Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
- 2026-2028 жылдарға арналған «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 36/534 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5 240 045,1 мың теңге,
салықтық түсімдер - 2 735 284,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер -25 726 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 7 432 мың теңге;
арнайы түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 2 471 602,6 мың теңге;
2) шығындар - 5 195 420,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 10 645,6 мың теңге,
соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 51 900 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 62 545,6 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге:
соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін
сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 55 270,6 мың теңге;
6) мұнайға қатысты емес
тапшылықы (бюджеттің профицит - 55 270,6 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын
қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 55 270,6 мың теңге;
қарыздар түсімі - 51 900 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 240 211,6 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын
қалдықтары - 133 041 мың теңге.»;
7-тармақтың 12), 15) тармақшалары алып тасталсын;
7-1 тармақшалары алып тасталсын;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
- Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.