Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысы бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Исабаев
Облыс әкімдігінің 2026 жылғы
«___»_____________________
№______қаулысына қосымша
Жетісу облысы бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі
№ |
Балық шаруашылығы су айдындарының атауы |
Орналасқан жері |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. |
Шошқалы Тереңкөл Жасылкөл Қоржынкөл Сапи Белое Қисықкөл Сарыкөл Бестерек көлдері Таукекөл Бибақан – 1 Бибақан – 2 Алтынкөл |
Алакөл ауданы |
14. 15. 16. 17. 18. 19. 20. 21. 22. 23. 24. 25. 26. 27. 28. 29. 30. 31 |
Баклан көлі Құрақсу көлдерінің жүйесі Тұщы Рай көлдері Телібай көлдері Сарыкөл Клинковое Құлынды көлдерінің жүйесі Табынды көлдерінің жүйесі Үшкөл көлдері Целинное көлі Қоқышкөл Тораңғы Үйреккөл Птичье Ақтөбе Тастөбе Қызылағаш Ақкөл |
Ақсу ауданы |
32. |
Алтынкөл |
Ескелді ауданы |
33. 34. 35. 36. 37. |
Беріктас Шаған Көксай Сайлыкөл Күйіктұма |
Кербұлақ ауданы |
38. 39. 40. 41. 42. 43. |
Қаңбақты Ащысу Келте Ащыкөл Қарабас су жайылымдары Тұйықсу |
Қаратал ауданы |
44. 45. 46. 47. 48. 49. 50. 51. 52. |
Алтынкөл Дубчункөл Сарыкөл Жидекөл Құндызды Малая Подкова Большая Подкова Өсек Жолманды |
Панфилов ауданы |
53. 54. 55. 56. |
Алтай көлдері Тазакөл Жақан - 1 Жақан – 2 |
Сарқан ауданы |
57. |
Омаров |
Талдықорған қаласы |