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60.
    10. Осы Ереже мәслихатының аппараты құрылтай құжаты болып табылады.
    11. Мәслихатының аппараты қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
    12. Мәслихатының аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
    1. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
    1. Міндеттері: аудан мәслихаты мен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
    2. Өкілеттіктер:

    1) құқықтар:

    жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәмілелер жасауға;

    мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларға қатысу;

    мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

    мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына шығарылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға тарту;

    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

    2) міндеттері:

    мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін өзге де іс-шараларға материалдар дайындауды қамтамасыз ету;

    өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

    1. Функциялар:

    мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссиялардың, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттардың қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

    мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

    мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат пен оның органдарының қарауына шығарылатын өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;

    депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету;

    мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

    мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

    мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және мәслихаттың қызметі туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;

    мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды мұрағаттық сақтау;

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ мәслихатқа келіп түсетін петицияларды қарауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратында кадр жұмысын ұйымдастыру;

    мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    аппарат құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін және мәслихат қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету;

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

    1. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
    1. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.
    2. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
    3. Мәслихат аппараты басшысының орынбасары болмайды.
    4. Мәслихат аппаратының басшысы:
    5. Мәслихат аппаратының басшысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    6. Мәслихат аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    1. Мемлекеттік органның мүлкі
    1. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

    Мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
    2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
    1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
    1. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    Жүктеу
    99a34ba5fdf7894d1b07b529419217bb_original.23428.docx
    DOCX · 23 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Баспасөз-хабарлама

    Баспасөз хабарламасы «Мәслихаттың 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 197 «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасына қатысты

    Баспасөз хабарламасы «Мәслихаттың 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 197 «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бе...

    НҚА жобасы

    Мәслихаттың 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 197 «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жоба Мәслихаттың 2025жылғы29 қыркүйектегі№197«Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне...

    Баспасөз-хабарлама

    «"Бейімбет Майлин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Бейімбет Майлин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 167 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасына қатысты баспасөз хабарламасы.

    Баспасөз хабарламасы «Бейімбет Майлин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 167 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мә...

    НҚА жобасы

    Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

    Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі б...