Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2025 жылғы есеп

    Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

    2025 жылғы 31.12. деректерімен

    статистикалық есептілікке

    қосымша

    «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

    бөлімі» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есепке

    талдамалық анықтама

    «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

    1. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды/қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» Веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;
    2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы, тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда кент, а/о әкімі арқылы жүзеге асырылады;
    3. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды/қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші, кент, а/о әкімі, «электрондық үкімет» Веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;
    4. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды/қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
    5. Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз/проактивті/ электронды (ішінара автоматтандырылған). Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «жеке кабинетке» жіберіледі.
    6. Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (өтеуші) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз/проактивті. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «жеке кабинетке» жіберіледі.
    7. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз/проактивті/ электронды (ішінара автоматтандырылған). Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «жеке кабинетке» жіберіледі.
    8. Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз/проактивті/ электронды (ішінара автоматтандырылған). Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «жеке кабинетке» жіберіледі.
    9. Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз/проактивті/ электронды (ішінара автоматтандырылған). Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «жеке кабинетке» жіберіледі.
    10. Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз/проактивті. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «жеке кабинетке» жіберіледі.
    11. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды/қағаз (ішінара автоматтандырылған) түрінде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
    12. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды/қағаз (ішінара автоматтандырылған) түрінде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
    13. Тұрғын үй көмегін тағайындау. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» Веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;
    14. Ақталған адамға куәлік беру. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
    15. Тұрғын үй сертификаттарын беру. Көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО болып табылады.Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
    16. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылады. НҚА - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидасы.
    17. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу.
    18. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікті билеуге, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға және сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру.

    2025 жылдың 12 айында 7173 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

    көрсетілетін қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанында көрсетілгендері – 0 мемлекеттік қызмет;

    көрсетілетін қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанында көрсетілген, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін болғандары – 289 мемлекеттік қызмет;

    Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 762 қызмет;

    «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілгендері – 3068 мемлекеттік қызмет;

    көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде көрсетілгендері – 2852 мемлекеттік қызмет;

    көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу жолымен электрондық түрде көрсетілгендері – 202 мемлекеттік қызмет.

    Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары ақпараттық стенділерде және «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ресми сайтында орналастырылған.

    Жүктеу
    bd99244bfa52d0ae134724e64ca57567_original.18909.docx
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    НҚА жобасы

    Инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін кеңейту туралы

    «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 1 қараш...

    НҚА жобасы

    Теміртау қаласы әкімдігінің «Инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін кеңейту туралы» қаулы жобасына түсіндірме жазба

    Мемлекеттік әзірлеуші ​​органның атауы. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар...

    НҚА жобасы

    Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қа...

    НҚА жобасы

    Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін...

    НҚА жобасы

    Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 «Әлеуметтік көмек көрсетудің,оның мөлшерлерін белгілеудің жәнемұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»Теміртау қалалық мәслихаты шешімінің жобасына жобасына салыстырмалы кесте

    № Құрылымдық элемент Бастапқы редакция Жаңа редакция Негіздеме 1 Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары 1-тарау. Жалпы е...

    Ереже

    Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайласжемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығы.Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 31 на...

    Жоспар

    «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    № п/п Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ұсынымдар Іс-шара Аяқталу нысаны Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі 1 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздерін нақтылау жөнінде ұсыным ха...

    Құжат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада №...